Қарапайым құжаттарды жасауға арналған бағдарлама
Қызылорда қаласы, №197 қазақ орта мектебі
Информатика пәнінің мұғалімі: Абдрахманова Айгерім Сағатбекқызы
Үй тапсырмасы: WordPad — мәтінді редакциялау және пішімдеу (қаріп, абзац)
WordPad: мәтінді редакциялау және пішімдеу
1) WordPad мәтіндік редакторын іске қосу жолы
Пуск → Программы → Стандартные → WordPad
2) Қарапайым құжаттарды жасауға арналған бағдарлама
Қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға арналған бағдарлама — WordPad.
3) WordPad қолданбасы терезесінің негізгі элементтері
- Тақырып жолы
- Мәзір (Menu) жолы
- Құрал-саймандар тақтасы
- Пішімдеу тақтасы
- Сызғыш
- Терезенің жұмыс аймағы
4) Мәтінді пішімдеу дегеніміз не?
Мәтінмен жұмыс істегенде символдар мен әріптердің сыртқы көрінісін өзгертуге болады: жартылай қою, курсив, асты сызылған түрлерін қолдану, сондай-ақ мәтінді беттің шеттері бойынша тегістеу.
Осындай өзгерістер енгізу процесі мәтінді пішімдеу деп аталады.
5) WordPad бағдарламасында құжатты сақтау жолы
Файл → Сохранить как
Калькулятор бағдарламасы және оның мүмкіндіктері
Атауының шығу төркіні
Калькулятор сөзі латынның calculator — «санағыш» деген сөзінен шыққан.
Анықтамасы
Калькулятор — сандармен немесе алгебралық формулалармен амалдар орындауға арналған электрондық есептеу құрылғысы.
Калькулятор тарихынан
1963 жылы Англияда жалпы қолданыстағы алғашқы ANITA MK VIII калькуляторы шығарыла бастады. Ол газоразрядты шамдарда жұмыс істеді.
1974 жылы Кеңес Одағында алғашқы қалта калькуляторы — «Электроника Б3–04» шығарыла бастады. Бұл құрылғымен нақты сандарға арналған қарапайым арифметикалық амалдарды орындап, тұрақтыларды пайдалану арқылы есептеулер жүргізуге болатын.
Оны жасауға 27 адамнан тұратын топ қатысып, жұмысқа 9 ай жұмсаған.
Калькулятордың негізгі ерекшелігі — сұйық кристалды индикатор және жоғары дәрежеде шоғырланған мамандандырылған микросызбаларды қолдануы.