Ыбырай атаның шашуы

Ашық сабақ (Ана тілі, 3-сынып)

Сабақтың тақырыбы

«Сәулелі жұлдыз іздеген адам»

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Негізгі бағыт

Оқу, ойлау, талдау және шығармашылықты дамыту

Сабақтың мақсаты

  1. 1

    Ә. Сәрсенбаевтың «Сәулелі жұлдыз іздеген адам» шығармасымен таныстыру; Ыбырай Алтынсариннің өмірі, еңбегі, қалдырған өнегелі жолы мен шығармашылық мұрасын оқушыларға таныту.

  2. 2

    Көркем шығарманы оқыту арқылы ойлау дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін дамыту; сөздік қорын, есте сақтау қабілетін арттыру.

  3. 3

    Оқуға, білімге деген құштарлықты күшейту; өткен мен бүгіннің жақсы-жаманын саралап, қорытынды шығара білуге тәрбиелеу.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер

Оқушының белсенді қатысуына бағытталған әдістер жиынтығы:

Түсіндіру Талдау – жинақтау Сұрақ-жауап Топтау Салыстыра сипаттау Ой қозғау Рөлдік оқу Үш қадамды сұхбат Нобайлау Қайта қарау «Автор орындығы»

Сабақтың өзегі

Сабақ құрылымы оқушының ойлануына, салыстыруына және жеке пікір айтуына жағдай жасайды.

  • Өткен тақырыпты шығармашылықпен қайталау
  • Жаңа мәтінді бөлімдерге бөліп оқу және талдау
  • Зерттеу, пікірталас, жобалық жұмыс элементтері
  • Қорытындыны өлең, эссе, сурет арқылы бекіту

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

«Елес жетелеу» тапсырмасы

  • Сабаққа дейінгі көңіл күйің қандай болды?
  • Сабаққа келгеннен кейін көңіл күйің қалай өзгерді?
  • Көңіл күйіңе әсер еткен фактор қандай?

2) Үй тапсырмасын тексеру

А) Нобайлау (тақырыптар)

  1. 1Қазақ жерін жаудан қорғаған қазақ батырлары
  2. 2Қанжығалы Бөгенбай
  3. 3Қаракерей Қабанбай
  4. 4Ерлік пен өжеттілік
  5. 5Биіктегі арман

Ә) Қайта қарау

Әр топ өзіне ұнаған тақырыпты таңдап, мазмұнын толықтырып қайта қарайды.

Б) Тақырып таңдау

Қайта қаралған тақырыптардың ішінен бір тақырыпты бекітеді.

В) Интервалмен жазу

Тақырып бойынша интервалдап шағын шығарма жазады.

Г) «Автор орындығы»

Оқушы өз жұмысын «Автор орындығында» отырып дауыстап оқиды.

Тыңдаушылар сұрақ қояды, соңында қол соғып қолдау білдіреді.

Оқу клубы

Ата-ана мен баланың кейіпкерлер туралы пікірін салыстыру.

Өз пікірім

....................................................

Ата-анамның пікірі

....................................................

Сергіту сәті

«Жемістермен ойнау» ойыны арқылы көңіл көтеріп, назарды қайта шоғырландыру.

Алма Қарбыз Жүзім Шабдалы Қара өрік Құлпынай

Жаңа сабақ

Терминдермен болжау

Төмендегі сөздерге сүйене отырып, бүгінгі мәтіннің тақырыбы мен мазмұнын болжау:

  • Педагог
  • Жазушы
  • Ғалым
  • Ақын
  • Мектеп

Кіріспе сұрақтар

Тұлғаларды еске түсіру арқылы жаңа тақырыпқа шығу:

  • Аспан әлемін ойлағанда есіңе кім түседі?
  • Суреттерді тамашалағанда кім/не ойға келеді?
  • Ақындар туралы ойлағанда есіңе кім түседі?
  • «Ұлы педагог» дегенде кім көз алдыңа келеді?

Оқулықпен жұмыс

Автор туралы

Автордың өмірі мен шығармашылық бағытына қысқаша тоқталу.

1) Мәтінді 5 бөлікке бөліп оқу

Оқушылар мәтінді бөлімдер бойынша кезектесіп оқиды.

2) Әр бөлімге ат қою (ұсынылатын атаулар)

  1. 1Мектептің ашылуы
  2. 2Инспектор келді
  3. 3Сәулелі жұлдыз іздеген адам
  4. 4Ыбырай атаның шашуы
  5. 5Ел алғысын алған адам

3) Бөлім бойынша әңгімелеу

Әр топ өз бөлігін қысқаша мазмұндап, негізгі ойды анықтайды.

4) Сөздік жұмыс

Мағынасы түсініксіз сөздерді анықтап, сөйлемде қолдану.

Топпен жұмыс

«Кубизм» әдісі

  1. 1Кейіпкерді суреттеңіз.
  2. 2Мәтіндегі кейіпкер сөздерін/дәйексөздерді қолданыңыз.
  3. 3Салыстырыңыз (өткен тақырыппен, бүгінгі өмірмен).
  4. 4Ол туралы ойлағанда көз алдыңызға не елестейді?
  5. 5Ыбырайды зерттеңіз (еңбегі, мақсаты, нәтижесі).
  6. 6Талқылаңыз: пікірді қолдаңыз немесе қарсы уәж айтыңыз.

Ғылыми жоба элементтері

  1. 1Интервью жүргізу
  2. 2Бақылау жүргізу
  3. 3Эксперимент жасау
  4. 4Зерттеу жұмысы
  5. 5Тұжырым жасау

Талқылау сұрақтары

  1. 1

    Ыбырай заманындағы мектеп пен қазіргі мектептің негізгі айырмашылығы қандай?

  2. 2

    Сол кездегі балалардың арманы қандай болды? Қазіргі балалардың арманымен айырмашылығы бар ма?

  3. 3

    Ыбырайдың арманы бүгінгі күні қалай жүзеге асып жатыр?

  4. 4

    Қазіргі кезде «сәулелі жұлдыз» іздеушілер бар ма? Олар кімдер деп ойлайсың?

  5. 5

    Өз ұстаздарың туралы әңгімеле.

Сабақты қорытындылау

Шығармашылық жұмыстар

  • «Сезімнен туған өлеңдер»
  • РАФТ
  • Эссе
  • Сурет салу
  • Жалпы қорытынды

РАФТ құрылымы

Р — Рөл

Оқушы

А — Аудитория

Ұстаздар

Ф — Формат

Тілек

Т — Тақырып

Ризашылық

Эссе тақырыбы

«Аяулы ұстазыма»

Өзіме үлгі тұтамын, сізге ұқсағым келеді.

Өлең жолы (ұсыныс)

«Ұстаздарға мың алғыс!»

Сурет салу

«Болашақтың мектебі»

Қорытынды сөз

Сабақ барысында оқушылар Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық жолын танып, білімге ұмтылудың мәнін түсінеді. Негізгі ой — адам өз «сәулелі жұлдызын» білім мен еңбек арқылы табады.

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Сабаққа қатысу белсенділігі, жауап сапасы, топтық жұмыс және шығармашылық тапсырмалар негізінде бағаланады.

Үйге тапсырма

  • Ыбырайдың бір әңгімесіне пікір (ой) жазып келу.
  • Мәтінді оқып, мазмұнын түсініп келу.