Сөз құрамына талда
Сабақтың тақырыбы: Сөз және оның құрамы
Сабақтың мақсаты
Сөз құрамы туралы білімді еске түсіру; түбір мен қосымшаның айырмашылығын таныту; қосымшаның жұрнақ және жалғау болып бөлінетінін қайталау.
Сабақтың сипаттамасы
- Типі
- Аралас сабақ
- Әдісі
- Сұрақ-жауап, түсіндіру
Көрнекіліктер
- Сөзжұмбақ
- Кесте (таблица)
- Үлестірмелі қағаздар
Өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сынып оқушыларын түгелдеу.
- Үй тапсырмасының орындалуын қадағалау.
II. Ой шақыру (сұрақ-жауап)
Сұрақ
Сөз мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?
Жауап
Тура және ауыспалы мағыналы сөздер; мағынасы қарама-қарсы және мәндес сөздер; көп мағыналы сөздер.
III. Жаңа сабақ
А) Көркем жазу
Ә) Сөздің құрамы
Негізгі тұжырым
Сөздің құрамы екі бөліктен тұрады: түбір және қосымша.
Қосымша түрлері
- Жұрнақ — жаңа сөз тудырады.
- Жалғау — сөздерді байланыстырады.
Ереже (тапсырма бойынша)
Түбір сөзге жалғанатын бөлікті жұрнақ деп атаймыз. Жұрнақ арқылы жаңа сөз жасауға болады.
Б) Жасырылған жұрнақтарды тауып, жазу
Төмендегі сөздерге тиісті жұрнақты жалғап, жаңа сөз құраңыз:
Мысал
балық + ___
Мысал
кітап + ___
Мысал
көз + ___
Мысал
ас + ___
Мысал
ғарышкер + ___
В) Оқулықпен жұмыс
25–28-жаттығуларды орындау.
Г) Карточкамен жұмыс
1-тапсырма
Күләш Байсейітова — «қазақтың бұлбұлы» атанған әнші. Менің апам — өнерпаз.
Қосымшалы сөздерді тауып, сөз құрамына ажыратыңыз.
2-тапсырма
Сөз құрамына талдаңыз:
- оқушы
- оқулық
- суат
- сулық
- сыйлық
- басшы
- жұмысшы
- қойшы
- ойыншық
3-тапсырма
Жұмбақты көшіріп, қосымшалы сөздердің астын сызыңыз. Шешуін табыңыз.
Әрі шешен, әрі әнші, әрі күйші.
Әр үйде бар тапқышым, кәне тапшы.
IV. Бекіту (қайталау сұрақтары)
- Сөз құрамы неден тұрады?
- Қосымша неше түрге бөлінеді?
- Түбір сөзге қосымшаның қайсысы бұрын жалғанады?
- Түбір сөз дегеніміз не?
- Түбірлес сөздер дегеніміз не?
V. Үй тапсырмасы
29-жаттығу.
VI. Бағалау
Оқушылардың тапсырмаларды орындауына, жауаптарының нақтылығы мен белсенділігіне қарай бағалау.