Қар сөзі
Тіл дамыту
Тақырыбы: Қысқы ойын (сурет бойынша әңгіме)
Топ: I кіші топ
Білім беру салалары: Қатынас, Шығармашылық, Таным
Оқу іс-әрекет түрі: Қоршаған ортамен таныстыру
Пән аралық байланыс: Тіл дамыту, құрастыру, көркем әдебиет, ән
Мақсаты
- Сурет бойынша балалардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
- Сөздік қорын байыту; тәрбиешіні тыңдай отырып, өздігінен байланыстыра жауап беруге жетелеу.
- Саусақ моторикасын дамыту.
- Қыс мезгілі және қысқы ойындар туралы түсініктерін бекіту.
- Сабаққа және ойынға қызығушылығын арттыру; әңгімелеу кезінде көркем, бейнелі сөздерді тауып айтуға жаттықтыру.
- Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынас арқылы еңбексүйгіштікке, татулыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Құрал-жабдықтар
- Бейнелі суреттер
- Сиқырлы қар (кейіпкер)
- Аққала
- Ақ бұлттар, қар қиыршықтары (көрнекілік)
Әдіс-тәсілдер
Сабақ барысы (технологиялық карта)
Кезең
Мотивациялық-қозғаушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті
1) Шаттық шеңбері
«Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Баршаңызды құрметтеп,
Бас иеміз біз.»
2) Қыс туралы өлең
Аяз қысып, өрнек сызып,
Терезені торлайды.
Қарға омбығып,
Бет домбығып,
Сырғып жастар ойнайды.
Кейде ұлып, кейде ысқырып,
Ұйытқып боран соғады.
Айтыңдаршы, балалар,
Бұл қай кезде болады?
Балалардың іс-әрекеті
- Шеңбер бойында тұрады, өлеңді мұқият тыңдайды.
- Өлең мазмұны бойынша жыл мезгілін анықтайды.
- Қыс туралы өз ойларын айтады.
Кезең
Іздену-ұйымдастырушы
Тәрбиешінің іс-әрекеті
3) Сұрақтар: қыста қандай өзгерістер болады?
Балалардың жауаптарын толықтырып, бағыттап отырады.
4) Қыс туралы тақпақтарды тыңдау
Балалардың жатқа айтқан өлең-тақпақтарын қабылдайды.
5) Жұмбақ
Қыста ғана болады,
Ұстасаң, қолың тоңады.
Ол не?
6) Қыста киетін киімдер
Қандай киімдер киетінін сұрап, атауларын нақтылап айтады.
7) Сергіту сәті
Ішік, пима, қолғап бар,
Арада жоқ тоңғақтар.
Баста қалың малақай,
Біз тоңбаймыз, алақай!
8) Қысқы ойындар
«Қыста қандай ойындар ойнайсыңдар?» деген сұрақ арқылы диалог жүргізеді.
9) Суретпен жұмыс
Сурет бойынша кейіпкерлерді, әрекеттерді сипаттатқызады.
10) «Қыс» тақырыбындағы қысқа әңгіме
Қыс мезгілі келді. Даланы аппақ қар басты. Балалар балабақша ауласына серуенге шықты. Байбол мен Жансая аққала тұрғызды. Лига мен Ержан шанамен сырғанады. Серуен көңілді өтті.
11) Жұмбақ
Зулап түсіп төменге,
Шықпас менсіз төбеге.
12) «Ғажайып сәт»: сиқырлы қардың келуі
Музыка ойналады. Тәрбиеші: «Балалар, қараңдаршы, ертегілер әлемінен бізге сиқырлы қар келді. Қандай әдемі, аппақ!»
Қардың сөзі
«Менің жиынтығымнан әдемі аққала құрастырсаңдар, сендерге берер сыйлығым мол.»
Тәрбиеші: «Балалар, біз аққала құрастыра аламыз ба? Қардың өтінішін орындайық.»
13) Аққаланы құрастыру және мадақтау
Қар: «Өте әдемі аққала тұрғыздыңдар, рақмет! Әкелген сыйлығымды апайларыңа берейін.»
14) Аққалаға арналған ән
Аула сырты, бақта да
Тұрғызамыз аққала.
Аққаланы айнала
Ойнаймыз біз шаттана.
Аққала, аққала,
Сені жасап мақтанам.
Қорғауменен жүреміз,
Бұздырмастан басқаға.
15) Қорытынды сұрақ-жауап
«Сонымен, біз қыста немен ойнаймыз?»
Балалардың іс-әрекеті
- «Қыста қар жауады, күн суытады» сияқты өзгерістерді атайды.
- Тақпақтарын айтады.
- Жұмбақтардың шешуін табады: қар, шана.
- Қыста киетін киімдерді атайды: қалпақ, тон, қолғап, етік.
- Сергіту сәтінде қимыл-қозғалыстарды орындайды (қолмен көрсету, басын ұстау, шапалақтау).
- Қысқы ойындарды атайды: қардан аққала жасау, шанамен сырғанау.
- Сурет бойынша әңгіме құрастырады, сұрақтарға жауап береді.
- Сиқырлы қарды қуанышпен қарсы алады, аққаланы құрастыруға қатысады.
Кезең
Рефлексивті-коррекциялық
Тәрбиешінің іс-әрекеті
16) Мадақтау және сыйлықты алу
«Өте тамаша! Бүгін сендер жақсы жауап бердіңдер. Енді сиқырлы қардың сыйлығын алайық.»
Қимыл-әрекет: шеңбер бойында тұру, қолды алға созу, қолды кеудеге қою, басты төмен ию.
Балалардың іс-әрекеті
- Сабақ қорытындысын тыңдайды, тәрбиешінің нұсқауын орындайды.
- Сыйлықты қуанышпен қабылдайды.
Күтілетін нәтиже
Білу керек
Қыс мезгілінің ерекшеліктерін білу.
Игеру керек
Қардан аққала құрастыра білу.
Үйрену керек
Сурет бойынша әңгімелей білуді үйрену.