Аяқтың ұшымен жазу
Тақырыбы: 8 саны және цифры
Білім беру саласы: Таным. Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру.
Мақсаты
Білімдік
- 8 саны мен цифрын енгізу.
- 8 санының қалай пайда болатынын түсіндіру.
- 8-ге дейінгі сандарды тура және кері санауға жаттықтыру.
- 8 цифрын тану және дұрыс жазуға үйрету.
Дамытушылық
- Зейін мен есте сақтау қабілетін дамыту.
- Сұраққа нақты жауап беру, ойды жүйелеу дағдыларын жетілдіру.
Тәрбиелік
- Бір-біріне көмектесуге дайын болуға тәрбиелеу.
- Топтық жұмыста ынтымақтастықты қалыптастыру.
Алдын ала жүргізілетін жұмыстар
Қайталау
Өткен сандарды қайталау, 1–7 аралығында тура және кері санау.
Ойлау тапсырмалары
Логикалық есептерді ауызша шығару, сұрақ-жауап арқылы белсендіру.
Әдіс-тәсілдер және қажетті құралдар
Әдіс-тәсілдер
- Көрсету
- Түсіндіру
- Сұрақ-жауап
Көрнекі құралдар
- 0-ден 8-ге дейінгі сандар жиынтығы
- Жұмыс дәптері
- Сандар карточкалары
- Слайдтар
Қостілділік компонент (билингвальный)
Іс-әрекет кезеңдері
1) Қызығушылықты ояту
Шаттық шеңбері
Қайырлы таң, досым,
Қайырлы күн болсын.
Жеті күннің әр кезі,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Жұлдызша болсын.
Балалар шаттық шеңберіне тұрып, өлең жолдарын хормен айтады.
2) Ұйымдастырушылық-ізденіс (қайталау)
Сұрақ-жауап
- Қазір жылдың қай мезгілі? — Қыс.
- Қыс мезгілінде неше ай бар? — 3 ай.
- Қазір қай ай? — Қаңтар.
- Өткен оқу іс-әрекетінде қай санмен таныстық? — 7 санымен.
- Бір аптада неше күн бар? — 7 күн.
- 7 саны туралы тағы не білеміз? — 7 нан (шелпек), 7 ата.
Апта күндерін қайталау
Бірінші күн — дүйсенбі
Екінші күн — сейсенбі
Үшінші күн — сәрсенбі
Төртінші күн — бейсенбі
Бесінші күн — жұма
Алтыншы күн — сенбі
Жетінші күн — жексенбі
Тура санау (1–7)
1 2 3 4 5 6 7
Кері санау (7–1)
7 6 5 4 3 2 1
Бүгін қай күн? — Сәрсенбі (үшінші күн).
Кеше қай күн болды? — Сейсенбі.
Ертең қандай күн болады? — Бейсенбі.
Сәрсенбі күні бәріңізге сәттілік тілейміз!
«Кім жылдам?» ойыны (ауызша)
Аспанда неше ай бар? — 1
Бағдаршамда неше көз бар? — 3
Қонжықтың табаны нешеу? — 4
Адамда неше көз бар? — 2
Қолғапта неше саусақ бар? — 5
Қоянда неше құлақ бар? — 2
Соңғы сұрақ: Аспанда қанша жұлдыз бар? — өте көп (сансыз).
3) Жаңа сабақ: 8 саны
8 санының бейнесі
Қос дөңгелек шеңберден: үлкен шеңбердің үстіне кіші шеңбер жанасқан.
8 санына байланысты қандай мейрам бар? — 8 наурыз.
Дүниедегі ең жақын адам кім? — Ана.
8 саны неге ұқсайды?
- көзілдірікке
- екі тоқашқа
- шамға
- аққалаға
Сандар қатары және орны
Тура санау (1–8)
1 2 3 4 5 6 7 8
8 саны қай саннан кейін келеді? — 7 санынан кейін келеді.
«Көршісін тап» (ауызша)
Берілген санның алдында және кейін қандай сан тұрады?
8 цифрын жазу
- Ауада жазу.
- Аяқтың ұшымен жазу.
- Дәптерде саусақпен жүргізіп, қарындашпен бастырып жазу.
Оқу орталығы: жұмбақ есептер
- Саянда 8 алма болды. Майданға 4 алма берді. Саянда қанша алма қалды?
- Сәлімжан базардан 8 қияр сатып алды. 5 қиярды алғаннан кейін дорбада қанша қияр қалды?
- Айманда 5 алмұрт болды. Әселге 2 алмұрт берді. Айманның қолында қанша алмұрт қалды?
- Бәйгеге жануарлар шықты. Алға 5-еуі шықты. Оған тағы 2-еуі қосылды. Мәреге нешеуі келді?
Шығармашылық орталық
- 8 цифрын бастыру.
- Бояу.
- Қиып алу.
Сергіту сәті
Секіру
Оң аяқпен 8 рет, сол аяқпен 8 рет секіру.
Қол шапалақтау
8 рет қол шапалақтау.
Досыңмен әрекет
8 рет досыңмен алақан соғу (үш тілде санауға болады).
Сурет бойынша есеп құрастыру
Балалар берілген суретке қарап, есептің шартын құрастырады және шешу жолын айтады.
8 санының құрамы
8 санын қалай алуға болады?
4) Бағалау кезеңі
Жұмбақтар
- Сегіз аяқ, сегіз қол — кестелейді, тігеді. Жібектей әсем дөңгелек — ол не? Өрмекші
- Менімен таныс емессің, теңіз түбі — қонысым. Аяғым сегіз, басым бар. Айтшы, кәне, кіммін мен? Сегізаяқ
Бағалау
Балалар жауаптарына қарай мадақталып, жұлдызшалармен бағаланады.
Қысқа қорытынды сұрақтар
- 8 саны қай саннан кейін келеді?
- 8 цифрын қалай дұрыс жазамыз?
- 8 санының құрамын ата.
Күтілетін нәтиже
Біледі
8 саны және 8 цифры.
Игеріп шығады
8 цифрының жазылуы туралы түсінік.
Меңгереді
- 8-ге дейін тура және кері санау
- 8 цифрын тану
- Қағаз бетіне дұрыс бағдарлау