Тік сызықтарды салу

Сабақтың тақырыбы

Paint графикалық редакторының құралдары. Тік сызықтарды салу. Шаршыларды, тікбұрыштарды және дөңгеленген тікбұрыштарды салу. Эллипс пен шеңбер салу. Редакторда практикалық жұмыс орындау.

Сабақтың мақсаты

Білімділік

  • Графикалық редакторда жұмыс істеуді үйрету.
  • Түзу сызықтар салу дағдыларын қалыптастыру.
  • Тік төртбұрыштар мен дөңгеленген тікбұрыштарды салу дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Сызықтардың түсі мен қалыңдығын өзгерту қабілетін дамыту.
  • Эллипс, шеңбер және қисық сызық салу кезінде түсі мен қалыңдығын дұрыс таңдауға дағдыландыру.

Тәрбиелік

  • Эстетикалық талғам мен ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың сипаттамасы

Сабақтың типі

Практикум элементтері бар көрсете түсіндіру.

Сабақ түрі

Аралас сабақ (теория + практика).

Сабақ әдістері

Түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, әңгімелесу, жазбаша жұмыс, өзіндік жұмыс.

Құрал-жабдықтар

АКТ құрылғылары, үлестірмелі материалдар, көрнекі құралдар.

Білім мен білікке қойылатын талаптар

Оқушылар білуі тиіс

  • Paint редакторында сурет салу техникасын.

Оқушылар үйренуі тиіс

  • Графикалық редакторды іске қосуды.
  • Сурет салуды және оны өңдеуді (редакциялауды).
  • Сызықтардың түсі мен қалыңдығын өзгертуді.
  • Тіктөртбұрыш салу кезінде сызықтың қалыңдығы мен түсін өзгертуді.
  • Тіктөртбұрыштың түрін, контур және құю түсін өзгертуді.
  • Эллипс, шеңбер, қисық сызық салу кезінде түсі мен қалыңдығын өзгертуді.
  • Эллипс пен шеңбердің түрін, контур және құю түсін өзгертуді.

Сабақ барысы

  1. I

    Ұйымдастыру кезеңі

    Сабаққа дайындығын тексеру, назарын шоғырландыру.

  2. II

    Үй жұмысын тексеру

    Paint туралы шағын шығармашылық жұмыс (эссе, ертегі, жұмбақ, тақпақ).

  3. III

    Үй тапсырмасын бекіту

    Сұрақ-жауап арқылы өткенді қайталау.

  4. IV

    Жаңа сабақ

    Paint құралдарын таныстыру және қолдану жолдарын көрсету.

  5. V

    Практикалық бөлім

    Тапсырмалар арқылы дағды қалыптастыру.

  6. VI

    Қорытындылау

    Негізгі ұғымдарды жинақтау, кері байланыс.

  7. VII

    Үй тапсырмасын беру

    Құралдардың міндетін жаттау және эскиз дайындау.

  8. VIII

    Бағалау

    Практикалық жұмысты және белсенділікті бағалау.

Үй жұмысын тексеру: оқушылар жұмыстары

1-оқушы: шағын ертегі

Ерте, ерте, ертеде түрлі түстер өмір сүріпті. Олардың аты қызыл, жасыл, көк, сары, қара және басқа да түстер екен. Бір күні Қарындаш оларды жинап алып сурет салмақшы болыпты. Бірақ түстер еркелей беріпті. Қарындаш олардың қылықтарына шыдамай, Microsoft ағайға хат жазыпты:

Құрметті Microsoft ағай!

Түстер өз бетімен кетіп барады. Тез арада келуіңізді өтінемін.

Мекенжайым: Windows ауылы, Программалар көшесі.

Сәлеммен, Қарындаш.

Осыдан кейін Microsoft ағай ойланып, сурет салуға арналған редактор құрастырып, оның атын Paint деп қойыпты.

2-оқушы: әңгіме

XX ғасырдың басы еді. Менің досымның әкесі Билл Гейтс Microsoft фирмасын ашты. Екі күннен кейін досыммен бірге сол фирмаға бардым. Онда компьютерлер өте көп екен. Гейтс ағай сурет салу редакторын ойластырып, іске қосуды жоспарлап жүріпті. Мен мектепте жақсы сурет салатынмын. Мүмкіндіктерімді көрген Гейтс ағай мені бірге қызмет етуге шақырды. Сол жерде еңбек ете жүріп, адамның ойлайтынын, ал машинаның тек орындайтынын түсіндім. Paint-тің тамаша мүмкіндіктерінде менің де үлесім бар деп айта аламын.

3-оқушы: жұмбақ

Ол кемпірқосаққа ұқсайды — түстер палитрасы.

4-оқушы: жұмбақ

Ол әр терезеде бар. Тек оңға-солға, жоғары-төмен жүгіреді — сырғытпа (айналдыру) жолақтары.

Үй тапсырмасын бекіту: сұрақ-жауап

1) Paint графикалық редакторы қалай іске қосылады?

Іске қосу → Бағдарламалар → Стандартты → Paint графикалық редакторы.

2) Графикалық редактордың мүмкіндіктерін ата

Paint бағдарламасы әртүрлі суреттерді салуға және оларды түрлендіріп өңдеуге мүмкіндік береді.

3) Paint терезесінің негізгі элементтері

Мәзір жолағы
Тақырып жолағы
Құрал-саймандар панелі
Сурет салу аймағы
Түстер палитрасы
Қалып-күй жолағы
Айналдыру жолақтары

Жаңа сабақ: Paint құралдары

Төмендегі құралдар сурет салу, бөліктерді таңдау, өңдеу және безендіру әрекеттерін орындауға көмектеседі.

Таңдау және өңдеу

  • Ерікті аймақты белгілеу — қисық (дұрыс емес) пішінді үзіндіні таңдайды.
  • Белгілеу — тіктөртбұрышты үзіндіні таңдайды.
  • Өшіргіш — суреттің қажетті бөліктерін өшіреді.
  • Түс таңдау — кез келген нүктедегі түсті алып, контур/фон түсіне орнатады.
  • Масштаб — сурет үзінділерін үлкейтеді/кішірейтеді.

Сурет салу және пішіндер

  • Қарындаш — әртүрлі қалыңдықта сызық сызады.
  • Кисть — ерікті сызықтарды салуға арналған; түрін таңдауға болады.
  • Бүріккіш — шашырау эффектісін береді.
  • Жазу — сурет ішіне мәтін енгізеді.
  • Сызық — түзу сызық салады.
  • Қисық — тегістелген (smooth) қисық сызық сызады.
  • Тіктөртбұрыш — тіктөртбұрыш салады.
  • Дөңгеленген тіктөртбұрыш — бұрыштары жұмырланған тіктөртбұрыш немесе квадрат салады.
  • Көпбұрыш — ерікті пішіндегі тұйық көпбұрыш салады.
  • Эллипс — эллипс немесе шеңбер салады.
  • Құю (заливка) — тұйық контурдың ішін негізгі немесе фон түсімен бояйды.

Назар аударыңыз

Көптеген құралдар үшін контур түсі, құю түсі және сызық қалыңдығы алдын ала таңдалады. Бұл — жұмыстың сапасын бірден жақсартатын негізгі әдет.

Практикалық тапсырмалар

I тапсырма

Paint құралдарын пайдаланып, үйшік суретін салыңыз.

II тапсырма

Жұмбақтардың шешуін табыңыз және сол заттардың суретін салыңыз.

Жаңбыр жауса нөсерлеп,
Әрі-сәрі болмаймын.
Алып жүрсең қолыңа,
Су болудан қорғаймын.

Шешуі: Қолшатыр

Қақаған қыста,
Өседі тысқа.
Өзгертпей өңін,
Сақтауға ұста.

Шешуі: Шырша

Күндіз кірер інге,
Жұрт қалар білмей.
Шығады тек түнде,
«Болам» дейді күндей.

Шешуі: Ай

Көктем сайын жайқалып,
Жаңбыр суын ішемін.
Күз болғанда сарғайып,
Қурап-қурап түсемін.

Шешуі: Жапырақ

III тапсырма

«Түзету → Көшіру» және «Түзету → Қиып алу» командаларын қолданып, еңбек құралдары мен ыдыстарды екі топқа бөліп жинақтаңыз.

Сабақты бекіту

Тапсырмалар

  • Ребус шешу.
  • Сәйкестендіру тесті (құрал атауы ↔ суреті).

Сәйкестендіруге ұсынылатын құралдар

Өшіргіш Кисть Жазу Ерікті аймақты белгілеу Құю (заливка)

Үй тапсырмасы

  • Әр құралдың міндетін жатқа білу.
  • «Сиқырлы дастархан» тақырыбына суреттің эскизін дайындап келу.

Қорытынды

Сабақ қорытындыланып, оқушылардың орындаған жұмыстары талданып, бағаланады.