Бүгін хан сарайындакеремет ерекше кеш болмақшы

Қуыршақ театры

Тақырыбы

«Кел, күлейік!»

Мақсаты

Театрлық іс-әрекетті ертегі желісінде пайдалану арқылы баланың ойын дамыту, қызығушылығын ояту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру және әдемі сөйлеу мәнерін арттыру.

Сахналық көрініс

Ханша

– Алдар аға, бүгін біздің тойымызды жандандырып, қонақтарымызға керемет көңіл-күй сыйладыңыз. Ендеше, бүгінгі той-думанымызды жалғастырып, балалармен бірге Күлмес ханшамызды ойынға шығарайық, қалай қарайсыз?

Алдар көсенің ойындары

  • «Ал, алма!» (Күлмес ханшамен)
  • Есекпен жарыс (балалармен)
  • «Жұп–тақ» әуенді-қимылды ойыны (тәрбиешілермен)

– Құрметті хан сарайына жиналған қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер және қадірлі апайлар! Күлмес ханшамызды күлдірген Алдар көсенің қоржынынан шыққан сыйлықты қабыл алыңыздар!

Хан

– Ертең тағы келіңіздер. Қызымның көңілі үшін баршаңызды отыз күн ойынға, қырық күн тойға шақырамыз! Жүздеріңізден күлкі кетпесін!

Уәзірлер (әуенмен шығады)

– Келіңіздер, келіңіздер! Бүгін хан сарайында ерекше кеш өтпек. Күлмес ханшаға арналған ән, би және ойындар ұйымдастырылады. Кім Күлмес ханшаны күлдірсе, хан дайындаған сыйлыққа ие болады.

Ескертпе: «Батырлар биі» орындалады.

Хан

– Тыңдаңыздар! Бүгін менің сарайымда ойын-сауық жасап, тойлаңыздар. Өнерлеріңізді көрсетіп, сыйлық алыңыздар!

Ханша (өлең)

Көтеріңкі көңіл-күй Сыйлаңыздар әрине. Той-думанда барлық үй Ат салыссын бәріне. Өлең айтып, би биле, Ойын ойнап көңілді. Әзіл айтып тамаша, Өткізейік бүгінді.

Хабаршы (үрлемелі аспап үнімен)

– Бізге қонаққа сонау бір алыс шаһардан Тазша бала келіпті. Осы тойға арнап дайындаған өтірік өлеңі бар екен. Қабыл алыңыздар!

Тазша бала

Ескертпе: Өтірік өлең орындайды.

Ханша

– Рахмет, Тазша бала! Тойымыздың төрінен орын ал, төрлетіңіз.

Хан

(Хан бір сәт көңілі көтеріліп күледі де, қайта мұңаяды.)

– Мм… болмады, қызыма ұнамады! Енді кім бар екен?

Хабаршы (үрлемелі аспап үнімен)

– Хан ием, көрші ауылдан Қаңбақ шал кемпірымен келіпті. Көрсететін өнерлері бар екен.

Қаңбақ шал мен кемпірі

Ескертпе: «Мазақтама» әнін орындайды.

Ханша

– Төрлетіңіздер! Тойымыздың құрметті қонағы болыңыздар! Келесі қонақтар кім болды екен?

(Хан тағы да күліп алады да, қызына қарап мұңайып қалады. Күлмес ханша күлмеген күйі отыра береді.)

Хабаршы

– Келесі қонағымыз дарияның арғы бетінен келген Мақта қыз бен мысық. Олар бізге көңілді билерін тарту етпек. Қабыл алыңыздар!

Мақта қыз бен мысық

Ескертпе: Көңілді би орындайды.

Ханша

– Жоғары шығып, төрлетіңіздер!

Хан

– Енді қайтеміз? Шынымен де ешкімнің қолынан келмегені ме? Бүгін ешқайсысы әсер ете алмады ма?!

Ханша

– Хабаршы, енді кім бар? Әлде сонымен болды ма?

Хабаршы

– Жоқ, хан ием! Тек аты шулы Алдар көсе келіп тұр. Қабылдайсыз ба?

Хан

– Шақыр, шақыр, келсін. Мүмкін, бір септігі тиер.

Алдар көсе (сахнаға шығады)

(Осы сәтте Алдардың әуені ойнап, ол ортаға келеді. Алдар ханды алдап кетеді. Ханның алданғанын көрген Күлмес ханша еріксіз күледі. Ашуланған хан қызының күлгеніне таңырқап, Алдарды кешіреді.)

Ханша

– Хан ием, сіз алданып қалғаныңызбен, Алдардың септігі тиіп, қызыңыздың жүзіне күлкі үйірілді. Оған ашуланбаңыз! Алдарды шақыртып, тойымыздың қонағы етіңіз. Дайындаған сыйымызды табыс етейік!

Хан

– Хабаршы, Алдарды алдырыңдар. Мен кешірдім! Келсін, дайындаған сыйымды алсын!

Алдар көсе

(Алдар келіп, ханның сыйлығын алады.)

– Байеке, рұқсат етсеңіз, келген қонақтарға жұмбақ жасырып, жаңылтпаш айтқызып көрсем қалай болады?

Хан

– Бүгін сен не айтсаң да, бәрі орындалады! Қалағаның болсын!

Қорытынды бөлім

Алдар көсе балалар мен тәрбиешілерге жұмбақ жасырып, жаңылтпаш айтқызады.

Осы бөлімде ерекше назар:

  • балалардың ойлауын дамыту;
  • сөйлеу мәдениеті мен анық дикцияны қалыптастыру;
  • ортақ ойын арқылы көңіл-күйді көтеру.