Сары май
Кіріктірілген сайыс сабағы: «Физикалық кафе»
Бұл сабақ форматы — ойын, ұлттық тағамдар және физика (ағылшын тілі элементтерімен) тоғысатын кіріктірілген сайыс. Мақсат — командалық жұмыс арқылы негізгі ұғымдарды бекіту, есеп шығару дағдыларын дамыту және пәнге қызығушылықты арттыру.
Сабақтың түрі
Кіріктірілген сайыс сабақ
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Үлестірме қағаздары
Негізгі идея
Ұлттық тағам атауларын «тапсырма ұяшықтарына» айналдырып, әр қадамда физикалық ұғымдармен жұмыс істеу.
Сабақтың жоспары
1) Ұйымдастыру кезеңі
«Біздің кафеге қош келдіңіздер!» форматында сыныппен жылы байланыс орнату: ағылшын тілінде түгендеу, күн жады, көңіл күйді сұрау.
2) Ой қозғау (Physics warm-up)
Ағылшын тілінде физика туралы кіріспе сұрақтар арқылы тақырыпқа шығу.
-
1. What is physics? What does the word physics mean?
Жауап: Physics is a natural science. The word “physics” comes from Ancient Greek and means “nature”.
-
2. Where did the term “physics” first appear?
Жауап: The term first appeared in the writings of Aristotle.
-
3. Who introduced the word “physics”?
Жауап: It was introduced by M. V. Lomonosov.
-
4. What is the task of the science of physics?
Жауап: Its task is to formulate laws that explain natural phenomena.
Неге дәл ұлттық тағамдар?
Сабақ Наурыз мерекесі қарсаңында өтетіндіктен, салт-дәстүрдің бір көрінісі ретінде ұлттық тағамдар тақырып өзегіне алынды. Ойын барысында тағам атаулары тапсырма деңгейлері мен «ингредиенттерге» айналады.
Ұлттық тағам топтары
- Сүт тағамдары
- Ет тағамдары
- Сорпа тағамдары
- Ұн тағамдары
- Дән тағамдары
- Балық тағамдары
- Жеміс тағамдары
Сүт тағамдары (ағарған)
Қазақ халқы сүт тағамдарын төрт түлік малдың сүтінен жасаған. Айран, қымыз, шұбат сияқты сусындар «ағарған» немесе «ақ» деп аталады.
- Сүт
- Қаймақ
- Айран, қатық
- Сары май
- Сүзбе
- Ірімшік
- Қымыз
- Шұбат, қымыран
- Құрт
Ескерту: Айранды кейде қатық дейді. Қатық — ұйытылған, бірақ араластырылмаған айран. Шұбатты қымыран деп те атайды.
Ет тағамдары
Қазақ тұрмысында ет тағамдары ерекше орын алады. Төменде кең тараған түрлерінің қысқаша тізімі берілген.
- Қазақша ет (жас ет, сүр ет)
- Жаубүйрек — жаңа сойылған малдың бүйрегі мен етінен әзірленеді
- Жөргем — бунақтап өрілген ішек
- Жұмыр — қарынға сарымсақ, сәбіз, күріш, майлы ет салып пісіріледі
- Мипалау — бастың миын құйқа, ішек-қарынмен араластырып, тұздық құю арқылы жасалады
- Нарын — піскен ет пен қамырды ұсақтап араластырып, үстіне тұздық құйып береді
- Түймеш — туралған етті жаншып, майға қуырады
- Үлпершек — жүрек қабына май, кесек ет салып жасалатын шұжық тәрізді тағам
- Шұжық — майлы етке тұз, бұрыш қосып, ішекке тығып әзірлейді
- Бұқтырма — ет, картоп, сәбізді бұқтырып пісіреді
Сорпа тағамдары
- Жас сорпа — жаңа сойылған мал етінің сорпасы
- Кеспе — қамыр кесінділері қосылған сұйық тағам
- Тұздық — туралған етке құйылатын майлы сорпа
Ұн тағамдары
- Нан
- Бөкпен
- Салма
- Атала
- Быламық
- Жайма (шелпек, қаттама, т.б.)
Нанның түрлері
- Бәтір — ашытылмаған қамырдан табаға пісірілген жұқа нан
- Жаппа нан — қазанға қарып пісірілген нан
- Зағара нан — жүгері ұнынан пісірілген нан
- Көмбе нан — отқа көміп пісірілген нан
- Кісе нан — ішіне ет, картоп, орамжапырақ салып пісірілетін нан
- Қазанжаппа — қазанға қақтап пісірілген нан
- Таба нан — табаға пісірілген нан
- Тандыр нан — тандырға пісірілген нан
Дән тағамдары
Дән тағамдарына бидай, тары, жүгері, күріштен дайындалатын тағамдар жатады.
- Бидайдан: бидай көже, талқан
- Тарыдан: тары көже, талқан, майсөк, жент
- Жүгеріден: жүгері көже, бадырақ
- Күріштен: күріш көже, палау, сүркүріш
Балық тағамдары
Балық тағамдарына қарима, қуырылған балық, балық сорпасы және т.б. жатады.
Жеміс тағамдары
Жеміс тағамдарына әртүрлі кептірілген жемістер, қауынқақ, қауын-құрт, қауыншек және т.б. кіреді.
Ойынның тақырыбы
«Физикалық кафе» — жоғарыда аталған тағамдардың бәрі «мәзірде» бар. Бірақ тізімде жоқ арнайы тағамдарды дайындау үшін бізге ең мықты «аспазшылар командасын» анықтау керек.
Топқа бөліну
Оқушылар үстел үстіндегі үлестірме қағаздарды таңдайды. Қағаздағы белгі бойынша әркім өзіне сәйкес физикалық шама/ұғымдармен бірігіп, топ құрайды. Құрылған топтар өздерін таныстырады.
Ойын шарттары
- Әр команда тағамды «дайындау» үшін ұяшық таңдайды және қажетті «құрамды» жинайды.
- Әр ингредиенттің ішінде физикадан тапсырма жасырылған.
- Тапсырмаларды дұрыс орындаған команда — «нағыз аспазшы топ» атанады.
- Ингредиенттер таңдалған тағамға сәйкес келе ме — соны да негіздеу қажет.
Таңдалатын тағамдар (тапсырма деңгейлері)
Бесбармақ
Құрамы: ет, ұн, пияз, картоп, тұз, су.
- Ет: есеп
- Ұн: жұмбақ
- Пияз: сұраққа жауап
- Картоп: басқатырғыш
- Тұз: физикалық шаманы ата
- Су: қасиетін айту
Қуырдақ
Құрамы: ет, пияз, тұз, картоп, май, су.
- Ет: есеп
- Пияз: сұраққа жауап
- Картоп: басқатырғыш
- Тұз: физикалық шаманы ата
- Май: есептер
Жент
Құрамы: сары май, қант, тары талқаны, мейіз.
- Қант: физикалық шаманы ата
- Тары талқаны: аударма (Speed, road, time)
- Сары май: ауызша есеп
- Мейіз: физикалық приборды ата
Мысал приборлар:
Амперметр, вольтметр, электроскоп, конденсатор.
Бауырсақ
Құрамы: ұн, тұз, су (сүт немесе айран), май.
- Ұн: жұмбақ
- Тұз: физикалық шаманы ата
- Су/сүт/айран: ағылшын тіліндегі сұрақтар
- Май: есептер
Тапсырмалар банкі
Есептер
- Потенциалдар айырымы бар электр өрісінде q = 1 Кл заряд орын ауыстырғанда қандай жұмыс істелінеді?
- Ток күші I = 1 мА болғанда кедергісі R = 100 кОм резистордағы кернеуді анықта.
- Массасы m = 15 кг тас көмір толық жанғанда қанша жылу бөлінеді? q = 30 × 106 Дж/кг
- F = 60 Н күш денеге a = 0,8 м/с2 үдеу береді. Сол денеге қандай күш a = 2 м/с2 үдеу бере алады?
Жұмбақтар
-
Қозғалыста сипаттар шапшаңдықты, тағы да бір белгісіз шама шықты. Ол болмаса денелер қозғалмайды. Шешеді бұл жұмбақты қандай мықты?
Жауабы: Жылдамдық (speed)
-
Жердің жүзін шарлайсың, онсыз еш жерге бармайсың. Көлікпен де, жаяу да, саралайсың, таңдайсың.
Жауабы: Жол (road)
Сұрақ-жауап
-
Сандыққа нені тығып қоюға болмайды?
Жауабы: Жарық (light)
-
Күн күркірегенде ең алдымен нені байқаймыз: найзағайды көреміз бе, әлде дыбысты естиміз бе?
Жауабы: Найзағайды көреміз
-
Ең кішкентай заряд?
Жауабы: Электрон (electron)
-
What is a physical phenomenon?
Physical phenomena are changes occurring with physical bodies (mechanical, light, heat, sound, magnetic phenomena).
-
Жылдамдықты өлшейтін құрал?
Жауабы: Спидометр
-
Мөлдір емес денеден өтетін сәуле?
Жауабы: Рентген сәулесі (X-ray)
-
Ядроның бейтарап бөлшегі?
Жауабы: Нейтрон (neutron)
-
What is matter?
Matter is everything that exists in the Universe independently of our consciousness (celestial bodies, plants, animals, etc.).
Физикалық шамаларды атау
Таңбалар: Δφ, a, g, m, p, E, U, R, I, ϑ, S, t
- Δφ — потенциалдар айырымы
- a — үдеу (acceleration)
- g — еркін түсу үдеуі (acceleration of gravity)
- m — масса (mass)
- p — қысым (pressure)
- E — электр өрісінің кернеулігі (electric field intensity)
- U — кернеу (voltage)
- R — кедергі (resistance)
- I — ток күші (current)
- ϑ — жылдамдық (speed)
- S — арақашықтық (distance)
- t — уақыт (time)
Аударма тапсырмасы (English → Қазақша)
- Time — уақыт
- Distance — қашықтық
- Work — жұмыс
- Capacity — сыйымдылық
- Speed — жылдамдық
- Road — жол
Басқатырғыш (сөздік қор)
Тапсырма: топ мүмкіндігінше көп сөз табады және баламасын айтады.
Су туралы (қасиеттер мен анықтамалар)
1) Физикалық қасиеті
Пішінін сақтамайды, көлемін сақтайды. Молекулалары әлсіз байланысқан. Аққыш.
2) Химиялық құрамы және жалпы сипаттамасы
H2O — түссіз, мөлдір, иіссіз, дәмсіз.
3) Үш күйі
Сұйық, бу, мұз.
Ағылшын тіліндегі қысқа сұрақтар (қайталау)
What is a physical body?
A physical body is anything around us.
What is a substance?
A substance is what physical bodies are made of.
Which particle has no electric charge?
Neutron.
Қорытынды
Сабақ соңында ұпайлар саналып, жеңімпаз команда анықталады. Жеңген топ марапатталады.
Автор: Маңғыстау гуманитарлық колледжінің физика пәні оқытушысы Қозыбакова Алтын Панзабековна