Мейірбан ұстаздар

Кіріспе

Мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілері музыка әуенімен залға кіреді. Шеңбер бойымен жүріп, орындарына жайғасады.

Құттықтау сөздері

Халима

Армысыздар, мұғалімдер — әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар!
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би де билеп, ән де бүгін шырқалар.

Сәнімгүл

Хош келіпсіз, ұстаздар мен апайлар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.
Алдарыңызға жауқазындай құлпырған —
Біз алаңсыз, балғын шақты балалар.

Халима (жалғасы)

Армысыздар, қадірлі де аяулы ұстаздар, тәрбиеші апайлар!
Сары алтындай сары күз ала келген ұстаздардың төл мерекесі құтты болсын!
Біздің мектепалды даярлық тобының «Мейірбан ұстаздар» атты ертеңгілігімізді тамашалаңыздар.

Хор

«Жарқын жүзді ұстазым»

Хор орындауында.

Райхан

Жақсы көрем ұстазымды,
Білім нұрын бізге шашқан.
Жақсы көрем ұстазымды,
Болашаққа есік ашқан.

Диас

Ұстаз, ұстаз — қандай ыстық сөз деген!
Ұстаз болу — адамдықтың көзі еді.
Ақылға да, асылға да үйреткен,
Ұстаздықта бар білімнің көзі еді.

Әсем

Білім беріп баршаға,
Ұстазым менің, шаршама.
Алғысын айтқан өзіңе —
Балғындар қанша, қаншама!

Мансүр

Арналады апайларға
Құрмет деген төр деген.
Біздің елде адам бар ма
Ұстаз алдын көрмеген?

Мейірлан

Білмей қалсам — кешірген,
Балалық деп түсінген.
Қандай дана болса да,
Алдыңызда бас ием.

Би нөмірі

«Жаңа заман» биі

Орындайтындар: Әсем, Райхан, Нұрдана, Аңсаған.

Тағы бір хор және арнаулар

«Ұстазым — ол біздің»

Хор орындауында.

Бекзат

Бұзықтығымды жасырып,
Білімімді асырып,
Жаныма жақын ұстазым —
Сізге келер ұқсайғым.

Гүлназ

Тәрбиешім — білім көзісің,
Тыным таппайсың ел үшін.
Өзіңнен талай үйреніп,
Келеміз өсіп ел үшін.

Бақдәулет

Ұстазым менің — ақылшым,
Шәкіртіңе әркез жақынсың.
Аяулы менің ұстазым,
Өзіңіз әркез асылсыз.

Жеке ән

«Мұғалім — ол біздің»

Жеке орындау.

Тәрбиешіге арналған өлеңдер

Сайлау

Бақша — біздің панамыз,
Мектеп — біздің анамыз.
Ұлағатты ұстаздан
Оқып, білім аламыз.

Нұрдана

Бізге тәртіп үйреткен,
Ән салдырып, билеткен.
Таныстырған ең алғаш
Әріптер мен суретпен —
Тәрбиеші апайымыз.

Мерейім

Тәрбиеші — аяулы,
Сіздей ешкім жоқ әлі.
Маған тәлім бердіңіз
Ардақты анам сияқты.

Ойын бөлімі

«Кім жылдам?»

Ойын: сөзжұмбақ.

Ислам

Бізге тұңғыш тақпақты да,
Жаңылтпашты да жаттатқан.
Түсіріп топ сынына,
Жақсылығымды мақтатқан.

Аңсаған

Доспен тату ойнауды,
Мерекені тойлауды
Бойымызға сіңірген,
Көптің қамын ойлауды.

Білуге біз құмармыз,
Мазаны да алған шығармыз.
Қабылдаңыз мың алғыс!

Ұстаздарға тілек

Диас

Құрметті ұстаздар, төл мерекелеріңіз құтты болсын!
Зор денсаулық пен шығармашылық табыс тілейміз.

Хор

«Құтты болсын, мереке!»

Қорытынды

Мереке соңында балалардың барлығы шар ұшырады.