Өнер ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу
Сабақтың мақсаты
Бұл сабақ өнердің адам өміріндегі құндылығын түсіндіріп, оқушылардың талғамын, жауапкершілігін және шығармашылық қызығушылығын дамытуға бағытталған.
Білімділік
Өнер ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу. Оқушылардың бойында білімділік, дарындылық, жауапкершілік және талғам мәдениетін қалыптастыру.
Дамытушылық
Ой-өрісті және сөздік қорды дамыту. Өнерге деген қызығушылық пен сүйіспеншілікті арттыру.
Тәрбиелік
Өнерпаздыққа, сұлулықты сүюге және адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын сабаққа аудару, ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру және көңіл күйді реттеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Тапсырма:
- «Менің сүйікті қалам» тақырыбында эссе
- Слайд дайындау
III. Білімді жан-жақты тексеру
Қайталау сұрақтары арқылы білімді жүйелеу:
Сұрақ 1
Жезқазған қаласы қашан құрылған?
Сұрақ 2
Жезқазғанның мәдени ошақтарын атаңдар.
Сұрақ 3
Ребусты шеш: «Өнер жастан шығады».
Қызығушылықты ояту
- Өнерді үйрену үшін оқушылар қайда барады?
- Оқушылар мен жасөспірімдер сарайы қай көшеде орналасқан?
- Бұл сарай кімнің атымен аталады?
Саяхатқа шығу: қысқаша дерек
Тоқтар Әубәкіров
1946 жылы 27 шілдеде Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, 1 Май ауылында дүниеге келген. 1990 жылы ғарышкерлер құрамына қабылданды.
1) Мағынаны тану
Мұғалімнің түсіндіруі: өнер дегеніміз не?
Өнер — өмір шындығына эстетикалық көзқарас арқылы баға беретін, адам сезімі мен ойына әсер ететін рухани құндылық. Өнерге ауыз әдебиеті, ән-күй, театр, кино, опера, балет, бейнелеу өнері, сәулет өнері, поэзия, қолөнер және басқа да салалар жатады.
Жетес шешен: «Адамның сәні — өнер, білім, ақылы».
Адамды ерекшелендіретін — оның өнері, білімі және ақылы. Осы үшеуі арқылы табысқа, қуанышқа, бақытқа жетуге болады.
Сөз өнері: топтық тапсырма
Берілген жұмбақтардың шешуіндегі сөзді қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде жазыңдар.
I топ
Бойлаған сайын тереңге,
Шығасың биік белеңге.
II топ
Көзді танытқан,
Ойды кеңейткен,
Сөзді дамытқан,
Озықтарға теңейткен.
III топ
Тілден ұшып,
Құлаққа жетеді.
Жас математик үйірмесі
Тапсырма: қызықты есептер және логикалық тапсырмалар орындау.
Жас натуралист үйірмесі
Тапсырма: берілген тақырыптардың біріне эссе жазу.
«Мақпал би» сергіту сәті
Ән шырқап, би билеп, бір сергіп алайық.
Мынау көзім — көреген,
Мынау менің жүрегім.
Жақсыларды тек көрем,
Бәрі осыдан басталған.
Екі құлақ — күмбірлеп,
Мынау басым — ақылды,
Ақыл сөзді естіген,
Бәрін осы басқарған.
Мынау менің оң қолым,
Мынау менің сол қолым.
Білім, өнер, еңбекті,
Осы қолмен атқарам.
Қолөнер үйірмесі: шығармашылық жұмыс
Тапсырма:
I топ
Аспан денелерін бейнелеу.
II топ
Зымыранды қима қағаздан жапсыру.
III топ
Ермексаздан ғарышкерді мүсіндеу.
2) Ой толғаныс
Мақал — сөздің мәйегі
Тапсырма: берілген сөздерден мақал құрастырып, мағынасын түсіндіріңдер.
I топ
қолы, алтын, өлеңшінің, сөзі, алтын, өнершінің
II топ
тастан, шығады, асыл, жастан, шығады, өнер
III топ
мерген, сөзі, шешеннің, көзі, мерген, шебердің
Қорытынды
Өмір таны, өнер қу,
Өнер сүйсең жиренбе.
Өнер табу — ол да оқу,
Дамыта бер, үйрен де!
Талаптансаң тартынба,
Өнер алды — кең, деп кел.
Өз күшіңе жол табу —
Қалсын үлгі кейінге.
Үй тапсырмасы
I топ
«Өнерлі өрге жүзер» тақырыбында эссе жазу.
II топ
Өнер мен білім туралы тақпақ жаттау.
III топ
«Қазақтың тұңғыш ғарышкері» тақырыбында реферат жазу.
Бағалау
Оқушылардың жұмысы мақтау, мадақтау арқылы бағаланады.