Өсімдіктің жер асты мүшесі

Дүниетану · 2-сынып · Аралас сабақ

Сабақтың тақырыбы: Жапырақ

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға жапырақтың өсімдік үшін маңызын түсіндіру, түрлерімен таныстыру және бақылау арқылы қорытынды жасауға үйрету.

Негізгі ой

Жапырақ — өсімдікке көрік беретін ғана емес, оның тіршілігіне қажет қызметтерді атқаратын маңызды мүше.

Міндеттері

Білімділік

Өсімдік мүшелерінің ішінде жапырақтың қызметі мен түрлері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық

Қосымша тапсырмалар, сөзжұмбақ және тәжірибе арқылы ойлау қабілетін дамыту, қызығушылығын ояту, өздігінен жұмыс істеп қорытынды жасауға дағдыландыру.

Тәрбиелік

Қоршаған ортаны қорғауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Көрнекілік және әдістер

Көрнекіліктер

  • Жапырақ түрлері (табиғи үлгілер)
  • Тірек-сызбалар
  • Сөзжұмбақ

Әдістер

  • Сұрақ-жауап
  • Талдау
  • Салыстыру
  • Іздену
  • Жинақтау

Сабақ барысы

1-кезең

Бағалау-мотивациялық кезең

Психологиялық дайындық

Сабақ мәтінін оқып, сұрақтарға жауап береміз. «Сабақ туралы не білеміз?» деген сұрақты сызба арқылы көрсетеміз.

Назар аударту

«Сендер сабақ жайында жақсы біледі екенсіңдер. Ендеше сөзжұмбақты шешіп көрейік. Дұрыс шешсек, жаңа сабағымыздың тақырыбы шығады».

2-кезең

Операциялық-орындаушылық кезең

Ой толғаныс: сөзжұмбақ шешу.

  1. 1Ең ыстық мезгіл.
  2. 2Өсімдіктің үш тобының бірі.
  3. 3Өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабат.
  4. 4Күзде себілетін дән.
  5. 5Өсімдіктің жер асты мүшесі.
  6. 6Өсімдіктің барлық мүшесін бір-бірімен жалғастырып тұратын мүше.
  7. 7Ағаш.

Шешімі: Жапырақ.

Біз өсімдіктің тамыры мен сабағын білеміз. Ал өсімдіктің сабағына көрік беретін не? Жапырақ.

Бүгінгі тақырыбымыз — Жапырақ. Алдарыңдағы жапырақтар қай ағаштікі деп ойлайсыңдар? (Оқушы жауабы тыңдалады.)

Талқылау сұрақтары

  • Ағаш жапырақтары қай кезде ерекше әдемі көрінеді?
  • Жапырақ қай кезде сарғаяды?

Оқулықпен жұмыс

Мәтінді тізбектей оқыту, негізгі ойды анықтау, талдау жүргізу және тірек-сызбамен жұмыс.

Шығармашылық жұмыс

1-топ

Жапырақтың суретін салу.

Ұсынылатын үлгілер

  • Үйеңкі
  • Талшын
  • Емен
  • Ақжелкен
  • Терек

2-топ

Жапырақ туралы қысқа өлең құрастыру.

Бағыт-бағдар

Өлеңде жапырақтың түсі, пішіні, маусымға байланысты өзгерісі және табиғатқа пайдасы көрініс тапсын.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз, Қолды белге қоямыз. 1, 2, 3 — қарлығаш боп ұшамыз. Қоян шықты далаға, Жан-жағына қарады. Жүгірді, секірді, Орнына келіп отырды.

Зерттеу жұмысы

Бөлме өсімдігінің жапырағында не бар екенін бақылап, тәжірибе арқылы дәлелдейміз.

Қажетті құралдар

  • Дайын жапырақ
  • Қайшы
  • Салфетка

Тәжірибе барысы

Жапырақты салфеткаға қысып көріп, ылғалдың ізін байқаймыз.

Қорытынды

Жапырақтың бойында су бар.

Поэзия минуты

Оқушылар табиғат туралы жаттаған өлеңдерін мәнерлеп айтады.

3-кезең

Рефлексиялық-бағалау кезеңі

Қайталау сұрақтары

  • Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
  • Өсімдік мүшелеріне нелер жатады?

Сызбамен жұмыс

Сурет бойынша «тал» құрастырамыз: ең алдымен тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс бөліктерін дұрыс орналастырамыз.

Үй тапсырмасы

  • «Жапырақ» мәтінін оқу, мазмұнын түсініп айту.
  • Жапырақтың суретін салу.

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар бағаланады.