Дауысты дыбыстардың түрлері

Сабақтың тақырыбы

Дауыссыз дыбыстардың түрлері.

Сабақтың мақсаты

  • Дауыссыз дыбыстардың қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетінін түсіндіру және олардың айтылу ерекшеліктерін байқату.
  • Сөзге саналы түрде дыбыстық талдау жасай білуге дағдыландыру; сауатты, көркем жазуды жетілдіру.
  • Мәдениетті сөйлеуге, шыдамдылыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап, түсіндіру, СТО технологиясы

Көрнекілігі

Суреттер

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың сабаққа назарын аудару, қажетті құралдарын дайындау.

Психологиялық дайындық

Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім.

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым — дара тілім.

Ендеше, ғұлама ақындарымыз сөйлеген туған тіліміз — қазақ тілі сабағын бастаймыз.

II. Өткенді қайталау

Үй тапсырмасын тексеру (сұрақ-жауап)

  • Біз қандай тақырып өттік?
  • Ю әрпі қалай айтылады? (қосарланып «иу» болып айтылады)
  • Ю — дауысты ма, дауыссыз ба?
  • Ережені айтып беріңдер.

Білімді нақтылау

Дыбыс пен әріптің айырмашылығы: дыбысты айтамыз және естиміз, ал әріпті жазамыз және көреміз.

Қазақ тілінде: 42 әріп, 40 дыбыс бар.

III. Жаңа сабақ

Мұғалімнің түсіндірмесі

Дыбыс түрлері

  • Дауысты (жуан, жіңішке)
  • Дауыссыз (қатаң, ұяң, үнді)

Дауыссыз дыбыстардың ерекшелігі

  1. Айтылғанда ауа кедергіге ұшырайды.
  2. Тосқауылдан өту кезінде дыбыстау мүшелеріне күш түсіп, ауа лап етіп шығады.
  3. Созып айтуға келмейді.

Үнді

л, м, н, ң, р, й, у

Ұяң

б, в, г, ғ, д, ж, з

Қатаң

к, қ, п, с, т, ф, х, һ, ц, ч, ш, щ

Үлгі: «Кітап» сөзіне дыбыстық талдау

Кітап — 5 дыбыс, 5 әріп; 2 дауысты, 3 дауыссыз; 2 буын.

  • К — дауыссыз, қатаң
  • І — дауысты, жіңішке
  • Т — дауыссыз, қатаң
  • А — дауысты, жуан
  • П — дауыссыз, қатаң

Оқулықпен және дәптермен жұмыс

121-жаттығу

Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты,
Мен жастарға сенемін.
(М. Жұмабаев)

«Арыстандай» сөзіндегі дауыссыздар

р, с, т, н, д, й

«Күшті» сөзіндегі дауыссыздар

к, ш, т

122-жаттығу (жатқа жазу)

Қырықтықта қырық қой қырықтым,
Қырық қой қырыққан соң,
Менен қырық қой үрікті.

Үнді

р, й, м, н

Ұяң

Қатаң

қ, т, с, к

123-жаттығу

Ребусты шешу: қолшатыр.

IV. Ойын

«Дыбысқа саяхат»

Тақтаға жазылған сөздермен жұмыс: парта, дәптер, кеме. Әр сөздегі дауыссыз дыбыстарды анықтап, қатаң/ұяң/үнді болып жіктеңдер.

V. Венн диаграммасы

Дауысты

Созып айтуға болады; әуен, үн басым.

Ортақ белгілер

Екеуі де сөз құрауға қатысады; дыбыстық талдауда ажыратылады.

Дауыссыз

Айтылғанда ауа кедергіге ұшырайды; созып айтуға келмейді.

VI. Өлеңнің ұйқасын тап

Білім ал да __________

________ досқа бер көмек.

Отанды сүй, __________

__________ адам бол.

VII. Үй тапсырмасы

124-жаттығу. Дауысты дыбыстардың түрлері бойынша қайталау және мысал келтіру.

VIII. Қорытынды

  • Бүгін біз қандай тақырып өттік?
  • Дауыссыз дыбыстар дегеніміз не және олар қалай жіктеледі?