Бақыт геометриясы өлеңі
Қайсар рухты ақын Мұхтар Шаханов — 73 жаста
Бұл кеш — Қазақстанның халық ақыны, жазушы, түрік халықтары арасынан шыққан «әлемнің ең үздік ақыны» атағының иегері Мұхтар Шахановтың шығармашылығына арналған әдеби-сазды бағдарлама. Музыка әуенімен өрілген бұл жүздесу оның өлеңдеріндегі ар-намыс, елдік пен адамдық тақырыптарын жаңаша сезіндіреді.
Жүргізуші сөзі: елдік пен өнерге тағзым
Даласындай дархан халық ел,
Білгің келсе, досым, бізге жақын кел.
Қазақ халқы — Мұхтарымен жазушы,
Қазақ халқы — Мұхтарымен ақын ел.
Кім еліне Мұқаңша сыр ақтарды,
Кім Мұқаңша бағыт беріп, биік тартты?
Қазақ халқы — Мұхтарымен Алатау,
Қазақ халқы — Мұхтарымен бақытты.
Ән
«Туған күн кешінде»
Орындайтын: Жақыпбекова Арайлым
Ән
«Өмір — өзен»
Орындайтын: Бисенова Айбаршын
Отырар: тарихи жадтан туған жыр
Ақынның айтуынша, бала кезінен әкесі Отырарды қорғаған бабалардың ерлігі мен Шыңғыс хан зобалаңы жайлы жиі әңгімелеген. Анасы: «Бала әлі жас қой, түсіне қояр деймісің?» дегенде, әкесі: «Жоқ, түсінуге тиіс. Түсінбесе, өзіне қиын. Тамырын тереңге жая алмаған дарақтың ғұмыры келте» деп жауап берген екен. Ақынның Отырар тақырыбына қайта-қайта оралуы — сол әке сөзінің жүрекке түскен ізі.
Сахналық көрініс
«Отырар» өлеңінен үзінді
Өлең
«Мені неге Мұхтар қойған?»
Оқитын: Амантаев Байбала
Өлең
«Арман»
Автор: Бисенова Айбаршын
Рөлдер
Қарт: Амантаев Байбала
Дойыл: Жақсыбай Данабек
Әбу: Айтбаева Мереке
Бақыт туралы ой: өлең арқылы өлшенген өмір
Мұқағали атамыздың: «Бақыт деген — сенің бала күндерің» дегені бар. Шынында, осылай бас қосып, сөз тыңдап, ән тыңдап отырудың өзі — бақыт. Ал Мұхтар ағаның бақыт ұғымы қандай? Оны ақынның өз жырынан аңғарамыз.
Өлең
«Бақыт геометриясы»
Оқитын: Жүнісбеков Мұхтар
Ән
«Гүлдәурен»
Орындайтын: Молдабеков Бақдәулет
Желтоқсан: шындық үні мен тәуелсіздік тағылымы
Желтоқсанда шындық жырын шырқаймын деп шарқ ұрдың,
Желтоқсанда егеменді ел болсын деп талпындың.
Айналайын, айналайын, жас өркені халқымның,
Ерте айтылды, сондықтан да келте айтылды бұл әнің.
Өлең
«Желтоқсан алаңы»
Оқитын: Айтбаева Мереке
Өлең
«Желтоқсан тағылымы»
Оқитын: Бисенова Айбаршын
Өлең
«Оралу»
Оқитын: Асқар Гүлдана
Замана сыны: тәуелсіздік, жауапкершілік, адамдық
Тамыры жаһандағы бар қазақтың
Соғады Отаным деп бір жүректің.
Бостандық, тәуелсіздік деген ұғым —
Неткен қасиетті, неткен құдіретті!
Өлең
«Компьютер басты жарты адамдар»
Оқитын: Әліпбайқызы Жұлдызай
Ән
«Арыс жағасында»
Орындайтын: Молдабеков Бақдәулет
Ән
«Әке туралы жыр»
Орындайтын: Бисенова Айбаршын
Қорытынды ой
Сағынумен күн кешемін ертеңді,
Сүйіп өтем өлгенше кең өлкемді.
Өткізбеймін ешкімге зорлығымды,
Түсірмеймін ешкімге көлеңкемді.
Мұхтар Шаханов тұлғасы — уақыт өткен сайын жаңа қырынан танылатын биік болмыс. Оның жыры мен азаматтық үні өмір мен өнер заңдылығына айналып, ой-санамызға табиғи түрде сіңіп, дәуір ағымымен бірге жаңғырып отыратын ұлы сезімге ұласады.