Құрастырма сурет
Зияткерлік ойын туралы
Бұл материал «Ойлы болсаң, озып көр» атты зияткерлік білім сайысын өткізуге арналған. Ойын сынып оқушылары арасында ұйымдастырылып, екі топ өзара білімдерін сынайды.
Тақырыбы
«Ойлы болсаң, озып көр» зияткерлік ойыны
Форматы
Екі топтық сайыс, 6 айналым
Бағалау
Ұпай жинау арқылы анықталады
Мақсаты
- Оқушылардың білімдерін сайысқа түсіру, білімді әрі жан-жақты болуға ынталандыру.
- Өзіне деген сенімділік қасиетін қалыптастыру.
- Логикалық ойлау дағдыларын дамыту.
- Дарынды, озық болуға тәрбиелеу.
Барысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Балалар, бүгін сыныбымызда «Ойлы болсаң, озып көр» атты зияткерлік білім сайысы өтеді. Сайысқа сынып оқушылары ішінен екі топ құрылып, өзара білімдерімен сынға түседі. Ендеше, сайысқа түсетін топтармен танысайық.
Топтармен танысу
Бүгінгі ойынымыздың сайыскерлері: «Зерде» және «Зейін» топтары.
Әділқазы мүшелері
Қазылар алқасы сайыстағы әділдікті қамтамасыз етеді. Білім мен тапқырлық бәйгесінде ең мықты топ жеңіске жетеді.
Өткізілу жоспары (6 айналым)
-
I айналым — «Білгенге маржан»
Дұрыс жауап: 1 ұпайОқу бағдарламасы аясында сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
-
II айналым — «Математик»
Уақыты: 3 минутТоптар кезекпен 3 минут ішінде мүмкіндігінше көп есеп шығарады. Ұпай дұрыс шығарылған есептер санына қарай есептеледі.
-
III айналым — «Құрастырма сурет»
1-орын: 5 ұпай, 2-орын: 2 ұпайТоптарға суреттің бір бөлігі көрсетіледі. Жасырылған затты тапқан және құрастырған топ ұпай жинайды.
-
IV айналым — «Кім жылдам?»
Әр сөз: 1 ұпайҚазақ тілінен берілген сөзден белгілі уақыт ішінде мүмкіндігінше көп жаңа сөз құрастыру қажет.
-
V айналым — «Тапқыр болсаң, тауып көр»
Уақыты: 2 минутСөзжұмбақ шешу арқылы жеңімпаз анықталады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
-
VI айналым — «Анықтама бюросы»
Әр дұрыс жауап: 5 ұпайӘдебиеттік оқудан мәтін үзіндісі тыңдалады. Тапсырма: мәтіннің атауын анықтау, кейіпкерлерін атау, мазмұнын қысқаша жеткізу. Дұрыс жауап берілмесе, ұпай есептелмейді.
Таныстыру бөлімі
I топ — «Зерде»
Ұраны
Қалың қауым, амансыз ба?
«Зерде» тобы алдыңызда.
Білімімізді көрсетеміз
Бүгінгі білім жарысында.
II топ — «Зейін»
Ұраны
Көрген, білген, түйгенін
Көкірегінде сақтайтын.
«Зейін» тобы біздерміз —
Білім сайысында қалыспайтын.
Мұғалім:
Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Сайыстан тыс қалмаңыздар.
Мұнда қызық табылар, білім нұры шашылар.
Ақыл-тілі дамыған үлгі алайық баладан.
I айналым: «Білгенге маржан» (сұрақ-жауап)
I топқа
- 1.Өлең жазатын адам — ақын.
- 2.Сиырдың төлі — бұзау.
- 3.Ас атасы — нан.
- 4.Аптаның екінші күні — сейсенбі.
- 5.Сабақ кестесі, үй жұмысы және бағалау жазылатын құрал — күнделік.
- 6.Қазақтың ұлы ақыны — Абай.
- 7.Барлық қабырғалары тең тіктөртбұрыш — шаршы.
II топқа
- 1.Қойдың төлі — қозы.
- 2.Ән айтатын адам — әнші.
- 3.5 ондықтан құралған сан — елу.
- 4.Аптаның үшінші күні — сәрсенбі.
- 5.Дүниедегі ең қадірлі адам — ана.
- 6.Үш қабырғасы, үш төбесі, үш бұрышы бар фигура — үшбұрыш.
- 7.Қазақтың ұлттық аспабы — домбыра.
II айналым: «Математик»
Ойланайық азырақ, уақытымызды үнемдеп.
Кім шығады, кәнекей, «жауабын мен білем» деп?
I топқа есептер
- Бірінші қосылғыш — 43, екінші қосылғыш — 35. Қосынды неше?
- 97 мен 23 сандарының айырмасы неше?
- Бақта 19 алма ағашы бар, ал алмұрт ағашы одан 28-ге артық. Барлығы неше ағаш?
- 1 ғасырда неше жыл бар?
- 49-ға 26-ны қос.
II топқа есептер
- Бірінші қосылғыш — 28, екінші қосылғыш — 41. Қосынды неше?
- Азайғыш — 49, азайтқыш — 30. Айырманың мәні неше?
- Бақтан 70 кг алма жиналды. Бір бөлігі жәшіктерге салынғанда, 18 кг алма қалды. Жәшіктерге неше кг алма салынды?
- 1 тәулікте неше сағат бар?
- 50-ден 26-ны азайт.
III айналым: «Құрастырма сурет»
Тауды биік деме сен — талаптансаң шығарсың.
Жауды мықты деме сен — білімді болсаң жығарсың.
Сурет нұсқасы алдымен сайыскерлерге көрсетіледі. Топтар суретте ненің бейнесі берілгенін анықтайды, содан кейін берілген фигуралар арқылы сол бейнені қайта құрастырады.
IV айналым: «Кім жылдам?» (сөз құрастыру)
Берілген сөзден бірнеше сөз құрастыру керек. Әр сөз үшін 1 ұпай беріледі. Ең көп сөз құрастырған топ жеңімпаз атанады.
I топ — «Қызғалдақ»
қыз, ал, дақ, ақ, қақ, ала, дала, қала, зал, ыза, аға, қаз, лақ
II топ — «Жауқазын»
жау, ау, қаз, аз, ана, жақ, қауын, жауын, жаза, науа, қазан, қазу, жазу
V айналым: «Тапқыр болсаң, тауып көр» (сөзжұмбақ)
Топтарға сөзжұмбақ беріледі. 2 минут ішінде дұрыс шешімін табу қажет. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
I топқа
- Сұйық тамақ ішетін ыдыс — қасық.
- Сызық түрі — қисық.
- 4 ондықтан құралған сан — қырық.
- Сүттен жасалған тағам — қаймақ.
- Бас киім — қалпақ.
- Балық аулайтын құрал — қармақ.
II топқа
- Су көлігі — қайық.
- Баста орналасқан дене мүшесі — құлақ.
- Ұлт — қазақ.
- Су алатын терең қазылған жер — құдық.
- Көкөніс атауы — қызанақ.
- Пышақ қайрауға арналған құрал — қайрақ.
Көрермендерге сұрақтар
- Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
- Мемлекет туының түсі қандай?
- Жуан дауыстыларды ата.
- 1 аптада неше күн бар?
- Зат есімнің сұрақтары қандай?
- «Күнделік» сөзінде неше буын бар?
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Аналар мерекесі қашан тойланады?
- Жыл мезгілдерін ата.
- 1 сағатта неше минут бар?
VI айналым: «Анықтама бюросы» (әдебиеттік оқу)
Білімменен тәнті етеді тектілер,
Мұратына білім ғана жеткізер.
Бар ізгілік тек біліммен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Топтарға мәтін үзінділері оқылады. Тапсырма: мәтіннің атауын айту, кейіпкерлерін атау және қысқаша мазмұнын жеткізу. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
«Зерде» тобына үзінділер
Үзінді 1
Әлима апай сыныпқа кіргенде, оқушылар орындарынан дүр етіп тұрып, ізет көрсетті. Апай журналды ашып, оқушыларды түгендей бастады. «Сыныпта кім жоқ?» — «Бейсенбаев Әмір жоқ. Ол ауырып жатыр...»
Дұрыс жауап: «Әмірдің қулығы» (Әмір әжесіне өтірік айтып, сабаққа келмейді; оны сыныптасы Сәлім айтып қояды).
Үзінді 2
Алтынгүл адасқан бала — Жомартты үйіне ертіп әкелді. Анасы базарда адасып қалған баласын қайдан іздеймін деп қиналып отыр екен. Жомартты қуана қарсы алып, бауырына басты...
Дұрыс жауап: «Қамқорлық» (Алтынгүл жолығып қалған адасқан Жомартты үйіне жеткізіп салады; кішкентайға қамқор болу — үлкен парыз).
«Зейін» тобына үзінділер
Үзінді 1
Кедей бұл балтаны үйге әкелген күннен бастап құлшына еңбек етеді. Алтын балта сиқырлы балта екен, кедей отынды да өндіре жарады. Сөйтіп, ісі оңға басады...
Дұрыс жауап: «Алтын балта» (кейіпкерлері: кедей, бай, диірменші шал; адал еңбек пен қызғаныш жайлы).
Үзінді 2
Босанған ит қашып үлгере алмай қалған бір баланың шалбарынан тартып өткенде, бала бажылдап, қою қара шаңға бұрқ ете түсті...
Дұрыс жауап: «Батылдық» (қабаған итке таланып жатқан досын құтқаруға батылдық танытқан бала туралы).
Қорытынды
Сайыс мәресіне жетті. Енді зияткерлік ойынның нәтижесін шығару үшін сөз кезегін әділқазылар алқасына береміз. Жеңімпаздар марапатталады.
Марапаттау
Жеңіске жеткен топ пен белсенді қатысушылар мадақтама қағаздарымен және алғысхаттармен марапатталады.