Түйенің төлін ата Болашақ тобына
«ЗЕРДЕ» интеллектуалдық-танымдық ойыны
Сынып жетекшілер апталығы аясында 1 «Ә» сынып оқушылары арасында «ЗЕРДЕ» интеллектуалдық-танымдық ойыны өткізілді. Бұл іс-шара оқушылардың білімге қызығушылығын арттырып, ойлау қабілетін, тапқырлық пен жылдам шешім қабылдау дағдыларын дамытуға бағытталды.
Мақсаты
- Оқушылардың білімдерін сайыс арқылы шыңдап, жан-жақты болуға, өзіне сенімділік қалыптастыруға ықпал ету.
- Логикалық ойлауды дамыту, дарынды оқушылардың әлеуетін ашу, үздік болуға тәрбиелеу.
- Тиянақтылыққа, бастаған істі соңына дейін жеткізуге, төзімділік пен ұстамдылыққа баулу.
- Өзіндік жұмыс арқылы жауапкершілікті арттырып, ізденімпаздық пен шығармашылықты дамыту.
Ашылу сөзі
Мұғалім: «Армысыздар, бүгінгі кешке жиылған математиканы сүйетін қауым! Бүгін 1 “Ә” сыныбында өтетін “Зерде” атты интеллектуалдық-танымдық ойынға қош келдіңіздер! Ендеше, сайысымызды бастамас бұрын сайыскерлерді қошеметпен ортаға шақырайық».
«Достық» тобы
Ұраны: «Достығымыз берік болсын, білім мен өнер серік болсын»
«Болашақ» тобы
Ұраны: «Болашақтың ұл-қызымыз, көркейтеміз елді біз»
«Қыран» тобы
Ұраны: «Білім алып бүгін алтын ұяда, ертең әлі шарықтаймыз қияда»
Кезеңдер құрылымы
I кезең
Таныстыру
II кезең
Бәйге
III кезең
Сиқырлы әріптер
IV кезең
Сиқырлы шаршы
V кезең
Кім жүйрік?
VI кезең
Логикалық тапсырмалар
VII кезең
Дода (топ басшылар сайысы)
VIII кезең
Білімпаз
Кезеңдер мазмұны
I кезең — Таныстыру
Әр топ мүшелері өздерін таныстырады.
II кезең — Бәйге
Сұрақтарға ауызша жауап беріледі. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай есептеледі. Әр топқа 6 сұрақ қойылады.
II кезең сұрақтары
«Достық» тобы
- Апта күндерін ата.
- Қыс айларын ата.
- 3 + 5
- Тірі табиғатқа не жатады?
- Бір жылда неше мезгіл бар?
- Түйенің төлі қалай аталады?
«Болашақ» тобы
- Үй жануарларын ата.
- Үй құстарын ата.
- Өлі табиғатқа не жатады?
- Сиырдың төлі қалай аталады?
- Көктем айларын ата.
- 8 наурыз — қандай мереке?
«Қыран» тобы
- Төрт қабырғадан тұратын фигураны ата.
- 3 санын 7-ге арттыр.
- 9 санын 4-ке кеміт.
- 10 − 7
- Табиғат нешеге бөлінеді?
- Қойдың иесі қалай аталады?
III кезең — Сиқырлы әріптер
Қазақ әліпбиінен кез келген 1 әріп таңдалады. Сол әріптен басталатын сөздер жазылады. Адам аты мен қала атауларын жазуға болмайды. Қанша сөз жазылса, сонша ұпай беріледі. Уақыт: 3 минут.
IV кезең — Сиқырлы шаршы
Топтар 10, 20, 30 ұяшықтарын таңдап, сол ұяшықтардың сұрақтарына жауап береді. Әр топ 3 рет таңдайды. Ұпайы аз топтан басталады. Егер жауап бере алмаса, дайын отырған оқушы жауап беруге құқылы — ұпай сол жауап берген топқа жазылады.
«Сиқырлы шаршы» сұрақтары
Жоғарғы қатар
- 10: Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?
- 20: Дауыссыз дыбыстарды ата.
- 30: «Әліппенің атасы» кім?
Ортаңғы қатар
- 10: Дауысты дыбыстарды ата.
- 20: Төрт түліктің төлдерін ата.
- 30: Қосудың компоненттерін ата.
Төменгі қатар
- 10: Төрт түлікті ата.
- 20: Дыбыстар нешеге бөлінеді? Атап бер.
- 30: Азайтудың компоненттерін ата.
V кезең — Кім жүйрік?
1 минут ішінде математикалық амалдарды барынша дұрыс орындау. Ең көп есеп шығарған топ кезең жеңімпазы атанып, 5 ұпай алады.
VI кезең — Логикалық тапсырмалар
Берілген фигуралардың ішінде неше үшбұрыш бар? Көрсетіп, санап дәлелдеу керек.
V кезең тапсырмалары
«Достық» тобы
«Болашақ» тобы
«Қыран» тобы
VII кезең — «Дода» (топ басшылар сайысы)
Тақтаға бірнеше есеп ілінеді. Әр топтың басшысы есепті таңдап, өзі шығарады және дұрыс шешімі үшін топ қоржынына ұпай қосады.
Бағалау
5 ұпай
Дұрыс жауап берген топ басшысына беріледі.
VIII кезең — Білімпаз
Үш топқа да бірдей тапсырма беріледі. Уақыт: 3 минут. «Қас» сөзінің бір әрпін өзгертіп, жаңа сөздер құрастыру керек. Қанша дұрыс сөз жазылса, сонша ұпай қосылады.
Мысал сөздер
Қорытындылау
Ойын соңында әр топтың ұпайлары есептеліп, қорытынды шығарылды. Ең көп ұпай жинаған топ жеңімпаз атанып, марапатталды. Белсенді қатысқан оқушыларға және көрермендерге алғыс білдірілді.
Нәтиже
Жеңімпаз — «Достық» тобы
Оқушылар «Сиқырлы шаршы» кезеңінде де ерекше белсенділік танытты.