Үштік кезең - палеоген
Сабақтың тақырыбы
Кайнозой заманында тіршіліктің дамуы
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға кайнозой заманы, оның кезеңдері және ондағы ірі ароморфоздар туралы мәлімет беру; жер тарихы мен осы кезеңдегі өзгерістер жайлы білімдерін дамыту және жетілдіру.
Күтілетін нәтиже
- Кайнозой заманындағы тіршіліктің дамуы туралы мәлімет алады.
- Үштік және төрттік кезеңдерін ажырата алады.
- Организмдердің Жер шарына кеңінен таралуы қазіргі биогеоценоздардың түзілуіне ықпал еткенін түсінеді.
7 модульдің қолданылуы
Қолданылатын әдіс-тәсілдер
- Менталь карта
- Ой қозғау
- Тірек-сызба
- Термин сөздермен жұмыс
- Семантикалық карта
- Тұжырымдамалық кесте
- Сәйкестендіру тесті
Қолданылатын ресурстар
- A3 қағазы
- Стикерлер
- Маркер
- Проектор
- Тақта
- A4 қағазы
- Оқулық
- Қалам, дәптер
Сабақ барысы
Төменде сабақ кезеңдері мұғалім мен оқушы әрекеті түрінде берілген.
| Кезең | Мұғалімнің іс-әрекеті | Оқушының іс-әрекеті |
|---|---|---|
| Ұйымдастыру |
|
|
| Үй тапсырмасы | Менталь карта әдісі арқылы өткен замандарды сұрайды; әр заманның климаты мен органикалық дүниесіне сипаттама беруді бағыттайды. | Замандарды тізбектей атап, әр кезеңдегі климатты және өсімдіктер мен жануарлар дүниесін сипаттайды. |
| Ой қозғау | Сұрақ қояды: «Адамдардың қазіргі өмір сүруіне дейін Жер тарихындағы төрт заманның дамуы жеткілікті ме?» | Өз ойларын ортаға салып, төрт заманнан кейін де даму жалғасқанын айтып, кайнозой заманына өтеді. |
| Жаңа сабақ |
|
|
| Бекіту |
|
|
| Рефлексия | Сабақтан алған әсерлерін стикерге жазуды ұсынады. | Стикерге жазып, өз пікірін оқиды. |
| Үй тапсырмасы | Жаңа тақырыпты қайта оқу; «Қазіргі заманның дамуы неге тәуелді?» тақырыбында эссе жазу. | Үй тапсырмасын жазып алып, пысықтайды. |
| Бағалау | Бағалау парағындағы жинаған ұпай санына қарай, топбасшы бағалауымен салыстыра отырып қорытынды баға қояды. | Бағасын күнделікке қояды. |
Жаңа сабақтың жоспары
Негізгі ұғым
Кайнозой — «жаңа өмір заманы» (грекше kainos — жаңа, zoe — тіршілік).
Кезеңдер
- Үштік кезең — палеоген.
- Төрттік кезең — мұздық ғасыр (плейстоцен) және соңғы ғасыр (голоцен).
Кайнозойдың кезеңдік жіктелуі (сызба)
Үштік
- Палеоцен
- Эоцен
- Олигоцен
- Миоцен
- Плиоцен
Төрттік
- Плейстоцен
- Голоцен
Топтық тапсырма (1-топ)
Семантикалық карта әдісімен оқулықты пайдаланып, үштік және төрттік кезеңдерді салыстыруға арналған сызба-кестені толтыру.
Топтық тапсырма (2-топ)
Тұжырымдамалық кесте әдісімен бейнетүсірілімді дыбыссыз қарап, оқулықсыз өз тұжырымдары негізінде кесте-сызбаны толтыру.
Сабақты бекіту: сәйкестендіру тапсырмасы
Берілген ұғымдарды сәйкес терминдермен сәйкестендіріңіз.
| № | Тұжырым | Сәйкестігі |
|---|---|---|
| 1 | Омыртқасыздардың даму кезеңі | Силур (А) |
| 2 | Ең алғаш құрлыққа шыққан өсімдік | Псилофиттер (Д) |
| 3 | Сауытты балықтар пайда болды | Кембрий (Е) |
| 4 | «Тірі қазба» | Гаттерия (В) |
| 5 | Археоптерикс шықты | Юра (Б) |
| 6 | Қырықбуын, плаун, қырықжапырақтар пайда болды | Девон (Г) |
| 7 | Үш башпайлы жылқылар | Гиппариондар (Ж) |
| 8 | Аймақтардың кеңеюі, ағза құрылысының күрделенуі | Ароморфоз (К) |
| 9 | Белгілердің ажырауы | Дивергенция (З) |
| 10 | Жаңа өмір заманы | Кайнозой (И) |
Жауапты тексеру
Оқушылар жауаптарын тақтадағы нұсқамен салыстырып, қателерін түзетеді.