Нан - тіршілік тірегі
Тақырыбы мен мақсаты
1) Түсіндіру
Оқушыларға қасиетті тағамның бірі — нан екенін ұғындыру; нанның дастарханға қандай еңбекпен келетінін түсіндіру. «Ас атасы — нан» деген қағиданың мәнін ашу.
2) Дамыту
Дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін дамыту; еңбекқорлық пен адамгершілік құндылықтарын ояту.
3) Тәрбиелеу
Нанды қастерлеуге, ысырап етпеуге, адам еңбегін бағалай білуге және еңбек етуге тәрбиелеу.
Әдістер
- Сұрақ-жауап
- Топпен жұмыс
- Интерактивті тақтамен жұмыс
Көрнекіліктер
Сынып сағатының барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық тренинг
«Жаңа күн» жаттығуы арқылы ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру.
Топқа бөлу
Оқушыларды 2 топқа бөлу және тапсырмалармен таныстыру.
Тақырып, мақсат
«Нан — қасиетті тағам» тақырыбының мәнін ашып, күтілетін нәтижені айту.
Нанға апарар еңбек: кім не істейді?
Тыңда ерлер түлетті,
Тың адамды үйретті.
Нан үшін олар тер төкті.
- Тракторшы
- Диқаншы
- Комбайншы
- Жүргізуші
- Диірменші
- Наубайшы
- Дүкенші
Сахналық көріністер: 1-топ — «Егінші мен қасқыр», 2-топ — «Нанның иісі». Көріністер арқылы нан дайындау жолының ұзақ әрі қиын екені түйінделеді.
Нан дастарханға қалай келеді?
Оқушылар «Нанды дайындаудың жұмыс тәртібі қандай?» сұрағына жауап бере отырып, кезеңдерді ретімен атайды.
Жер жырту
Егін егуге жерді дайындау.
Дән себу
Тұқым себіліп, жаңа өмір басталады.
Егістікті күту
Суару, баптау, қорғау жұмыстары.
Астық жинау
Піскен өнімді ысырапсыз жинау.
Элеваторға әкелу
Астықты сақтау және сұрыптау.
Диірменге әкелу
Ұнға айналатын келесі қадам.
Ұн тарту
Астықтан ұн дайындалады.
Нан илеу, ашыту
Қамыр иленіп, бабына келеді.
Нан пісіру
Наубайханада нан дайындалады.
Дүкенге әкелу
Дайын өнім халыққа жетеді.
Топпен жұмыс
1-топ: Өлеңдер оқу
Нанның қадірін, еңбек пен берекенің байланысын өлең жолдары арқылы жеткізу.
2-топ: Тағамға қатысты ырым-тыйымдар
Оқушылар өз пікірлерін айтып, тағамға деген құрметтің мәнін талдайды.
Нанды аяқ астына тастама.
Сүтті төкпе, баспа.
Жерде жатқан нанды еңкейіп ал.
Тамақ ішкен кезде сөйлеме.
Тамақты төкпей-шашпай іш.
Даналық сөз және «обал» ұғымы
Халқымыз әр іс-әрекетке, әр затқа қатысты өнегелі ой айтып отырған. «Обал» — жақсылықтың да, несібенің де еңбекпен келетінін, оны қадірлеп ұстау керектігін еске салатын ұғым.
Еңбекке қатысты мақал-мәтелдер
- Ас атасы — нан.
- Еңбектің наны тәтті, жалқаудың жаны тәтті.
- Нан — қасиет, нан — береке, нан — мереке.
- Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.
Қорытынды
«Нан қасиетті тағам» деп бекер айтылмаған. Нанның қасиеті — тоқшылыққа, берекеге, тыныштыққа бастайды. Нансыз өмірді елестету қиын: ол — тіршіліктің тірегі.
Сондықтан нанды қастерлеуіміз керек: ысырап етпей, үнемдеп, оның артында маңдай тері төгілген адал еңбек тұрғанын әрдайым есте ұстауымыз қажет.
О, адамдар! Кең пейілділер!
Бір дән жолда жатса —
Ұлылықпен еңкейіңдер!
Стратегиялық ойын
«Автор орындығы» әдісі арқылы оқушылар өз ойларын жинақтап, ортақ қорытынды жасайды.
Рефлексия
Сабақ соңында әр оқушы бүгін алған әсерін, түсінгенін қысқаша айтып шығады.
Үйге тапсырма
«Ас атасы — нан» тақырыбы бойынша шағын әңгіме жазу.