Құрмалас сөйлем түрлерін қайталау

Сабақ туралы

Тақырып

Құрмалас сөйлем (10-сынып)

Сабақтың түрі

Білімді тексеру, есепке алу және жүйелеу.

Әдіс-тәсілдер

СТО стратегиялары: талдау, салыстыру, ізденіс, ой қозғау, ой жалғастыру, ой толғау, тест.

Сабақтың мақсаты

1) Оқушылардың құрмалас сөйлемді ажыратып, олардың мағыналық түрлерін анықтай алу дағдыларын тексеру.

2) Оқушылардың ауызекі және жазба тілін дамыту.

3) Оқушыларды білімге және еңбекке ынталандыру.

Сабақ барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа дайындық, назарды шоғырландыру.

Ой қозғау (2-слайд)

Құрмалас сөйлемнің ережесін еске түсіру.

Ой толғау (3-слайд)

Венн диаграммасы арқылы салалас және сабақтас құрмалас сөйлемдерді салыстыру.

Ой жалғастыру (4-слайд)

Салалас құрмалас сөйлем түрлерін қайталау, мысал келтіру.

Ой жалғастыру (5-слайд)

Сабақтас құрмалас сөйлем түрлерін қайталау, мысал келтіру.

Мәтін бойынша жұмыс

Кітап — сенің досың

Кітап — қымбат дос. Ол сенің сырыңды ешкімге ашпайды, әрқашан саған үнсіз көмек көрсетеді. Сен оны құрметте!

Оның берген ақылын ұғып, жадыңа тоқы! Кітапты көп оқысаң, өмірде өз бетіңше шешім қабылдай аласың.

Кітап — көп ақыл құйылған көл. Жан-жақты, білімді адам болу үшін түрлі кітаптарды көп оқу керек.

Күнделікті өмірге қажетті ақпараттың бәрін кітаптан аламыз, сондықтан оны аялай білейік! Кітап — сарқылмас білім бұлағы, халық қазынасы.

Тапсырмалар

  1. 1 Мәтінді оқу.
  2. 2 Мәтінге жоспар құру.
  3. 3 Мәтінді әңгімелеу.
  4. 4 Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді тауып, түрін ажырату.

Сөйлемді жалғастыр және түрін анықта (VII)

  • 1. Мен кітап оқуды жақсы көремін, ...
  • 2. Ғалымдар көп оқиды, ...
  • 3. Кітапханаға барсаң, ...
  • 4. Балалар көп оқығандықтан, ...
  • 5. Кітап қызық екен, ...

Шығармашылық жұмыс (VIII)

Құрмалас сөйлемдерді қолданып, «Мектеп» және «Білім» тақырыптары бойынша шағын әңгіме құрастыр.

Талап: кемінде 3 құрмалас сөйлем қолдану (салалас/сабақтас түрлері көрсетілсін).

Мақал-мәтелдер (IX)

Оқып, мазмұнын түсіндір:

  • Ақыл азбайды, білім тозбайды.
  • Білімді өлсе, қағазда аты қалады.
  • Оқи берсең, көзің ашылады.
  • Білім ауысады, ырыс жұғысады.
  • Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
  • Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

Бекіту және бағалау

Тест (X)

Тест сұрақтарына жауап беру және тексеру.

Қорытынды жұмыс (XI)

Құрмалас сөйлем түрлерін қолданып, «Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы» тақырыбына әңгіме құрастыр.

Үй тапсырмасы (XII)

1) Қайталау

Құрмалас сөйлем түрлерін қайталау.

2) Жазба жұмыс

«Кітапқа да күтім керек» тақырыбына әңгіме құрастыр.