Бауырсақтың тапсырмасы

Ақмола облысы • Зеренді ауданы • Қызылтаң орта мектебі

Мектепалды даярлық сынып тәрбиешісі: Байсеитова Сауле Азнабаевна

Сабақтың тақырыбы

Ұ дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: оқушыларды Ұ дыбысы және әрпімен таныстыру.
  • Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын және ойлау қабілетін дамыту.
  • Тәрбиелік: ұқыптылыққа, әдемілікке, тазалыққа тәрбиелеу.

Сабақтың міндеті

Ұ әрпінің жазылуын және оқылуын меңгерту.

Әдіс-тәсілдер

Ой қозғау Сұрақ-жауап Түсіндіру

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Кеспе әріптер
  • Ойыншықтар
  • Буындар
  • Слайд
I

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық

Сәлем деймін күнге мен, Сәлем деймін мен саған. Сәлем деймін апайға, Қонақтарға мың сәлем.

II

Өткен сабақты пысықтау

– Қане, балалар, өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық? Ж ж дыбысымен.

– Дұрыс айтасыңдар!

– Енді өткен сабақты қаншалықты меңгергендеріңді байқап көрейік.

Қызығушылықты ояту

– Балалар, «Бауырсақ» ертегісін білеміз бе? Ол ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

Бүгін сол кейіпкерлер бізге қонаққа келіп, әрқайсысы өз тапсырмасын ала келіпті. Орындаймыз ба?

Ой қозғау: Бауырсақтың тапсырмасы

«Ең алғыр бала» дидактикалық ойыны. Тапсырманы дұрыс әрі ұқыпты орындасаңдар, әдемі гүлдің бейнесін құрастырасыңдар.

  • Гүлдің әр күлтешесінің астында суреттер беріледі.
  • Суреттердің атауын атап, буынға бөлесіңдер.
  • Күлтешені өз орнына дұрыс орналастырасыңдар.
  • Барлығы қате жібермей орындалса, гүл толық құралады.

– Жарайсыңдар, балалар!

III

Мағынаны тану

Жаңа сабақ: жұмбақ шешу

Ұя, ұлу, ұшақтың Басын бастап беремін. Құс, жұмыртқа, бұтақтың Ортасында келемін.

Жауабы: Ұя