Елтаңба белгілері нені білдіретінін жаз
Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы №2 Лицей КММ
Орыс мектептеріндегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі: Оспанбай Талғат Оспанбайұлы
Сабақтың мақсаты
а) Білімдік мақсат
Елтаңба туралы толық мағлұмат беру, ондағы бейнелердің мағынасын ашып түсіндіру. Оқушыларды сөйлем мүшелеріне талдау жасауға үйрету.
ә) Тәрбиелік мақсат
Тілдік-эстетикалық сезімді дамыту, рәміздерді құрметтеуге баулу, Отанды сүю және патриоттық сезімді ояту.
б) Дамытушылық мақсат
Оқушының ойлау қабілетін дамыту, тапқырлық пен ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
II. Үй тапсырмасын тексеру
1-тапсырма. Мағынасы ұқсас сөздерді жұптастырып жаз.
Ту
Байрақ
Ат
Пырақ
Ою
Өрнек
Құрметтеу
Сыйлау
Шұғыла
Сәуле
Айналасында
Жанында
Қоршап тұр
Көмкеріп тұр
2-тапсырма. Мақал-мәтелдерді жаттап алу.
- Ұлтарақтай болса да, атақоныс жер қымбат.
- Ат төбеліндей болса да, туып-өскен жер қымбат.
- Өзін-өзі билеген ер бақытты.
- Өзін-өзі билеген ел бақытты.
3-тапсырма. Зерттеу жұмысы
Тудың авторы Шәкен Ниязбеков туралы мәлімет жинап келу.
III. Өткенді пысықтау, қайталау
Алдыңғы сабақтарда өткен тақырыптарды қысқаша еске түсіру және негізгі ұғымдарды бекіту жұмыстары жүргізіледі.
IV. Жаңа ұғымды түсіндіру
- Әнұран орындалады.
- «Елтаңбасы — елімнің» тақырыбы презентация арқылы түсіндіріледі.
- «Елтаңбасы — елімнің» өлең жолдары оқылады.
V. Жаңа ұғымды бекіту
Деңгейлік тапсырмалар
«Мемлекеттік Елтаңба» мәтінін оқып, түсінгеніңді әңгімелеп айтып бер (айтылым).
1-деңгей
1-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді жаз (оқылым).
- Елтаңбада ......................, .............................., ......................... бейнеленген.
- Қазақстан Республикасының рәміздерінің түсі ....................... және ..........................
- Елтаңбаның ......................................... бес бұрышты жұлдыз бар.
- «Қазақстан» деген жазу елтаңбаның .............................................
- .............................. екі жағында қос пырақ бейнеленген.
2-тапсырма. Елтаңба белгілері нені білдіретінін жаз.
Шаңырақ
Отан отбасынан басталады.
Пырақ
Жылқы — адамның қанаты.
Бес бұрышты жұлдыз
Мемлекетіміз бес құрлыққа есігін кең ашып тұр.
2-деңгей
1-тапсырма. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңдар (жазылым).
Берілген сөздер
Елтаңбамыздың, шаңырақ, бейнеленген, ортасында.
Дұрыс сөйлем: Елтаңбамыздың ортасында шаңырақ бейнеленген.
Берілген сөздер
Мемлекеттік рәміздерді, міндеті, әрбір адамның, сыйлау.
Дұрыс сөйлем: Мемлекеттік рәміздерді сыйлау — әрбір адамның міндеті.
Берілген сөздер
Қабылданды, 4 маусымда, мемлекеттік рәміздер, 1992 жылы.
Дұрыс сөйлем: 1992 жылы 4 маусымда мемлекеттік рәміздер қабылданды.
Қосымша: сөйлем мүшелеріне талдау (грамматика).
2-тапсырма. Сұхбатты рөлмен оқыңдар (тілдесім).
Оқушылар жұппен/топпен жұмыс жасап, диалогті мәнерлеп оқиды және мазмұнын қысқаша талқылайды.
3-деңгей
Тапсырма. Жазбаша жауап бер (айтылым/жазылым).
Ар-намысы бар қазақстандық азаматтың Отан алдындағы парызы қандай? Өз ойыңды дәлелмен жаз.
Жауапқа арналған орын
VI. Сабақты қорытындылау
Венн диаграммасы арқылы салыстыру жұмысы жүргізіледі.
Ұсыныс
Оқушылар «Елтаңба», «Ту», «Әнұран» ұғымдарының ортақ және айырмашылық белгілерін анықтап, қорытынды жасайды.