Армысыздар ұстаздар мен оқушылар

Тәрбие сағаты / Салтанатты іс-шара сценарийі

Мақсаты

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті туралы толық мәлімет беру; оқушыларды өз Отанын, туған жерін сүюге, қорғауға, сақтауға және құрметтеуге тәрбиелеу.

Іс-шараның құрылымы

  1. 1Ұйымдастыру кезеңі
  2. 2Кіріспе сөз
  3. 3Құттықтау сөз
  4. 47-сынып оқушыларының әдеби монтажы
  5. 53–9-сынып оқушыларын «Жасұлан» ұйымына қабылдау

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! 1 желтоқсан — Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне арналған салтанатты тізілісті ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер! (Гимн)

2-жүргізуші

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өз ішінен шықты деген сөзді поэтикалық-асқақ мәнде де, тура мағынасында да түсінген жөн. Ол қарапайым ауыл отбасында туып-өсті. Балалық шағы ауыртпалығы мол соғыс және соғыстан кейінгі жылдармен тұстас келді. Ел алапат соғыстан соң қайта еңсе тіктеп жатқан еді: ең қажетті нәрселер жетіспеді, адамдар жиі ашқұрсақ болды.

1-жүргізуші

Жас Назарбаев осының бәрін басынан өткеріп, қиындықты жеңе білді. Ол жақсы білім алып, мамандық игеріп, азамат ретінде қалыптасты. Елмен жұмыс жүргізетін басшылық қызметтерге сатылап жоғарылап, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті болды.

2-жүргізуші

Сондықтан «халық арасынан шықты» деу — аздық етеді. Ол халықтың өз қанынан жаралған бір бөлшегі еді және солай болып қала береді. Халықпен тұрақты, айнымас рухани және тікелей байланыс көп жағдайда оның бүкіл ғұмырының бағыты мен мұрат-мақсатын айқындап берді.

1-жүргізуші

Тәуелсіздік жылдары Президенттің қызметі мен әлеуметтік-экономикалық реформалары халықтың игілігі үшін жасалды деп батыл айтуға болады. Қазақстанда жаңа оқу орындары мен ауруханалар салу жалғасуда, өмір сапасын жақсартуға бағытталған әлеуметтік бағдарламалар жүзеге асуда. Халықпен жүйелі кездесулер өткізіп, түрлі сала өкілдерімен жүздесе жүріп, ел тынысын үнемі бақылап отырады. Бірде-бір өңір мен ірі кәсіпорын назардан тыс қалмай, түйткілді мәселелер назарда ұсталады.

2-жүргізуші

Халық қамын ойлау — жалпыхалықтық құрмет пен сүйіспеншілікке ұласты деуге болады. Тәуелсіздік жылдарында еліміздің азаматтары Мемлекет басшысына терең құрметі мен берік сенімін танытты. 2011 жылғы Қазақстан Президенті сайлауында Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылар даусының 95%-дан астамына ие болып, айқын жеңіске жетті.

1-жүргізуші

Осындай қуатты қолдау мен сенімнің арқасында Президент Қазақстанды экономикасы дамыған, әлеуметтік кепілдіктері берік және қоғамдағы тұрақтылығы жоғары мемлекеттер қатарына шығара отырып, өз идеялары мен бастамаларын іске асырып келеді.

2-жүргізуші

Ән мен күйді төгілтіп, інжу-маржан шашайық. Қонақтарды таңдантып, өнерден күмбез жасайық. (Ән: «Қазақ осындай», 8-сынып оқушылары Ертаргинова Камилла, Алимуханова Аружан)

1-жүргізуші

1991 жылғы 1 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып Н. Ә. Назарбаев сайланды. Сол жылдан бері еліміздің дамуына бағытталған жұмыстар атқарылып, Қазақстанды әлемге таныту жолында үлкен қадамдар жасалды. Ендігі кезекте оқушылар Елбасына арнаған өлеңдерін оқиды.

Оқушылардың өлеңдері

1-оқушы (А. Баймолдаева)

Елбасы, сен Қазақстанның,

Барлық елмен дос болған.

Болмаған дұшпан ешқашан,

Қазақ елін гүлдендірген.

Тірі жүрші, Елбасы аға.

2-оқушы (М. Токеева)

Отаным — Қазақстан,

Желбіреген туы бар.

Отаным — Қазақстан,

Егеменді елі бар.

Отаным — Қазақстан,

Мөлдіреген өзені,

Отаным — Қазақстан,

Жайнаған жасыл орманы.

Суреттеуге сөз жетпейтін бір саған:

Жасай бер, Отаным — Қазақстан!

3-оқушы (А. Болатова)

Кең байтақ далалы жеріміз,

Ақ көңіл қонақжай еліміз.

Қазақ иісі аңқып тұрар әр жерден,

Алтын, көмір, мұнай — байлық кеніміз.

Байтақ елді басқаратын қамқоршы,

Қазақ үшін аянбайтын көшбасшы.

Елін сүйген, елі сүйген Президент,

Елімізге шуақ шашар күн болшы.

Тәуелсіздік алып берген біздерге,

Нұр ағадай Президент бар біздерде.

Бейбітшілік, ынтымақты сақтаған,

Мақтан тұтып, жар саламын сіздерге!

4-оқушы (А. Баймолдаева)

Елімнің атын айтсам — Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам — Қазақстан.

Қойнауы қазынаға толы мекен,

Байлығым атын айтсам — Қазақстан.

Қазақстан — менің мақтанышым,

Қазақстан — өзен, көлдер, теңіздер.

Қазақстан — қала, жасыл ауылдар,

Қазақстанның табиғаты — тұнған байлық.

5-оқушы (М. Токеева)

Елбасы елді қорғайды,

Халқы оны қолдайды.

Мен жырлайын,

Сөзбен өрнек өрейін.

Бақытты боп жүргенім —

Сенің арқаң, Ұлы Отан.

Басқарған аға — Нұрсұлтан!

1-жүргізуші

Еліміз бар, жеріміз бар, жер астында кеніміз бар. Халқымыз да көпұлтты — бүгінде олар бақытты. (Ән: «Отаным — Қазақстан», 7-сынып оқушысы Айтқожина Махаббат)

Оқушылардың әдеби монтажынан үзінділер

Тоқсан бірде Президентті сайладық,

Еркіндікке белді бекем байладық.

Ақ киізге Нұр ағаны көтеріп,

Тілек айтып, шаттық тойын тойладық.

Қазақстан — республикам менің!

Аяулы Отан, ардақты елім!

Құлпырып мәңгі жасай бер, жаса,

Сүйікті Отан, сүйікті елім!

Тәуелсіздік туралы толғау

Тәуелсіздік оңай келген жоқ. Оны ешкім «ала ғой» деп бере салған емес: талай тағдырға ауыр сынақ түсті, талай жастың қыршыны қиылды. Еркіндік — арман болып келді, ал теңдік үшін Қайрат пен Ләззаттай өр рухты жастар құрбан болды.

Егемендік орнап, тәуелсіздік төрімізге жайғасты. Бірлігіміз бекіп, бейбіт күнде көк байрағымыз желбіреді. Осы күнге жеткізген ел амандығын тілеу — баршамыздың ортақ парызымыз.

2-жүргізуші

Біздің Қазақстан — анамыздай тілеуі ақ. Отан бізге біреу-ақ, ол — біздің Қазақстан! Жастан сүйе аңсаған тәтті күй мен кәусар ән! (Ән: «Көк тудың желбірегені», 9-сынып оқушысы Төлеуханова Айзат)

«Жасұлан» ұйымына қабылдау

Оқушыларды «Жасұлан» ұйымына қабылдау рәсімін өткізу үшін қатысушылар ортаға шақырылады.

Қорытынды сөз

Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін ерекше қадірлеуіміз, қастерлеуіміз керек» деген сөзі әрбір азаматтың жүрегінде сақталуы тиіс. Бұл — туған ел алдындағы перзенттік борышымыз.

Тәуелсіздігіміз тұғырлы, еліміз еңселі болғай! Ту тігілді халқымның бүгін бағына — жас өрендер, желбіретіп, нық ұста! Ғасырларға жалғастырып елдікті, дақ түсірме ата-баба рухына. Тәуелсіздік туын жоғары ұстап, бүгінгі ұрпақ — елдің ертеңі.

Тұңғыш Президент күні құтты болсын! Тәуелсіздік туы әрдайым биікте желбірей бергей! Осымен салтанатты тізіліс аяқталды. Сау болыңыздар!

Автор туралы мәлімет

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы, Суықбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі — Карибаева Зауре Оразбайқызы.