Educational

Сабақтың тақырыбы

Менің болашақ мамандығым

Сабақтың мақсаты

Білімділік (Educational)

Студенттердің өз бетімен ізденуі арқылы болашақ мамандықтары туралы білімдерін жетілдіру. Үш тілді қолдану арқылы Елбасының «Үштұғырлы тіл» жобасын сабақ үдерісінде жүзеге асыру. Студенттерге болашақ мамандық туралы ақпарат беру және мамандықтардың негізгі сипаттамаларын түсіндіру.

Дамытушылық (Developing)

Дұрыс сөйлеу және дұрыс жазу нормаларын қалыптастыру. Есте сақтау мен ойлау қабілеттерін дамыту. Өз ойын еркін жеткізуге дағдыландыру, ойын түрлері арқылы пәнге қызығушылықты арттыру.

Тәрбиелік (Bringing-up)

Өз Отанына адал қызмет ететін, ел болашағы үшін аянбай еңбек ететін азамат тәрбиелеу. Болашақ мамандығын сүюге, еңбекқор болуға және кәсіби өсуге ұмтылуға баулу.

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Сабақтың типі

Кіріктірілген сабақ

Сабақтың түрі

Іздену сабағы

Сабақтың әдістері

Сұрақ-жауап, топтастыру, сұхбат, миға шабуыл, рөлдік ойын, постер қорғау.

Жұмыс формалары (Forms of work)

Жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыс.

Пәнаралық байланыс (Subjects’ connections)

Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі; «Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсетуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша кәсіби пәндер.

Қолданылған технологиялар

Ойын технологиясы, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы.

Көрнекіліктер мен материалдар

Интерактивті тақта/мультимедиалық проектор, слайдтар, бейнеролик, плакаттар, буклеттер.

Сабақтың құрылымы

  1. I кезең — Ұйымдастыру

    Сәлемдесу, психологиялық даярлық, топқа бөлу.

  2. II кезең — Үй тапсырмасын тексеру

    Үйден дайындап келген презентацияларды қорғау.

  3. III кезең — Бейнеролик көрсету

    Тақырыпқа кіріспе және талқылау.

  4. IV кезең — Миға шабуыл (сұрақ-жауап)

    Кәсіп, қонақ үй құрылымы және қызметтері туралы сұрақтар.

  5. V кезең — Рөлдік ойын

    Қонақ үй әкімшісі мен жолаушы арасындағы сұхбат.

  6. VI кезең — Сергіту сәті

    «Әрқашан күн сөнбесін» әнін үш тілде орындау.

  7. VII кезең — Топтық жұмыс (постер қорғау)

    Тақырыптарға сай постер дайындау және қорғау.

  8. VIII кезең — Қорытындылау және бағалау

    Үштілділік идеясы мен кәсіби тілдік дағдыларды бекіту.

  9. IX кезең — Үй тапсырмасы

    Текелі қаласындағы қонақүйлердің ерекшеліктерін анықтау.

Сабақтың барысы (The course of the lesson)

I. Ұйымдастыру кезеңі

1) Сәлемдесу: білім алушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

Психологиялық даярлық

Балалар, бүгін бізде ерекше сабақ. Сабағымызға қонақтар келіп отыр. Сондықтан тақырып бойынша білімдеріңді ортаға салып, әр кезеңдегі тапсырмаларға белсенді қатысыңдар. Сәттілік тілеймін!

Dear students, today we have an unusual lesson. We have many guests—teachers from our region. Please show your knowledge and take an active part in all tasks. I wish you success!

3) Топқа бөлу: оқушыларды топтарға ұйымдастыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Үйде дайындалған презентацияларды қорғау.

III. Бейнеролик көрсету

Оқытушының кіріспе сөзі

Ендеше сабағымыздың тақырыбын анықтайық. Бүгінгі сабақ мамандыққа байланысты және «Менің болашақ мамандығым» деп аталады. Тақырыпты үш тілге аударып көрейік.

IV. Миға шабуыл (сұрақ-жауап)

  • 1. Мамандық дегеніміз не?
  • 2. Who is at the head of the hotel?
  • 3. Таңдаған мамандығың туралы не білесің? Оның өзіндік ерекшелігі қандай?
  • 4. What does the Assistant Manager do?
  • 5. Қонақ үй қызметкерлеріне қандай талаптар қойылады?
  • 6. What does the Head Receptionist do?
  • 7. Қонақ үй әкімшілігі қандай міндеттер атқарады?
  • 8. What is the bellboy’s duty?

V. Рөлдік ойын

Қонақ үй әкімшісі мен жолаушының сұхбаты.

VI. Сергіту сәті

«Әрқашан күн сөнбесін» әнін үш тілде орындау.

VII. Топтық жұмыс: постер қорғау

I топ

Ұжымдық орналастыру құралдары дегеніміз не?

II топ

Қонақ үй әкімшілігінің атқаратын міндеттері.

III топ

Қонақ үйде қандай қызметтер көрсетіледі?

IV топ

Өз мамандығын жарнамалау.

VIII. Қорытындылау

Үштілділік туралы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында: «Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі — мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі — жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі» — деп атап өткен.

Елбасының үндеуін қолдай отырып, келешекте үш тілді еркін меңгерген, білімді де білікті маман болатыныңызға сенім мол.

Conclusion: Today we discussed your profession in depth. When you work as hotel receptionists, you will be able to use these expressions confidently. Now is the best time to learn English and speak it fluently.

President Nazarbayev paid special attention to language learning in his Message. The project “The Unity of Three Languages” was highlighted as a key direction of domestic policy: “Kazakhstan must be recognized worldwide as a highly educated country whose population uses three languages: Kazakh as the state language, Russian as the language of interethnic communication, and English as the language of successful integration into the global economy.”

Бағалау

Білім алушылардың белсенділігі, топтық жұмысқа қатысуы, сұрақтарға жауап беруі және рөлдік ойынға қатысуы негізінде бағалау жүргізіледі.

IX. Үй тапсырмасы

Текелі қаласындағы қонақүйлердің ерекшеліктерін анықтау.