Блум таксономиясы
Пән
Химия
Тақырып
Күкірт және оның қосылыстары
Түйінді идеялар
- Күкірт ауада жанғанда күкірт(IV) оксиді (SO2) түзіледі.
- Химия өнеркәсібінің «наны» — күкірт қышқылы (H2SO4).
Мақсаты
- Күкірттің (IV), (VI) оксидтері, күкіртсутек және күкірт қышқылының таңбаларын/формулаларын білу.
- Күкірт қосылыстарының физикалық және химиялық қасиеттерін, алыну жолдарын, қолданылуын түсіну.
- Қосылыстардың формулаларын құрастыру арқылы білімді қолдана білу.
Әдіс-тәсілдер
Топтық, жұптық және жеке жұмыс.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар өз ойларын жүйелі түрде жеткізеді және бір-бірін толықтырады.
- Сыйластық пен ынтымақтастыққа негізделген орта қалыптастырады.
- Критерий арқылы бағалап, қателермен жұмыс жасайды және ортақ қорытынды шығарады.
Тапсырмалар тізімі
Сабақ бойындағы әрекеттер оқушының білімін белсенді құрастыруға және дәлелдеуге бағытталған.
-
1
Ынтымақтастық атмосферасын құру
«Мен сізді таныстырғым келеді» танысу жаттығуы.
-
2
Өткен сабақты қайталау
Сұрақтар қою және «иә/жоқ» тесті.
-
3
Тақырыпты ашу
Зертханалық жұмыс арқылы бақылау және қорытынды жасау.
-
4
Топқа бөлу
Күкірт қосылыстарының формулалары арқылы топтастыру.
-
5
Топтық жұмыс
«Джигсо-2» әдісімен материалды меңгеру және постер қорғау.
-
6
Сыни сұрақтар
Талқылауды тереңдететін сұрақтар арқылы дәлел келтіру.
-
7
Жұптық жұмыс
Күкірт қосылыстарының макетін (шар-өзекті модель) жасау.
-
8
Жеке жұмыс
«Аяқталмаған тезис» тапсырмасы.
-
9
Блум таксономиясы
Білу–түсіну–қолдану–талдау–жинақтау–бағалау деңгейлері бойынша тапсырмалар.
-
10
Кері байланыс
Рефлексия: не қиын болды, не ұнады, нені өзгертер едің.
Сабақ барысы
Ұйымдастыру кезеңі
-
Ынтымақтастық атмосферасын құру: «Мен сізді таныстырғым келеді».
-
Сұрақ қою түрлері: бастама, жауап, кейінгі әрекет, түрткі, сынақтан өткізу, қайта бағыттау; «иә/жоқ» тесті.
-
Топқа бөлу (күкірт қосылыстары арқылы).
Тақырыпты ашу (білу)
Күкіртті ауада жағып, пайда болған өнімді бақылау; судың қатысуымен құбылысты талдау. Мұғалім жетекші сұрақтар қою арқылы оқушыларға тақырыпты өздері ашқызады.
Мағынаны тану (түсіну)
-
«Джигсо-2» әдісімен топтық жұмыс, постер қорғау.
-
Топтар бір-бірін «Екі жұлдыз, бір ұсыныс» арқылы бағалайды.
-
Сыни сұрақтардың түрлерін қолдану арқылы дәлелдеу және нақтылау.
Жұптық жұмыс (қолдану)
Тақырып аясындағы күкірт қосылыстарының шар-өзекті моделін жасау. Бағалау — «Бағдаршам» әдісі арқылы.
Жеке жұмыс: «Аяқталмаған тезис»
Оқушылар негізгі ұғымдарды қолдана отырып, сөйлемдерді логикалық түрде толықтырады.
Күкіртсутек (H2S)
- Күкіртсутектен ________ иісі шығады.
- Табиғатта ________ атқылағанда кездеседі.
- Онымен тыныс алғанда ________ байланысып, ________ ауруын туғызады.
- Ауада ________ жанады.
- Күкіртсутек ________ химияда қолданылады.
Күкірт(IV) оксиді (SO2)
- Күкірт(IV) оксиді — ________ иісі бар.
- Сумен әрекеттесіп, ________ түзеді.
Күкірт(VI) оксиді және күкірт қышқылы
- Күкірт ангидриді сумен әрекеттесіп, ________ бөле жүреді.
- Кейде оны ________ майы деп атайды.
- Күкірт қышқылына ағаш жаңқасын немесе қантты салса, ________.
- Кернеу қатарында сутектің оң жағындағы металдар ________ ерімейді.
- Күкірт қышқылына реактив — ________.
- Күкірт қышқылы қолданылуы бойынша ________ орында.
- Күкірт қышқылының тұздарын ________ деп атайды.
- Барий және қорғасынмен уланғанда ________ у қайтарғыш ретінде қолданады.
- Маталарды бояғанда басытқы ретінде ________ қолданады.
- Тері илеуде және бояу ісінде ________ қолданады.
Блум таксономиясы бойынша тапсырмалар
Төменгі деңгейлер
- Білу
- Күкірт қосылыстары туралы не білесің?
- Түсіну
- Олардың қасиеттерінен не түсіндің?
- Қолдану
- Тізбекті толықтыр: Күкірт → күкірт(IV) оксиді → күкірт(VI) оксиді → күкірт қышқылы → натрий сульфаты.
Жоғары деңгейлер
- Талдау
- Күкірт қышқылы мен күкіртсутекті салыстыр.
- Жинақтау
- Барий сульфатын ішек пен асқазанның рентгеноскопиялық зерттеулерінде қолданғанда, оның қандай қасиеттеріне сүйенеді?
- Бағалау
- Автомобиль аккумуляторына құю үшін 35%-тік күкірт қышқылы ерітіндісінің (тығыздығы 1,260 г/л) 6 литрін дайындау керек. 98%-тік концентрлі күкірт қышқылы (тығыздығы 1,84 г/л) мен судың қандай көлемдері қажет?
Рефлексия
Не қиын болды?
Қай кезеңде немесе қай тапсырмада қиындық сездің?
Не ұнады?
Қай әрекет саған қызықты әрі пайдалы болды?
Нені өзгертер едің?
Келесі сабақта оқуды жақсарту үшін қандай ұсыныс айтар едің?