Ақтөбе қаласы, 43 Гүлдәурен мектепке дейінгі ұйымымузыка жетекшісі

Салтанатты ашылу

Фанфара үнімен жүргізуші қонақтар мен әріптестерді қарсы алып, мерекелік кештің ашық екенін жариялады. Бұл күн — ерекше күн: «Гүлдәурен» балабақшасының 1 жылдық мерейтойы және сонымен тұспа-тұс келген Ұстаздар күні.

Жүргізуші ұжымға қажымас қайрат, талмас талап, шығармашылық табыс тілеп, білім мен тәрбие берудегі ортақ еңбек нәтижесінің зор екенін атап өтті.

Ведущий (рус.)

«Здравствуйте, дорогие гости и коллеги! Сегодня знаменательный день: нашему детскому саду “Гүлдәурен” исполняется 1 год. Только год назад мы сделали первые шаги к новому зданию и новым знаниям. С днём рождения, “Гүлдәурен”! Также поздравляем вас с праздником — Днём учителя. Желаем здоровья, счастья и творческих успехов».

Өлең жолдары мен алғашқы өнер шашу

Тыныш таппай балалар жүр әр үйде,
Бар сәбилер — шүкірміз ғой әрине.
Есік ашып шақырғанда баршаны,
Жайлы орын — балабақша сәбиге.

Жадыратып жанымызды жаңалық,
Ашылғанда балабақша жаңадан.
Қуанышқа кенеледі барша адам —
Құтты болсын періштелер мекені!

Ән: «Ақ тілек» — Мусина Дильнара

Нық басып қадамыңды алғашқыдан,
Келесің болашаққа басып қадам.
Кеңейтіп болашақтың іргетасын,
«Гүлдәурен» балабақшам — 1 жастасың!

Көріністер

  • Тәрбиленушілердің биі: «Азия»

Ұстаздарға арналған құттықтау

Абайдың «Ұстаздық етіп жалықпас, үйретуден балаға» деген сөзімен жүргізуші ұстаздарды төл мерекелерімен құттықтап, бүлдіршіндердің ақжарма лебізін қабыл алуға шақырды. Музыка әуенімен балалар залға кіріп, өз орындарына тұрды.

Балалардың тақпақтары

  1. Арман- қиял — асқан бақ,
    Сәби шақтан басталмақ.
    Балабақша білімге
    Апаратын баспалдақ.

    Аягөз

  2. Үйренеміз әлі біз,
    Жеткенінше әліміз.
    Таласпаймыз ойыншыққа,
    Тату доспыз бәріміз.

    Алина

  3. Сенбесеңіз — сұраңыз,
    Ұстаз сөзін ұғамыз.
    Ән де салып, би билеп,
    Өнерлі боп шығамыз.

    Дамира

  4. Қояр биік талабы,
    Ашық-жарқын қабағы.
    Тәрбиеші апайдың
    Қызықтырар сабағы.

    Данияр

  5. Ты подарил мне знаний свет,
    Мечту, уверенность в открытии.
    И сколько бы ни минуло лет —
    Тебя благодарю, учитель.

    Айша

  6. Риза әже, атай да,
    Риза ағай, апай да.
    «Рахмет» деп айтамыз
    Тәрбиеші апайға.

    Динара

  7. Не пускают маму в сад —
    Не грусти, приятель.
    Место мамы у ребят —
    В группе воспитатель.

    Ануар

  8. Болашақтың гүліміз,
    Ата-ананың нұрымыз.
    Алғыр болып өсеміз,
    Биіктерге жетеміз!

    Айдын

  9. Мен кішкентай баламын,
    Айтқан тілді аламын.
    Апам нанға кеткенде,
    Үйде жалғыз қаламын.
    Шкафтарды ашпаймын,
    Кітаптарды шашпаймын.
    Текшелерден үй жасап,
    Қызықты ойын бастаймын.

    Ақтолқын

Ән

«Би билегім келеді»

Бағдарламаның жалғасы: би, күй, ән

Ведущий (рус.)

«Дорогие наши педагоги! В этот праздник — День учителей — позабудьте все свои тревоги и на мир смотрите веселей».

Би

«Сылқым»

Көңілді қуанышқа толтыра ма,
Жүрекке әсем сазын қондыра ма?
Елітіп, елжіретіп, тамсандыра —
Не сиқыр бар қазақы домбырада?

Күй: «Ата толғау» — бүлдіршіндер мен ұстаздардан құралған «Гүлдәурен» халық аспаптар ансамблі

Ән

«Гүлдерайым» (халық әні) — музыка жетекшілері Курманова Сауле, Тілепбергенова Жайнагүл

Би

Айзакова Калдыгүл — өзбек биі

Ақыл қосып ойыңа,
Талпындырар асыл шың.
Бақшамыздың тойына
Әннен шашу шашылсын!

Еркебұлан Амир — ән: «Ортеке»

Би

«Достық»

Қорытынды бөлімі

  • «Гүлдәуреннің гимні» орындалды.
  • «Гүлдәурен — 1 жаста» жазуы салтанатты түрде ашылды.

Жылы тілек және жабылу

О, жас бүлдіршін!
Жарқылдаңдар, күліңдер,
Бақытты өмір, баянды өмір сүріңдер.
Бар жақсылық — бейбітшілік, білімде,
Ұлы Отанды ардақ тұтып жүріңдер!

Жүргізуші қорытынды сөз сөйлеп, «Гүлдәуреннің» 1 жасына арналған концерттік бағдарламаның аяқталғанын хабарлады.

Ведущий (рус.)

«Пусть не сломят вас неудачи, больше будет подарков судьбы. Улыбаться желает вам чаще “Гүлдәурен”, и свои невзгоды забыть. Долгих лет и успехов в работе желают вам дети. Пусть удачные годы вместе с птицами счастья летят! Уважаемые гости, на этом наш концерт, посвящённый дню рождения “Гүлдәурен”, подошёл к концу. До новых встреч!»