Адам сөзінің синонимін тап
Сабақ тақырыбы: Синонимдер (5-сынып)
Сабақтың мақсаты
-
Білімділік
Оқушыларды сөз мағынасына мән беруге, сөздерді лексикалық тұрғыдан талдай білуге үйрету.
-
Дамытушылық
Ойлау және пайымдау қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігіне және ой ұшқырлығына баулу.
-
Тәрбиелік
Туған тілдің ұлт мақтанышы екенін ұғындырып, мысалдар арқылы елін, жерін, тілін сүюге тәрбиелеу.
Сабақ туралы
- Сабақтың түрі
- Дәстүрлі сабақ
- Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу
- Көрнекіліктер
- Суреттер, слайдтар
Сабақтың барысы (қысқаша)
-
I. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, түгендеу, оқушылардың назарын сабаққа аудару.
-
Тақырыпты ашу
Суреттер көрсетіліп, ондағы заттарға сипаттама беру ұсынылады. Осы арқылы мағыналас сөздерге назар аударылады.
-
IV. Бекіту
Мақал-мәтел құрау, жаттығулар орындау, тест тапсырмаларын шешу.
Синоним деген не?
Синоним (гр. synonymos — мағыналас, мәндес) — тұлғалары әр түрлі, мағынасы жақын сөздер.
Синонимдердің негізгі белгілері
-
1
Сөздердің дыбысталуы (тұлғасы) әр түрлі болуы керек.
-
2
Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі тиіс.
-
3
Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуы қажет.
Тақырыпты ашу: мағыналас сөздерге мысалдар
Жүйрік атқа қатысты синонимдер
Сайгүлік, саңдақ, тұлпар, дүлдүл, пырақ, күлік — бәрі де «жүйрік ат» ұғымын білдіреді.
Шашасына шаң жұқпас жүйрік ат...
«Айшылық жерге асқанда, Аққудай ұшса ақ қарда, самғауына сай келмес — сайгүліктің шабуы»
«Осқырып таудың тағы тарланындай, не саңдақ жылқының жүр арғымағы»
«Тұлпардан тұғыр озбас шабылса да, Оған да үкі, тұмар тағылса да»
«Топтан озған дүлдүлден, жұртта қалған ит озды»
«Көлге біткен құрағым, суырылып озған пырағым»
«Күңірентті ойды, қырды өңшең күлік, Арқаны дүрілдетті дүбір қылып»
«Шапса да қанша жүйрік, бедеу озар, Болмайды кім үмітті қосқан жерде»
Анаға қатысты синонимдер
Шеше, ана, ене, апа — балаға ақ сүтін беріп, асырап-сақтаушы, мәпелеп өсіруші тұлғаға қатысты айтылады (мәтін контексіне қарай қолданылуы әр түрлі).
«Розаның шешесі орта жастан асқан, байсалды, қазақы кісі екен»
«Анам едің... жаман сөз айтпаймын, бірақ кімнен кім айырылмай жатыр?»
«Әкем мен анам үнемі ауылда қызмет істеген»
«Қашағанды қуар-ау, жүйрік мінген боташым. Қуандырып тұрар-ау, көкесі мен апасын»
Ерлікке қатысты синонимдер
Ер, батыр, қаһарман, жауынгер — қиындықтан қорықпайтын, қайтпас қайсар, батыл да өжет адамға қатысты.
«Ер мойнында қыл арқан шірімейді»
«Ол — батырға лайық, зор тұлғалы жігіт»
«Ерлігі үшін қазақ халқының қаһарман ұлы Хасан Мажитовқа Совет Одағының Батыры атағы берілді»
«Жанындағы ағасы Есенгелдіге қарағанда, Саржанның жауынгер жан екені бірден білінеді»
Бекіту тапсырмалары
Мақал-мәтелдерді құрау
-
Сабырлы жетер мұратқа, асыққан қалар ұятқа.
-
Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.
-
Еңбек етпесең, елге өкпелеме.
-
Егін екпесең, жерге өкпелеме.
70-жаттығу: «Синонимдер пойызы»
Қазақ тілінің синонимдер сөздігін пайдаланып, әр синоним сыңарын бір «вагон» деп есептеңдер. Синоним қатарларынан «пойыз» құрап, соңында пойызда неше вагон болғанын айтыңдар.
1-қатар: «Туысқан»
туыс, тума, ағайын, туған-туыс, жекжат-жұрағат, жамағайын
2-қатар: «Данышпан»
ұлы, дана, ғұлама, ойшыл, білімдар, оқымысты, данагөй
3-қатар: «Азайту»
алу, кеміту, шегеру, қысқарту
81-жаттығу: синонимдерді табу
Төмендегі сөздер мен тұрақты тіркестердің синонимдерін тауып жазыңдар. Өзің қалаған 3 сөзді немесе тұрақты тіркесті қатыстырып сөйлем құраңдар. Синонимдердің мағыналық ұқсастығы мен айырмашылығын ауызша түсіндіріңдер.
1-топ сөздер
Әсем, берік, айғайлау, үлкен, егде.
2-топ тұрақты тіркестер
Көзді ашып-жұмғанша, ит өлген жер, ағаштан түйін түйген, су жүрек, жұмыртқадан жүн қырыққан.
Сергіту сәті: «Тату сөздер»
Ерте, ерте, ертеде Лексика деген ауыл болыпты. Сол ауылда Синоним деген бай болыпты. Оның балалары өте көп екен. Бай отбасымен өте тату-тәтті өмір сүріпті. Татулығы сондай — балаларының бәрі бір үйде тұрыпты.
Ендеше сергіту сәтін «Тату сөздер» деп атап, сол байдың 5 ұлы мен 5 қызына мағынасы ұқсас сөздерден ат қояйық:
Тест тапсырмалары
1-сұрақ
Синоним дегеніміз не?
- A) Айтылуы мен жазылуы бірдей сөздер
- B) Мағыналары қарама-қарсы сөздер
- C) Жазылуы әр түрлі, мағыналары бір-біріне жуық сөздер
2-сұрақ
«Даңқ» сөзінің синонимін тап.
- A) Мықты
- B) Атақ
- C) Дәулет
3-сұрақ
«Қадірлі, құрметті, қадірменді» синонимдік қатары қай сөз табына жатады?
- A) Сын есім
- B) Зат есім
- C) Үстеу
4-сұрақ
«Адам» сөзінің синонимін тап.
- A) Шәкірт
- B) Дос
- C) Кісі