Тәуелсіздікке тартуым

6

Тәрбие сағаты

Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым

Сынып: 6 Көрнекілік: слайдтар Тақырып: Патриоттық тәрбие

Мақсаты

Оқушылардың отаншылдық пен ұлтжандылық сезімін күшейту, туған жерге және ата-мекенге деген сүйіспеншілігін арттыру, өз елінің тарихын құрметтеуге баулу және оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеу.

Сабақтың басталуы

Мұғалімнің кіріспе сөзі

Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Тәуелсіздік – баға жетпес байлығым» атты ашық сабағымызға қош келдіңіздер!

Елбасы сөзі

Біз бәріміз бір атаның – қазақ халқының ұлымыз. Бәріміздің де туған жеріміз біреу – ол қасиетті қазақ даласы. Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар, ол – Тәуелсіз Қазақстан.

Өлең жолдары

25 жыл. Ширек ғасыр, сен менің

Жүрегімді тыныштық боп тербедің.

Нәтижесі бейбіт күн мен бейнеттің,

50 елдің қатарына енгенім.

Күллі әлемді құшақ жайып қарсы алдың,

Қала салдық, қараса жұрт тамсанған.

Аз уақытта осы бір,

Орындалды қанша тілек, қанша арман.

Негізгі ой

Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Ол – ежелден ел арманы, сан ғасырлық күрестің жемісі.

Оқушылардың ізденіс жұмыстары: тарих беттері

  1. 1

    1723 жыл: «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама»

    Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып, халыққа ауыр зардап әкелді.

  2. 2

    Ұлт-азаттық көтерілістер

    1836–1838 жылдары Ішкі Бөкей ордасындағы көтеріліс, 1837–1847 жылдары Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыс, 1916 жылы Амангелді Иманов бастаған ұлт-азаттық көтеріліс халықтың еркіндікке ұмтылысын айқындады.

  3. 3

    1925–1933 жылдар: «Кіші Октябрь» және ашаршылық

    Голощекин жүргізген саясат елді аштыққа тіреп, күнкөрісі малға байланысты халық 2–3 жыл ішінде малынан айырылды. Қазақстанда 2 млн 200 мың қазақ аштықтан қырылды.

  4. 4

    1937 жыл: қуғын-сүргін

    Асыра сілтеудің кесірі қазақ әдебиеті мен мәдениетінің жайқалып келе жатқан буынын қиратты. Ақтаңдақ жылдардағы ел үшін еңіреген қайраткерлер тәуелсіздікке апарар ұлы жолдағы құрбандар еді.

  5. 5

    1941–1945 жылдар: Ұлы Отан соғысы

    Қазақ батырлары фашизммен күресте ерекше ерлік көрсетті. 100-ге тарта қазақ қаһарманына «Кеңес Одағының Батыры» атағы берілді.

  6. 6

    1949–1950 жылдар және одан кейін: Семей полигоны

    Семей полигонында жасалған 600-ден астам ядролық сынақтың салдарынан осы өңірдегі 500 мыңнан астам адам зардап шекті.

  7. 7

    1986 жыл: Желтоқсан оқиғасы

    Алматының бас алаңындағы оқиға дүниені дүр сілкіндірді. Жастар көтеріліске жаман оймен барған жоқ: олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке жетуді қалады. 16 желтоқсан — ерлік пен өрлік, қайғы мен қасірет араласқан жақын да қаралы күн. Бұл күн Қайрат, Қайыркелді, Түгелбай, Сәбира, Ербол, Ләззат сияқты боздақтардың тағдырымен таңбаланды.

  8. 8

    1991 жыл, 16 желтоқсан: Тәуелсіздік жарияланды

    Бұл күн қазақ халқы үшін әрі қастерлі, әрі тағдырлы: Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекет болып жарияланды.

Тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктер (қорытынды)

Маңызды даталар

Мұғалімнің қорытындысы (слайд материалдары бойынша)

  • 1991, 29 тамыз Семей ядролық полигоны жабылды.
  • 1991, 16 желтоқсан Қазақстан Тәуелсіздігін жариялады.
  • 1991, 2 қазан Қазақ ғарышкері Т. О. Әубәкіров ғарышқа ұшты.
  • 1991, 1 желтоқсан Тұңғыш Президент сайланды.
  • 1992, 2 наурыз Қазақстан БҰҰ-ға мүше болып қабылданды.
  • 1992, 4 маусым Мемлекеттік рәміздер бекітілді.
  • 1993, маусым Еліміздің тұңғыш Конституциясы қабылданды.
  • 1993, 15 қараша Ұлттық валюта – теңге енгізілді (2006 жылы жаңа үлгісі шығарылды).
  • 1994 Тұңғыш ордендер мен медальдар бекітілді.
  • 1995, 30 тамыз Жаңа Ата Заң қабылданды.
  • 1997, 10 қазан Ақмола қаласы Астана болып жарияланды.
  • 1998, 6 шілде Астана күні белгіленді.
  • 1999, 10 қаңтар Президент сайлауы өтті.
  • 2001 Тәуелсіздіктің 10 жылдығы аталып өтті.
  • 2010 Қазақстан ЕҚЫҰ ұйымына төрағалық етті.
  • 2011, 3 сәуір Н. Ә. Назарбаев қайта Президент болып сайланды.
  • 2011, 16 желтоқсан Тәуелсіздіктің 20 жылдығы атап өтілді.
  • 2012 Тұңғыш Президент күні аталып өтті; EXPO 2017 көрмесін өткізу құқығын 103 мемлекет қолдап, Қазақстан жеңіп алды.
  • Сонымен қатар: ғарыш саласындағы жетістіктер, Азиада және универсиада сияқты ірі спорттық жарыстар, олимпиада ойындарындағы табыстар, «Болашақ» бағдарламасы, мәдениет пен білім саласындағы даму.

Тарихқа көз жүгіртсек, қазақ – нағыз батыр халық екенін мойындаймыз. Рухы биік елдің ұрпағы болу – үлкен бақыт. Бүгінде тәуелсіз елімізді бүкіл әлем танып, мойындады.

«Қоржын-сұрақ» викторинасы

Мемлекеттік негіздер

  • Мемлекеттік рәміздер: ту, елтаңба, әнұран.
  • Ұлттық валюта: теңге.
  • Жаңа Ата Заң: 1995 жыл, 30 тамыз.
  • Қазақстан аумағы: 2 417,3 мың шаршы шақырым.

Тарих пен нышандар

  • Тәуелсіздік монументі: 1996 жыл, 18 желтоқсан; Республика алаңы.
  • Елтаңба авторлары: Ж. Мәлібеков, Ш. Уәлиханов.
  • Байқоңыр: қазақ жеріндегі ғарыш айлағы.
  • Әнұран авторлары: Ж. Нәжімеденов, Н. Ә. Назарбаев.

Марапаттар және мақал

Егемен Қазақстанның ордендері мен медальдары

«Халық қаһарманы», «Алтын жұлдыз», «Отан» ордені, «Даңқ», «Парасат», «Құрмет» ордендері, «Ерлігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдары.

Мақал-мәтел

«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас

Шығармашылық тапсырма

I топ

Тәуелсіз Қазақ елінің баға жетпес құндылықтары.

Идеялар:

  • Еркіндік пен бейбіт өмір
  • Тіл, мәдениет, салт-дәстүр
  • Бірлік пен татулық

II топ

Тәуелсіздікке тартуым.

Мысал бағыттар:

  • Өлең, эссе, тілек
  • Постер/слайд идеясы
  • Шағын сахналық көрініс

Қорытынды ой

«Тәуелсіздік маған … қымбат» деген тіркесті толықтырып, сөйлемді аяқтаңдар.

Мысал

Тәуелсіздік маған бейбіт өмірімен қымбат.

Мысал

Тәуелсіздік маған ана тіліммен қымбат.

Мысал

Тәуелсіздік маған ел бірлігімен қымбат.

Ән

Ортақ орындау: «Атамекен».

Қорытынды сөз

Қазақстанның болашағы – сендерсіңдер. 2030 жылы Қазақстанның Орта Азия барысына айналуына әрқайсың өз үлесіңді қосасыңдар. Отанымыз гүлденіп, жайнай берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.

Материал патриоттық тәрбие сағатына арналған мәтін негізінде редакцияланып, құрылымдалды.