Ойлы болсаң, тауып көр
«Сөз мерген» сайысы (сыныптан тыс жұмыс)
Жүргізуші: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгін Тіл мерекесіне орай ұйымдастырылған сыныптан тыс іс-шарамызға қош келдіңіздер!
Мақсаты
- Оқушылардың білімдерін пысықтау;
- Шешендік өнерге баулу;
- Сөздік қорларын молайту;
- Ойды жүйелі әрі еркін жеткізуге дағдыландыру;
- Шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Армысыздар, алқалы жұрт, көз көрген,
Ойларыңыз інжу-маржан сөздерден.
Тіліміздің тереңдігін, байлығын да көрсетер
Алдыңызда тіл сайысы — «Сөз мерген»!
Бүгінгі «Сөз мерген» сайысына 6-сынып оқушыларынан құралған 3 топ қатысады. Ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін де, жауласқан елдерді келісімге келтіретін де, жылағанды жұбатып, күлгенді жылататын да — осы тіл. Ең ащы да — тіл, ең тәтті де — тіл.
Қазақ тілі — әлемдегі бай әрі бейнелі тілдердің бірі. Соның ішінде мақал-мәтелдің орны ерекше болғандықтан, бүгінгі ойынның негізгі бөлігі осы бағытқа арналады.
Додаға түсіп жарыспай,
Жүйріктің бағы жанар ма?
Білім мен өнер жарысып,
Тәрбие мен таным табар ма?!
Бұл бәйге — ойдың бәйгесі:
Кім жүйрік ойға — сол алда!
Сайыс барысы
Кезеңдер
- IСәлем — сөздің атасы
- IIМықты болсаң, тауып көр
- IIIЖүйрік болсаң, шауып көр
- IVОйлы болсаң, тауып көр
- VКім жылдам?
- VIОзық болсаң, озып көр
- VIIТіл өнері
I кезең: «Сәлем — сөздің атасы»
Үш топ өздерінің аттарын, ұрандарын және төсбелгілерін таныстырады. Сөз кезегі сайыскерлерге беріледі.
II кезең: «Мықты болсаң, тауып көр»
Бұл кезеңде тұрақты сөз тіркестерін тауып, олардың мағынасын түсіндіресіңдер.
| Берілген сөздер | Тұрақты тіркес | Мағынасы |
|---|---|---|
| Құлын, ат, тай, жылқы | таңба басқандай | айқын, анық |
| Жылқы, қой, түйе, сиыр | аузынан шөп алмас | момын |
| Сүйек, қаңқа, ит, қасқыр | терісін басына қаптау | қатты ұрысу |
| Ит, төбет, күшік, қасқыр | өлген жер | алыс |
| Қолқа, көмекей, өңеш, тамақ | өңешін созу | дауласу, ұрысу |
| Жақ, құлақ, тіл, айыз | тіл азар | жағымсыз, кекесінді сөз |
| Аймақ, жер, таяқ, күн | тепсіну | қатты ұрысу |
| Тас, су, жер, ет | тасбауыр | мейірімсіз |
| Ұлдың, қыздың, ананың, әкенің | жиған жүгіндей | әсем, көрікті |
| Көз, сөз, қол, аяқ | көз ілмеді | ұйықтамады |
III кезең: «Жүйрік болсаң, шауып көр»
Жұмбақтардың шешуін тауып, жауабына байланысты мақал-мәтел құрастырыңдар.
1
Оқтан жүйрік, қылыштан өткір.
Жауабы: сөз
2
Тіріден өлі туады, өліден тірі туады.
Жауабы: жұмыртқа
3
Екі бала қатар тұрса да, бірін-бірі көрмейді.
Жауабы: көз
4
Бір түкті кілем, бір түксіз кілем.
Жауабы: жер, аспан
5
Басқан жері бармақтай, аттаған жері атандай.
Жауабы: таяқ
6
Үш қазық, екі желі, тоғыз ноқта, теңселіп тербеледі, адам соқса.
Шешен тіл, сөзге жүйрік болғанымен, не пайда — үндемейді адам жоқта.
Жауабы: домбыра
7
Кішкентай ғана бойы бар, айналдырып киген тоны бар.
Жауабы: қой
8
Сары атым аунаған жерге шөп шықпас.
Жауабы: от
IV кезең: «Ойлы болсаң, тауып көр»
Берілген сөздерден мақал-мәтел құрастырыңдар.
-
1
Жатқан, қария, дария, ақылды, ағып.
-
2
Асқар, ағып, тау, бала, жатқан, әке, бұлақ.
-
3
Тамған, тамар, у, бал, тілден.
-
4
Үйдің, жылы, туған, түтіні.
-
5
Шықпас, шаңы, үні, жаяудың, жалғыздың.
-
6
Қорқытады, терең, көп, батырады.
-
7
Отбасынан, Отанды, басталады, сүю.
-
8
Дұшпан, ақыл, дос, ашу.
Қорытынды ой
Тілім менің — қазынам, қасиетім,
Қасиетім бар әлем бас иетін.
Тілі жоқтың түрі жоқ, түбірі жоқ,
Бола көрме, ана тіл, қасіретім.