Мұқағали кім

Сабақ туралы қысқаша мәлімет

Сабақтың тақырыбы

Қазақстан. Мұқағали Мақатаев

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Талдау
  • Іздену

Көрнекіліктер

Суреттер, Қазақстан Республикасының картасы, аудиожазба.

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, дүниетану, өзін-өзі тану, музыка.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. 1.«Ана тілін оқыту әдістемесі»
  2. 2.«Ана тілі» оқулығы (4-сынып)
  3. 3.М. Мақатаевтың шығармалар жинағы

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • М. Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңін мәнерлеп әрі түсініп оқуға үйрету.
  • Өлеңнің өзекті идеясын ашуға жағдай жасау.
  • Өз бетінше жұмыс жүргізу дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Шығармашылық ойлауды және байланыстырып сөйлеуді дамыту.
  • Өлеңмен жұмыс істеу дағдыларын жетілдіру.
  • Оқып түйгендері бойынша қорытынды ой айтуға жаттықтыру, сөздік қорды байыту.

Тәрбиелік

Отанға, елге деген сүйіспеншілікті арттыру, туған жерді қадірлеуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Сабаққа әзірлік

  • Психологиялық дайындық
  • Сыныпты 4 топқа бөлу

Топ атаулары

  • 1-топ: Қырандар
  • 2-топ: Бұлбұлдар
  • 3-топ: Сұңқарлар
  • 4-топ: Қарлығаштар

Кіріспе бағыт

Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығы туралы қысқаша таныстыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Жатқа айту

М. Мақатаевтың «Сүйемін, өскен Отаным» өлеңін жатқа сұрау. Талқылау: ақын нені сүйеді?

Тақырыпты ашуға бағытталған жұмыс

Топтастыру

Тапсырмалар арқылы жаңа сабақтың тақырыбын анықтау.

Сұрақ-жауап

Ақынның өмірі, шығармалары және әдеби ұғымдар бойынша сұрақтар.

Негізгі сұрақтар тізбегі

  1. 1.М. Мақатаевтың туған жері қалай аталады?
  2. 2.Ақын қай жылы дүниеге келген?
  3. 3.Ақынның қандай шығармаларымен таныссыңдар?
  4. 4.Шығармаларына қарап оны қандай ақын дейміз? (Лирика дегеніміз не?)
  5. 5.Қандай әдеби жанрларды білесіңдер? (Ертегі, аңыз, әңгіме, роман т.б.)
  6. 6.Оқулықта кімдердің шығармалары берілген?
  7. 7.М. Мақатаев пен Қ. Аманжолов өлеңдерінің соңғы жолдарында қандай ұқсастық бар? Не байқадың?
  8. 8.Поэзия мен поэманың айырмашылығы қандай?
  9. 9.«Отан» сөзін тағы қалай айтуға болады?

Әр жауап берілген сайын Қазақстан Республикасының картасы біртіндеп ашылады. Карта бойынша дүниетанумен байланыстыра отырып: Қазақстанның аумағы, халқы, көпұлттылығы және қай елдермен шекаралас екені туралы әңгіме жүргізіледі.

III. Жаңа сабақ

Кіріспе

Үнтаспа арқылы алдын ала жазылған М. Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңін тыңдату. Оқушыларға бағыттау сұрақтары қойылады: Мұқағали кім? Ол туралы не білеміз? Қандай шығармаларымен таныспыз?

Ақын-жазушылар туған еліне арнап шығармалар жазады. «Қазақстан» өлеңінде Мұқағали Мақатаев өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ерекше тебіреніспен жеткізеді.

Оқулықпен жұмыс

  • Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқу.
  • Шумақтар бойынша оқып, түсінгенін баяндау.
  • Ұйқас түрлерін табу, көркем сөздерді анықтау.

Талдау тапсырмасы

Ақынның Қазақстанға деген шынайы сезімін білдіретін сөз тіркестерін теріп жазу.

табынатын тәңірім ием арқа сүйенерім сүйегім қаным Шолпаным (жарық жұлдыз) махаббатым арманым

М. Мақатаевтың «Қазақстан» өлеңі

Жақсы атанды демессің сүйем десем, Табынатын тәңірім, ием десем. Адам болып күн кешу қиын маған, Арқа тұтып өзіңе сүйенбесем. Сен менің сүйегім мен қанымдасың, Жанымдасың, ұятым, арымдасың. Саған деген махаббат дамылдасын, Тек сенің топырағыңды жамылғасын. Қазақстан, пай-пай! Пай-пай, ардағым-ай! Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай. Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт, Өлмейтін махаббатым, арманым-ай.

Ескерту: Оқушыларға өлеңдегі ұйқастарды табу тапсырылады.

Салыстыру жұмысы

Венн диаграммасы: «Сүйемін, өскен Отаным» және «Қазақстан» өлеңдерін салыстыру.

Топтық жұмыс және бағалау

1-топ: Қырандар

«Қазақстан қандай?» тақырыбы бойынша сызбаны толтыру.

Критерий Балл Дескриптор
Топпен жұмыс 0 Тапсырма орындалмады. Топ бірге жұмыс істемеді.
Топпен жұмыс 3 Тапсырма орындалды, бірақ кейбір мүшелер толық қатыспады. Мәлімет аз.
Топпен жұмыс 5 Тапсырма өте жақсы орындалды. Барлық мүшелер белсенді қатысып, ойларын толық жеткізді. Мәлімет жеткілікті.

2-топ: Бұлбұлдар

Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер жазу.

Критерий Балл Дескриптор
Топпен жұмыс 0 Тапсырма орындалмады. Топ мүшелері жұмысқа қатыспады.
Топпен жұмыс 3 Толық орындалмады. Барлығы бірдей қатыспады (шамамен 5 мақал).
Топпен жұмыс 5 Өте жақсы. Топ толық қатысты, 10-нан көп мақал келтірілді.

3-топ: Сұңқарлар

«Қазақстан» тақырыбына эссе жазу.

Критерий Балл Дескриптор
Топпен жұмыс 0 Тапсырма орындалмады. Топ бірлесе жұмыс істемеді.
Топпен жұмыс 3 Тапсырма орындалды, бірақ топтық жұмыс әлсіз. Эсседе ой қорытындысы толық емес.
Топпен жұмыс 5 Өте жақсы. Барлығы белсенді қатысты, ой нақты әрі толық жеткізілді.

4-топ: Қарлығаштар

«Қазақстан» сөзінен жаңа сөздер құрастыру.

Критерий Балл Дескриптор
Тапсырма 0 Тапсырма орындалмады.
Тапсырма 3 Тапсырма орындалды, бірақ кейбір сөздер мағынасыз. Топ толық қатыспады.
Тапсырма 5 Өте жақсы. Барлығы қатысты, кемінде 10 сөз табылды.

«Болмасаң да ұқсап бақ» шығармашылық тапсырмасы

Өз ойларыңнан туған ел, Отан, Қазақстан туралы өлең шығару. (Жұмыс барысында «Атамекен» әуені қойылады.)

Балл Дескриптор
0 Тапсырманы орындай алмады.
2–3 Өлең құрастырды, бірақ ұйқас сақталмады. Сөздерде қателер бар.
4–5 Тапсырма толық орындалды, ұйқас сақталған. 1–2 қате болуы мүмкін.
6 Өте жақсы: өлең ұйқасқан, қате жоқ.

Қорытынды және рефлексия

Ой қорыту сұрақтары

  • Бүгін не үйрендік?
  • Өлеңнің қай тұсы немесе қай шумағы ерекше әсер етті?
  • «Шолпаным» сөзін қалай түсінесің?

ББҮ кестесі (INSERT)

Білемін Нені білдім? Білгім келеді

«Мәуе ағашы» әдісі

Жапырағы жоқ ағашқа оқушылар жапырақтар іледі: әр жапыраққа Қазақстанға арналған ізгі тілектерін жазып, ағашты «жайқалтады».

Бағалау парағы (үлгі)

Тапсырмалар Қырандар Бұлбұлдар Сұңқарлар Қарлығаштар
Сұрақ-жауап
Өлеңді оқыту, талдау
Венн диаграммасы
Топтық жұмыс
«Болмасаң да ұқсап бақ»
Жалпы балл
Қорытынды

Үй тапсырмасы

  • Өлеңді түсініп оқу және жаттау.
  • Бағалау нәтижесін шығару.