Көп нүктенің орнына негізгі зат есімді қойып айт

Алматы облысы, Ұйғыр ауданы · «Жаңасай негізгі мектебі» КММ · Бастауыш сынып мұғалімі

Сабақ тақырыбы: Негізгі және туынды зат есім

Бұл сабақта оқушылар зат есімнің негізгі және туынды түрлерінің жасалу жолдарын және айырмашылықтарын түсінеді, сөз құрамы туралы білімін бекітеді. Сонымен қатар білім, білік, дағдысы мен танымдық қабілеті дамып, мәнерлеп сөйлеу мен сауаттылыққа тәрбиеленеді.

Сілтеме

Қазақ тілі оқулығы

Сабақ жабдығы

Кесте, тапсырмалар жазылған үлестірмелер

Жалпы мақсат

  • Негізгі және туынды зат есімнің жасалуын меңгерту.
  • Сөз құрамы бойынша білімді пысықтау және жетілдіру.
  • Танымдық қабілет пен тілдік дағдыларды дамыту.
  • Мәнерлеп сөйлеуге, сауаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ барысы

1) Топқа бөлу

Оқушылар сөз таптарының сұрақтары арқылы 4 топқа бөлінеді:

  • 1 Зат есім
  • 2 Етістік
  • 3 Сан есім
  • 4 Сын есім

2) Ынтымақтастық атмосферасы

Сабақ Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына арналады. Оқушылар ақынның өлеңдерін оқып, сабақты жағымды көңіл күймен бастайды.

Назар аударатын тұс

Мәнерлеп оқу арқылы дыбыстау мәдениеті, сөйлеу ырғағы және сөз саптау дағдысы нығаяды.

3) Қызығушылықты ояту және үй тапсырмасы

Қызығушылықты ояту

Сөз таптары және олардың сұрақтары еске түсіріледі.

Үй тапсырмасын тексеру

Оқушылар үй тапсырмасын ауызша орындайды, негізгі ұғымдар қайталанады.

4) Жаңа сабақ: негізгі және туынды зат есім

Оқушылардың білімін тереңдету үшін тапсырмалар топтарға бөлініп орындалады. Әр топ өз жұмысын қорғайды, сөз құрамын талдайды және қорытынды жасайды.

1-топ: 24-жаттығу

Сөздерді көшіріп жазып, сөз құрамына талдау:

адалдық астық ұзындық көрік жолдас сызғыш қырат өшіргіш татулық

2-топ: 25-жаттығу

Туынды зат есімдерден негізгі зат есімдерді сызықша арқылы бөліп жазу.

Мақсат

Түбір мен жұрнақты ажыратып, негізгі сөзді дұрыс табу.

3-топ: 26-жаттығу

Өлеңді көшіріп жазып, «құрылысшы» сөзінің туынды зат есім екенін дәлелдеу.

4-топ: 27-жаттығу

Мақалды жазып, туынды зат есімді тауып, сөз құрамына талдау жасау.

5) Ойын: «Тез тауып, бөгелмей айт»

Топ басшылары конверттен тапсырма алып, топпен бірлесе орындайды.

1-тапсырма

Кітап, дос, егін, орын сөздеріне тиісті жұрнақтарды қосып, туынды зат есім жаса.

2-тапсырма

Таза, мал, ас, ән сөздеріне тиісті жұрнақтарды қосып, туынды зат есім жаса.

3-тапсырма

Көп нүктенің орнына негізгі зат есімді қойып айт:

  • …… — кезекші
  • …… — сыйлық
  • …… — көлшік

4-тапсырма

Көп нүктенің орнына негізгі зат есімді қойып айт:

  • …… — іскер
  • …… — сөздік
  • …… — сызғыш

6) Сергіту сәті

«Мақал — сөздің мәйегі» тақырыбында мақал-мәтелдер айтқызылады.

7) Ойын: «Тамшыларды көлшікке түсіру»

Белсенділік пен жылдам ойлауды арттыруға бағытталған қысқа ойын элементі.

8) Блиц-тур (қайталау сұрақтары)

Әр топқа сөз таптары мен сөз құрамы бойынша қысқа сұрақтар беріледі. Мақсат — негізгі ұғымдарды жылдам еске түсіріп, нақты жауап беру.

1-топ (Зат есім)

  • 1)Зат есім нені білдіреді? Сұрақтары қандай?
  • 2)Түбір сөз дегеніміз не? Туынды сөз дегеніміз не?
  • 3)Зат есімнің түрлерін ата.
  • 4)Жалпы есім дегеніміз не?

2-топ (Етістік)

  • 1)Етістік нені білдіреді? Сұрақтары қандай?
  • 2)Қосымша неше түрге бөлінеді? Жұрнақ пен жалғауды ажырат.
  • 3)Зат есімнің жекеше түрі дегеніміз не?
  • 4)Негізгі зат есім дегеніміз не?

3-топ (Сан есім)

  • 1)Сан есім нені білдіреді? Сұрақтары қандай?
  • 2)Түбір мен туындыны мысалмен түсіндір.
  • 3)Зат есімнің көпше түрі дегеніміз не?
  • 4)Туынды зат есім дегеніміз не?

4-топ (Сын есім)

  • 1)Сын есім нені білдіреді? Сұрақтары қандай?
  • 2)Жұрнақ пен жалғаудың айырмашылығын айт.
  • 3)Жалқы есім дегеніміз не?
  • 4)Туынды зат есімге мысал келтір.

Үй тапсырмасы

29-жаттығу. Оқушылар тапсырманы күнделікке жазып алады.

Бағалау және кері байланыс

  • Бағалау

    Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау жүргізіледі. Оқушылар бағалау парағын толтырады.

  • Кері байланыс

    Оқушылар өз көңіл күйіне сәйкес смайликті таңдап, тиісті нұсқаға жабыстырады.