Қышқылдар тобы

Сабақтың мақсаты

Бұл қорытынды сайыс сабақ «Сутек», «Қышқылдар» және «Тұздар» тараулары бойынша білімді жүйелеуге, формулаларды ажыратуға және химиялық реакция теңдеулерін құрастырып, теңестіруге бағытталған.

1) Білімді қорытындылау

Оқушылардың қышқылдар мен тұздардың формулаларын дұрыс тану, реакция теңдеулерін құрастыру және атауларын айту дағдыларын бекіту.

2) Дағдыны дамыту

Химиялық есептер шығару, тәжірибе жасау және реактивтерді қауіпсіз әрі дұрыс қолдану дағдыларын дамыту.

3) Тәрбиелік мақсат

Топпен жұмыс істеуге, материалды талдап салыстыруға, қорытынды жасауға және өз білімін дәлелді түрде көрсетуге тәрбиелеу.

Сабақ форматы мен ресурстар

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ.

Сабақтың әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Есептеу
  • Жарысу
  • Тәжірибе жасау

Көрнекіліктер

Реактивтер, интерактивті тақта, индикаторлар, түрлі-түсті фишкалар, конверттер, қоржыншалар.

Бағалау механикасы: әр оқушының жауабы түрлі-түсті фишкалармен белгіленіп, арнайы конверттерге салынады. Сабақ соңында фишкалар саналып, қорытынды баға шығарылады.

Сабақтың құрылымы

  1. 1 Ұйымдастыру: кезекшінің ақпары.
  2. 2 Тақырыпты пысықтау: деңгейлік тапсырмалар және топтық жарыс.
  3. 3 Қорытынды: фишкаларды санау, бағалау, үй тапсырмасы.

Топтарға бөліну

1-топ: «Тұздар»

Анықтама (толтыруға арналған): Тұздар дегеніміз — __________ атомы мен __________ __________ тұратын күрделі заттар.

Қадам басқан білікті әр іске нық,
Қышқылдармен отырамыз жарысқа еніп.
Химиядан алған білімімізді,
Көрмекпіз бүгін біздер жарыстырып.

2-топ: «Қышқылдар»

Анықтама (толтыруға арналған): Қышқылдар дегеніміз — __________ атомы мен __________ __________ тұратын күрделі заттар.

Айтар болсаң жақсылап,
Шәкірт деген жас бұлақ.
Тұздарменен көрмекпіз,
Химиядан бақ сынап.

Пысықтау кезеңдері

I. Сергіту сәті II. Ой өрбіту III. Эстафета IV. Тәжірибе V. Бекіту

II. Ой өрбіту

1) Тобың аттас формулаларды таңда

Берілгендерден өз тобыңа сәйкес келетін формулаларды көрсет. Сәйкес реакция теңдеулерін жазып, теңестір және заттардың аттарын ата.

Қышқылдар
HCl H2CO3 HNO3
Металл және тұздар
Na Na2SO4 Na2SiO3 Na3PO4

2) «Үшінші артықты тап»

Әр қатардан өзгеше формуланы тауып, дәлелдеп, алып таста.

1-топ («Тұздар»)
HCl H2SO4 HNO3
HCl H2SO3 H2S
H2SO4 H2SO3 H3PO4
2-топ («Қышқылдар»)
Na2SO4 Na2CO3 NaCl
Na3PO4 Na2SO4 Na2SiO3
Na2O Na2SO3 Na2SO4

Ескерту: таңдау себебін химиялық жіктеу арқылы дәлелде (қышқыл/тұз/оксид, құрамы, иондық құрамы т.б.).

III. Эстафета

1) Формулаға сипаттама бер

Әр топтан оқушылар кезектесіп шығып, берілген формулаларға сәйкес қышқылдың атын атап, мүмкін тұздарын мысал келтіреді.

Формуласы Қышқылдың аты Тұздары (мысал)
HNO3____________________
HCl____________________
HI____________________
HBr____________________
H2S____________________
H2SO3____________________
H2SO4____________________
H2CO3____________________
H2SiO3____________________
H3PO4____________________

2) Проблеманы шеш

Үлгі теңдеудегі белгісіз өнімді тап және тиісті реакция теңдеулерін жазып, теңестір. Түзілген тұздың атын ата.

+ H2SO4 → MeSO4 + ?

IV. Тәжірибе

1-топ: «Химик-сараманшы»

Қышқылдар мен индикаторлар арқылы ерітіндінің ортасын анықта. Байқалған құбылысты жаз.

HCl + фенолфталеин

→ __________

HCl + метилоранж

→ __________

HCl + лакмус

→ __________

2-топ: Тәжірибе тапсырмасы

Тәжірибе нәтижесінде ZnCl2 алу жолын көрсет. Реакция теңдеуін жазып, теңестір.

Теңдеу:

__________ + __________ → ZnCl2 + __________

V. Бекіту

Есептер: «Білім шыңына шық»

1-топ

28 г мырыш күкірт қышқылында ерітілді. Алынған тұздың массасын және зат мөлшерін тап.

2-топ

150 г натрий хлоридін алу үшін тұз қышқылының қанша массасы және зат мөлшері жұмсалады?

Қорытынды және бағалау

Бағалау

Конверттердегі фишкалар саналып, әр топтың нәтижесі қорытындыланып бағаланады.

Данышпан жолмен жүріп осындағы,
Белгілі сан ғылымның ашылғаны.
Әлемнің білу үшін сырын жетік,
Химияны оқы да үйрен тағы.

Үй тапсырмасы

Тарау бойынша қайталау. Бақылау жұмысына дайындық.

Өздігінен орындалатын жұмыстарды жүйелі түрде орындау оқушыларды ұйымшылдыққа, байқампаздыққа, талдау мен салыстыруға, негізгі ойды айқындап, жинақтап қорытынды жасауға дағдыландырады және білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.

Қорытынды үндеу

Күшейтеміз химияның сапасын,
Берер бізге болашақ ақ батасын.
Ғылымдардың негізгі бір саласы —
Химиямыз мәңгі-бақи жасасын!