Мәтін мазмұнына сурет салу
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларды мәтін мазмұнымен таныстырып, негізгі ойы мен идеясын ұғындыру. Мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, қызығушылығын арттыру және белсенді, ынталы оқуға үйрету.
Дамытушылық
Өз ойын еркін айтуға, пікірін дәлелдеуге машықтандыру. Байланыстырып сөйлеуін, сын тұрғысынан ойлауын, топпен жұмыс істеуін, шығармашылық және танымдық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік
Жақсы қасиеттерді бойға сіңіріп, жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу. Табиғатты қорғау, жан-жануарға жанашырлық таныту құндылықтарын қалыптастыру.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық · Топқа бөлу · Мақал талдауТоптық жұмыстың нәтижелі болуы бірлікке байланысты екенін мақал-мәтелдер ертеден-ақ дәлелдейді:
- «Жұмыла көтерген жүк жеңіл.»
- «Жеке жүріп жол тапқанша, көппен жүріп адас.»
II. Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақтар арқылы әңгімелеуА тобы
«Бүркіт» мәтінін оқу, мазмұндау
- 1) Жолаушылар қайда келеді? Олар кімдер еді?
- 2) Гайдар нені көрді, неге таңырқады?
- 3) Жолаушылар бүркіттің соқыр екенін қайдан білді?
- 4) «Жақсылықты ұмытпа» деген ойды қалай түсінесің?
Б тобы
- 1) Жолаушыларды жұрт қайда шақырды, қалай күтті?
- 2) Қарт жолаушыларға өзін қалай таныстырды, қандай әңгіме айтты?
- 3) Әңгімедегі оқиға қай кезде болған деп ойлайсыңдар?
- 4) Жауыз адамдардың әрекетін бүркіттің әрекетімен салыстыр.
В тобы
- 1) Ол кезде қандай қиыншылықтар болған?
- 2) Қиын сәтте қыран бүркіт қандай көмек көрсетті?
- 3) Жауыз адамдар бүркітке не істеді?
- 4) Халық бүркіттің жақсылығын қалай қайтарды?
III. Қызығушылықты ояту
Болжау · Пікір тыңдау · Топтастыру- «Қамқорлық» тақырыбы бойынша мәтін мазмұнын болжау.
- Оқушылардың пікірін тыңдау.
- «Қамқорлық» ұғымына топтастыру стратегиясын құру.
IV. Мағынаны тану
Автор · Мәтін · Сөздік жұмысыБ. Соқпақбаев туралы
Еске түсіру сұрақтары
- Б. Соқпақбаевтың қандай шығармаларын білесіңдер?
- Кино, мультфильм көргенді ұнатасыңдар ма? Жазушының қандай киносын білесіңдер?
Мысалдар
- «Бурыл ат» «Сен ұйықтап жатқанда» «Шынықсын денеміз» «Шал мен бала»
- «Менің атым Қожа»
Мәтінмен жұмыс
- Мәтінді мұғалім оқиды, мазмұны талданады.
- Оқушылар мәтінді тізбектей оқиды.
- Мәтін бөліктерге бөлініп, әр бөлік бойынша әңгімелеу жүргізіледі.
Сөздік жұмысы
- Жан далбаса
- сасқалақтап, абыржып қалу
- Бейқам
- алаңсыз
- Қол созым
- жақын жерде
- Топшысынан
- торғайдың аяғынан
Мәтін бөліктері
- I Торғайдың жанталасы
- II Безбүйрек Жантас
- III Қожаның қамқорлығы
Шығармашылық тапсырмалар
А тобы
«Қамқорлық» тақырыбында шағын эссе жазу.
Б тобы
Мәтін мазмұнына сай мақал-мәтел жазу.
В тобы
Сурет бойынша әңгіме құрастыру.
Әр топ өз жұмысын қорғайды.
V. Қорытынды
Кесте · Венн диаграммасыА және Б топтарына ортақ тапсырма
«Бүркіт» және «Қамқорлық» мәтіндерін салыстыру кестесі
| Тармақ | «Бүркіт» | «Қамқорлық» |
|---|---|---|
| 1) Әңгіменің аты | Бүркіт | Қамқорлық |
| 2) Әңгіменің авторы | — | — |
| 3) Оқиға орны | — | — |
| 4) Кейіпкерлер | — | — |
| 5) Әңгіме немен аяқталды? | — | — |
| 6) Негізгі ойы | — | — |
В тобына тапсырма
Венн диаграммасы: Жантас пен Қожа
Жантас
- Мінез-құлқы мен әрекетін мәтіннен дәлелмен жаз.
- Қамқорлыққа қарсы ұстанымды сипатта.
Қожа
- Қамқорлық танытқан сәтін сипатта.
- Ізгі әрекеттің нәтижесін қорытындыла.
VI. Үй тапсырмасы
Деңгейлік тапсырмаларА тобы
Мәтін мазмұны бойынша сурет салу.
Б тобы
«Қамқорлық» сөзіндегі әріптерден жаңа сөздер құрастыру.
В тобы
Қосымша тапсырма: мәтіннен қамқорлыққа қатысты 5 сөйлемді теріп жазып, әр сөйлемнің негізгі ойын бір сөзбен атау.