Өлеңнен сұраулы сөйлемдерді теріп жаз
І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылар қапшықтан асық таңдап, шыққан сандарға сәйкес 3 топқа бөлініп, А, Ә, Б үстелдеріне отырады.
Үй тапсырмасын тексеру
234-жаттығу
Сурет бойынша сөйлем құрауОқушылар сурет бойынша құрастырған сөйлемдерін оқиды.
«Сұраған мен Сұрау белгісі» (рөлдік оқу)
Қызықты грамматика, 1984Өлең рөлге бөлініп оқылады. Бір оқушы «сұрау белгісін» қолына ұстап, көрнекі түрде көрсетіп оқиды.
Сұраған
Аузыңды ашып сұрайсың да тұрасың,
Саған осы не керек?
Сұрау белгісі
Маған ең алдымен сұраулық шылау керек.
Олар жазылуға тиіс бөлек.
Екіншіден, сұраулық есімдіктер керек.
Олар қатысқан сөйлемдер соңында,
Ойлашы өзің, не келеді?
Мысалдар:
- Киноға барамысың?
- Жаңа газет аламысың?
Кей оқушы тыныс белгісін қоймай кетеді.
Осылардың соңында қандай белгі келеді?
Дауыс ырғағын да ескер, жазғаныңды үнемі тексер!
Қорытынды сұрақ
Сұраулы сөйлем құрау үшін қандай сұраулық шылаулар мен сұраулық есімдіктер қажет?
Үш топтан мысал келтіріліп, жауаптар жинақталады.
ІІ. Жаңа сабаққа мақсат қою
Бүгін сұраулы сөйлемдердің жасалу жолдарымен танысамыз.
ІІІ. Жаңа сабақ
Кітаппен жұмыс
Жаттығуларды орындау барысында сұраулы сөйлемде неге, қандай, қалай сияқты сұраулық мағына беретін сөздер қолданылатыны және сұраулы сөйлемнің өзіне тән интонациясы болатыны меңгеріледі.
Дәптермен жұмыс
Ережені еске түсіру238-жаттығу
Сөйлемдерді талдау- Сабақтан кешікпе.
- Айдос ауылдан келіп пе?
- Ешқашан өтірік айтушы болма.
- Қар қалың жауды ма?
Терме диктант
Өлеңнен сұраулы сөйлемдерді теріп жаз. Сұраулық есімдік пен шылауды тап.
Әр үстелден бір оқушы түсіндіріп, талдайды.
Шегене деген немене?
Соны білгің келе ме?
Шамалы, азды, шағынды —
Бабалар деген шегене.М. Әлімбай
Сергіту сәті
Күннің көзі біздерді,
Жаттығуға тұрғызды.
Бір дегенде қолымыз,
Көтерілсін жоғары.
Ал төбеде көк шалғын,
Сыбдырлайды көңілді.
Екі деген кезде сен,
Түсіре қой қолыңды.
IV. Бекіту
Ортақ нұсқаулық
- Сұраулы сөйлемдердің астын сыз да, жасалу жолын түсіндір.
- Қойылмаған тыныс белгілерін дұрыс қой.
- Мәтінде неше сөйлем бар екенін жақша ішінде көрсет.
А үстелі
Мәтін: «Ақсары»Ақсары. Құстардың түрі өте көп. Сен Ақсарыны білесің бе? Ақсары бүркітке ұқсай ма? Ұқсайды. Оны неліктен Ақсары деп атайды? Өйткені оның аузы да, аяғы да балапандар сияқты сап-сары. Ақсары — жыртқыш құс. Ол тышқанмен, қоянмен қоректенеді.
Ә үстелі
Мәтін: «Әнші»Әнші. Сахнаға бір топ әнші балалар шықты. Олар хормен қазақша ән айтты. Бір әншінің дауысы ерекше естілді. Балалар: «Бұл кім?» — деп таң қалды. Бұл әнші Әлия екен. Әлия жақсы ән салады.
Б үстелі
Мәтін: «Қараторғайлар»Қараторғайлар. Жер тез кепті. Қайыңдардың жұпар иісті бүршіктері жарылды. Адамдар бақшаларын қазып жатыр. Жер астынан қаншама құрт-қоңыз шығып жатыр. Қараторғай молшылық қоршауында. Қараторғайдың бір күнде қанша зиянды жәндікті жейтінін білесіңдер ме? Ол өз ауырлығындай жауды қырады. Олардың әнін таң сәулесі ағаштарға түскенде тыңдау керек.
Ребус
237-жаттығуЖауабы:
Кітапхана, қамқорлық.
Осы сөздермен сөйлем құрастыр.
Графикалық диктант
Сызба бойынша құрау- .................................................. ба?
- ............................................. нешеу?
- ............................................... нешеде?
- ..................................................... қай...?
V. Қорытынды
Сабақ соңында төмендегі ұғымдар жүйеленеді:
Тақырып
Сұраулы сөйлем
Құрал
Сұраулық шылау
Құрал
Сұраулық есімдік
VI. Бағалау
Әр топ басшысы бағалау парағын толтырады.
| Оқушының аты-жөні | №1 | №2 | №3 | Қорытынды баға |
|---|---|---|---|---|
VII. Үйге тапсырма
Үй тапсырмасы мұғалімнің нұсқауына сәйкес беріледі.