Мектеп директоры
Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша кластан тыс шара
Бұл шара АҚ күні аясында өтетін әскери-спорттық мереке ретінде ұйымдастырылады. Іс-шара үш бөлімнен тұрады және оқушылардың тәртіптілігі, ұйымшылдығы, қауіпсіздік мәдениеті мен әскери-қолданбалы дағдыларын дамытуға бағытталған.
Қатысушылар
9, 10, 11-сынып оқушылары
Өтетін орын
Спортзал және спорт алаңы
Киім үлгісі
Спорттық немесе әскери
Мақсаты
- Оқушыларды Отан қорғауға, ҚР Қарулы Күштерінде қызмет етуге қызығушылығын оятуға және құрмет көрсетуге баулу.
- Моральдық және физикалық табандылықты нығайту, әскери іс бойынша білім мен тәжірибені жетілдіру.
- Қауіп-қатер кезінде өзін қорғаумен қатар, жолдасына дер кезінде көмек көрсетуге және достыққа тәрбиелеу.
Әділқазылар құрамы
Қажетті құрал-жабдықтар
Шараны өткізу үшін төмендегі құралдар дайындалады:
Ескерту
Эстафеталық таяқша ретінде автомат макеті қолданылады.
Шара құрылымы: 3 бөлім
I бөлім. Ұйымдастыру және қауіпсіздік
а) Кластан тыс жұмыстар
Лекция және әңгімелесу.
Жауаптылар: класс жетекшілер.
ә) Жалпы сыныптық шаралар
Жеке басты сақтандыру құралдарын тазалау, сүрту, түгендеу, мақталы-дәкелі тұмылдырықтар жасау және басқа да дайындық жұмыстары.
Жауаптылар: АӘД пәнінің ұйымдастырушысы, мектеп медбикесі, класс жетекшілер.
б) Дабыл кезіндегі әрекеттерді бақылау
Үшінші сабақ аяқталар сәтте мектеп радиорубкасынан мектептің АҚ басшысының пәрменімен дабыл беріледі:
«Бәріңе! Бәріңе! Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар! Әуе шабуылы! Әуе шабуылы! Әуе шабуылы!»
Дабыл кезінде қандай әрекеттерді жылдам орындау керектігі және қандай заттарды алу қажет екені алдын ала ескертіледі. Оқушылар, мұғалімдер және қызметкерлер шұғыл түрде мектеп спортзалына көшіріледі.
Міндетті талап
Әр оқушыда жеке басты сақтандыру құралдары болуы керек: мақталы-дәкелі тұмылдырық, газқағар немесе респиратор.
Жедел көшіру кезіндегі жеңімпаз сынып қорғаныс құралдарының толықтығы және шұғыл, жинақы ұйымдасуы бойынша бағаланады.
II бөлім. Әскери-спорттық конкурстар (спортзал)
- «Мергендер» сайысы: пневматикалық мылтықтан 5 оқпен нысанаға ату (әр сыныптан 3 ұл, 3 қыз).
- Автоматты толық емес бөлшектеу және қайта жинау: 2 ұл, 2 қыз.
- Оқжатарға оқ жинау: 1 ұл, 1 қыз.
- Газқағар кию (уақытқа): командалық орындау.
- Есте сақтау тапсырмасы: үстел үстіндегі заттардың орнын ауыстырғаннан кейін қайта орнына дәл қою.
III бөлім. Әскери-спорттық эстафеталар (спорт алаңы)
- Айналмалы жүгіру.
- Дәлдікке граната лақтыру.
- Ядролық жарылыс кезіндегі қорғану.
- Велосипедпен кедергілерден өту.
- «Санитарлар» сайысы: жараланған сарбазға алғашқы медициналық көмек көрсету және тасымалдау.
- Газқағар киіп 60 м жүгіру.
- Әскери-спорттық кедергілер жолағынан өту.
Бағалау, қауіпсіздік талаптары және марапаттау
Бағалау тәртібі
- Жеңімпаз команда барлық бөлімдер бойынша көп ұпай жинау нәтижесімен анықталады.
- Әр бөлімнің ұпайы 5 балдық жүйемен есептеледі; қателікке қарай 4, 3, 2, 1 балға төмендетіледі.
Арнайы талаптар
- «Санитарлар» сайысында санитарлар газқағармен немесе тұмылдырықпен болуы тиіс; жараланған сарбазға да газқағар кигізіледі.
- Веложарыс алдында қатысушыларға жолда жүру ережелері бойынша сұрақтар қойылады.
Марапаттау
I, II, III орын алған командалар мақтау қағазымен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Марапаттауды ұйымдастыруға мектеп ұжымы жауапты.