Сергіту сәті. Сабақтың тақырыбы
Сабақтың тақырыбы
Өзара кері есептер
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың өзара кері есептерді құрастыру және шығару тәсілдері туралы білімдерін кеңейту. Жан-жақты ойлауын, ізденісін дамыту, негізгі ұғымды бөліп алуын, оқығанын есте сақтап, оны іс жүзінде қолдана білуін қалыптастыру.
Міндеті
Ойдың нақтылығы мен жүйелілігін дамыту; бір таңбалы сандарды ауызша және жазбаша қосу-азайтуды ойын арқылы меңгерту, логикалық ойлау қабілетін жетілдіру.
Тәрбиелік бағыты
Сауаттылыққа, әсемдікке, талғампаздыққа баулу және ұжыммен жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру.
Көрнекілігі
- Топшама
- Киіз үй макеті
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
а) Психологиялық дайындық
Санамақ айту.
2) Үй тапсырмасын тексеру
№3 тапсырма бойынша есептерді тексеру:
7 + 3
= 10
2 + 2
= 4
5 − 2
= 3
4 + 2
= ?
9 − 4
= ?
3) Жаңа сабақ
Ізденуді ұйымдастыру (топшама)
Сұрақтар 1
- Кемпірқосақта неше түс бар?
- Бағдаршамда неше көз бар?
Сұрақтар 2
- Адамда қанша көз бар?
- Аспанда неше жұлдыз бар?
Сұрақтар 3
- Қолғапта неше саусақ бар?
- Қоян жүйрік пе, тасбақа жүйрік пе?
Дәптермен жұмыс
- Күнін, айын жазу.
- Жаңа тақырып: Өзара кері есептер.
Оқулықпен жұмыс: №1 (оқу, талдау, шығару)
а) Есеп
Берілгені
Қанат — 7
Болат — ?, 3-ке кем
Шешуі
7 − 3 = 4
Жауабы
Болатта 4 сурет.
ә) Есеп
Берілгені
Қанат — 7
Болат — 4-ке кем
Шешуі
7 − 4 = 3
Жауабы
Айырмасы — 3.
б) Өзара кері есеп
Берілгені
Болат — 4
Қанат — 3-ке артық
Шешуі
4 + 3 = 7
Жауабы
Қанатта 7 сурет.
Бұл тапсырмалар өзара кері есептердің бір-бірімен қалай байланысатынын көрсетеді: бір есептің шарты өзгерсе, амал да сәйкесінше ауысады.
Сергіту сәті
Дөңгелектеп тұрамыз.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрамыз.
Уықтай боп иіліп,
Киіз үйді құрамыз.
Ойын: «Киіз үй»
Ойын барысында киіз үйдің бөліктерін атап, құрастыру: кереге, уық, түндік, есік.