Менің бетімді санап жүрген тентек бауырым математика мен сөз қадірін ұқтырар ана тілін сүйіп оқыңдар
Қош бол, құтты Әліппем!
Бұл мерекелік ертеңгілік — оқушылардың «Әліппе» пәнін меңгеру барысында алған білімдерін тиянақтау, эстетикалық талғамын тереңдету, өзін-өзі басқаруға баулу және ана тілін, туған жерін, Отанын сүйіп-қастерлеуге тәрбиелеуге бағытталған.
Түрі
Мерекелік ертеңгілік
Көрнекілігі
Суреттер, слайдтар
Негізгі идея
Білімге қадам, тілге құрмет, Отанға сүйіспеншілік
Ертеңгіліктің ашылуы
Мұғалімнің құттықтау сөзі
Мұғалім:
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Бүгін — қуанышты күн, Әліппемен қоштасу мерекесі құтты болсын. Балаларыңыз білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін! Ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз!
Музыкалық нөмір
«Ұстазым» әні
Сахнаға барлық оқушы шығады.
Көрініс: мектепке алғаш қадам
Диалог арқылы жауапкершілік пен арман тақырыбы ашылады
Мақсат:
Алты жасар баласын, алпыстағы әжей жетектеп, келе жатыр көшеде: «Қайда әлгі мектеп?» — деп. Алпысы келеді сүрініп, алтысы келеді жүгіріп.
Нөсер:
Апар, ана, мектепке — ата-аналық парызың. Оқып білім аламын, мен оқушы боламын.
Бота:
Асықпа әлі, қарағым, санауға енді жарадың. Жасың толсын алтыға — сонда алып барамын.
Нөсер:
Менің қарыс маңдайым, балам болам талапты. Тәртіп сақтап әрдайым, жақсы оқимын сабақты.
Бота:
Айтқанымды, шырағым, шығарма тек санаңнан. Мектептегі мұғалім кем болмайды анаңнан.
Нөсер:
Қыркүйекте келдім де, сыныпқа кірдім қуанып. Қарсы алды ұстаз мейіріммен, қадамымды құп алып.
Жүргізушілер сөзі
Мерекенің мәні мен балалардың жетістігі айтылады
1 жүргізуші:
Армысыздар, аналар! Бармысыздар, балалар!
Сөзіме құлақ салыңыз, бір серпіліп қалыңыз.
Әліппеге арналмақ бүгінгі жыр-әніміз!
2 жүргізуші:
Шашу-шашу шашайық, ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойдың бастаңғысын жасайық!
1 жүргізуші:
Әліппені меңгеріп, әріптерді таныған — құтты болсын тойымыз, біз білімді балдырған!
2 жүргізуші:
Жақсы білім — көрімдік, болсын сізге, халайық! Не үйрендік, не білдік — қане, ортаға салайық!
Оқушылардың өлең жолдары
Мектеп, ұстаз және білім туралы
С. Камила:
Бірінші қыркүйек келдім мен гүл алып,
Алдымнан ұстазым қарсы алды қуанып.
Дарын:
Қуантып мені ағалар, шақыртты осы мектепке!
Қараңдар, міне, балалар — келмеппін мұнда мен текке.
Бексұлтан:
Мектебім қандай тамаша, жарқырап тұр жаңаша.
Ұстаздарым білікті — ақтаймыз біз үмітті.
Ғизат:
Ақыл, білім көп берер, анамдайсың мектебім.
Сенде өсіп көктеймін, сенсің өмір көктемім.
Саят:
Көріне бер биіктерден, алтын ұя мектебім.
Шәкірттерің білімді боп, сенен өсіп көктесін.
Би нөмірі
Қыздар тобы: «Қазақ биі»
Би нөмірі
Ұлдар тобы: «Қазақ биі»
Ән нөмірі
«Жаса, Қазақстан!»
Ертегі-әңгіме: Тәуелсіз Қазақстан
Бірлік, білім, болашаққа сенім
1 жүргізуші:
Аяулым, мен саған ертегі айтайын. Тыңдайсың ба?
2 жүргізуші:
Әрине, Тоқтар, құлағым сенде.
Ертегі желісі:
Ерте, ерте, ертеде — ерте ме, әлде бүгін бе; жақын ба, әлде алыс па — бір ел болыпты. Бұл елдің адамдары көк байрақтың астында тату-тәтті өмір сүріп, өніп-өсіпті. Елді кемеңгер хан басқарыпты. Ол өркендеп жатқан елде бірде-бір бала білімсіз қалмасын деп талап етіпті. Уақыт өте, 2030 жылы ел өркениетті, ғылымды меңгерген беделді мемлекетке айналарына кәміл сеніпті. Халқы ортақ арманға жету үшін бар күш-жігерін жұмсапты.
2 жүргізуші:
Тоқтар, бұл ертегің маған өте таныс. Ә-ә, таптым! Бұл — біздің Қазақстан туралы ғой!
1 жүргізуші:
Дұрыс айтасың. Бұл — тәуелсіз Қазақстанымыз туралы ертегі. Аз уақыттың ішінде еліміз үлкен жетістіктерге жетіп, қарқынды дамып келеді. Баршаңызды Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығымен құттықтаймыз!
Әліппені қарсы алу
Әріптер шеруі және білімге үндеу
Хормен:
Іші толы әріпке, білімдегі жарық не?
Барлығы: Ол — сүйікті Әліппе!
Сахналық қимыл
Ортаға Әліппе шақырылады. Бір топ қыз лентамен би билеп шығады.
Әліппе:
Бар білімнің бастауы — шұғыла, бар ғылымның бастауы! Әр балаға нұр шашқан, Әліппе — болам тіл ашқан! Сәлеметсіңдер ме, жас достар! Құрмет көрсеткендерің үшін көп рақмет. Мен сендердің қуаныштарыңды бөлісуге жалғыз келген жоқпын. Қане, достарым, келіңдер: балаларға қандай ақыл айтасыңдар?
Мақсат:
А — дегенім ақыл,
Ата-бабам айтқан.
Асыл сөзі — нақыл,
Бұрынғыдан қалған.
Дінислам:
Б — дегенім білім,
Бізге төгер нұрын.
Байыпта да бәрін,
Білімді бол бәрің.
Нөсер:
Е — дегенім ертегі,
Бізге сырын шертеді.
Еңбек, есті ерлікті
Үлгі қылып ертеді.
Ғиза:
З — дегенім зейін,
Зерделі оған бейім.
Білім алып оқы,
Қалып жүрме кейін.
Нұржан:
С — дегенде салмақты,
Сабырлы бол жан-жақты.
Сүйкімді бол, саялы,
Өзгеге де ардақты.
Дарын:
Т — деген төл есімім,
Туған жер — тал бесігім.
Тәуелсіз ел — Қазақстан,
Қыран бол, қалықтаған!
Әліппе:
Балалар, мені жақсы оқыдыңдар. Қанаттарың талмай, ешқашан ерінбей, білім нәрін теріңдер. Менің бетімді санап жүрген тентек бауырым — Математика, ал сөз қадірін ұқтыратын — Ана тілі. Екеуін де сүйіп оқыңдар. Ана тілі мен Математика, балаларға айтарларың бар ма?
Ана тілі (Аңсар):
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын.
Түсіндірер бәріне —
Ана тілі пәнімін.