Тағы бір бала
Сынып жетекшісі туралы мәлімет
Аты-жөні
Қажмағамбетова Гүлден Қосманқызы
Туған күні
04.12.1965
Білімі
Жоғары
Санаты
Бірінші санатты
Мамандығы
Бастауыш сынып мұғалімі
Еңбек өтілі
Мамандық бойынша: 9 жыл / Жалпы: 22 жыл
Қызметі
Даярлық тобының тәрбиешісі, 4-сыныптың сынып жетекшісі
Сыныпқа мінездеме
Сыныпта 8 оқушы бар. Тәрбие жұмыстары оқушыларға оң әсер беріп, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ұжымда өзара қолдау мен жауапкершілік сезімі қалыптасып келеді.
Ата-аналармен жұмыс
Мектеп пен ата-ана арасындағы байланыс жүйелі түрде жолға қойылған. Ата-аналар мектепішілік және мектептен тыс шараларға белсенді қатысып, тәрбие үдерісінің ортақ нәтижесіне үлес қосады.
Номинация бағдарламасы
Рухани-адамгершілік тәрбиесі
Сынып сағатының тақырыбы
«Аталар мұрасы – халық қазынасы»
Мақсаты
- Білімділік: ата-бабадан қалған өнегелі сөздердің мәнін оқушыларға ұғындыру.
- Дамытушылық: ойды нақты әрі дұрыс жеткізуге, тапқыр сөйлеуге, салмақты пікір айтуға үйрету; әдептілік пен адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру.
- Тәрбиелік: ұлттық құндылықтарды сіңіру, имандылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу, аталы сөздерден өнеге алуға баулу.
Көрнекілігі
Адами қасиеттерге баулитын нақыл сөздер, слайдтар, мақал-мәтелдер жазылған плакаттар ілінеді.
Ашық тәрбиелік шараның барысы
Кіріспе сөз
1-жүргізуші
«Сәлем — сөздің анасы» демекші, армысыздар, ағайын!
2-жүргізуші
Қадірменді ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Бүгінгі «Аталар мұрасы – халық қазынасы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Қазақ — сөз қадірін өз қадірім деп білген халық. Оның тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесі, даналығы мен терең ойы — бәрі де қасиетті сөзде сақталған. Қазақ тарихында сөздің орны ерекше: дау да, шешім де, бәтуа да — сөз арқылы табылған. Сондықтан да сөзден өткен күш, сөзден өткен құдірет жоқ.
Домбыра — ұрпаққа қалған асыл мұра
Аталар мұрасы, халық қазынасының бірі — домбыра. Қазақ халқының ұрпаққа қалдырған ең асыл мұрасының бірі — күй. Киелі домбыра өткен өмірден сыр шертер алтын діңгек.
2-жүргізуші
Осы өнерді серік еткен қонағымыз Нұрзатты қарсы алайық.
Нұрзат
Сәлеметсіз бе!
1-жүргізуші
Сіздің бізге тартар сыйыңыз — күй. Күйді жаныңызға жақын тартуыңыздың себебі неде?
Нұрзат
Домбыра әр қазақтың төрінде тұрар асыл қазына емес пе?! Күй тарту — жүрек қалауыммен үндес өнер.
Орындау: «Тойбастар» күйі
Домбырамен күй орындалады.
2-жүргізуші
Әсерлі күйіңізге көп рақмет! Сау болыңыз.
Тәрбие туралы ой
2-жүргізуші
Ей, тәкаппар дүние, маған да бір қарашы! Танисың ба сен мені — мен қазақтың баласы.
1-жүргізуші
«Ізетіңді ине етіп, иманыңды түйме етіп, инабатты киім етіп, жүрші, балам, жамандықты күйретіп», — дегендей, ата мұрасын бойға сіңіріп, жақсы дәстүрді жалғап, жамандықтан аулақ, елжанды ұрпақ болып өсейік.
Диалог
Елжанды ұрпақ қандай болуы керек?
2-жүргізуші: Елжанды ұрпақ қандай болуы керек деп ойлайсың, Алуа?
1-жүргізуші: Меніңше, бойында тәрбие тұнып тұрған ұрпақ елжанды болады.
Көрініс: «Тәрбие көзі — тал бесік»
Қонағымыз Фарида Әбілмажінқызы шәкірттерімен сахна төріне шығып, тәрбие мен қамқорлықтың маңызын көрініс арқылы түсіндіреді.
Фарида Әбілмажінқызы
Сәлеметсіздер ме! Шәкірттеріммен сіздерге қонаққа келдік. Балалар, ана ағаштың саясына барып жайғасыңдар.
Бала
Мұғалім, мына екі ағаш неге екі түрлі болып өскен?
Мұғалім
Қандай байқағышсың! Мына әдемі өскен ағаш суарылған, күтілген, бұтақтары қырқылған, сондықтан түп-түзу болып өскен. Ал екіншісі күтім көрмеген, сондықтан қисық әрі тырбиып қалған. Бұл — тәрбиенің ауадай қажет екенін көрсетеді.
Сұрақ-жауап
Мұғалім: Тәрбиелі бала деп кімді айтамыз?
Балалар: Әдепті, тәртіпті бала.
Көрініс
Бір бала рұқсатсыз жүгіріп келіп, өзгелерді итеріп өтіп отырады.
Мұғалім: Баса-көктеп қайда барасың? Тәртіп қайда?
Көрініс
Екінші бала рұқсат сұрап, сыпайы түрде келеді.
Мұғалім: Балалар, сендерге қай бала ұнады? Неліктен?
Қорытынды ой
Мұғалім: Тәрбиені кімнен аламыз?
Балалар: Мектептен, мұғалімнен, үлкендерден, анадан.
Мұғалім: «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер».
Орындау: «Менің анам не дейді»
Диляраның орындауында ән.
Өнер — өрге бастар жол
«Өнерлі өрге жүзер» деген сөз бекер айтылмаған. Ел іші — өнер кеніші. Ортаға 6-сынып оқушылары шақырылады.
Сұхбат
Қыздар, өнерге бет бұрғандарыңа қанша болды? Бүгін бізге қандай өнер сыйлайсыңдар?
Сағитжанова А.
Біз үшін өнер — биік талғам мен рухани байлық. Сол себепті өнерімізді дамытып келеміз.
Алмагүл
Бүгін ән айтып, би билейміз.
Орындау: ән және би
6-сынып оқушыларының өнер көрсетуі.
Қорытынды
Өнерлеріңізге көп рақмет! Сау болыңыздар.
Еңбек пен береке: нанның қадірі
«Тірлік болмай, бірлік болмас». Қазақстан — бай мемлекет, оның берекесін еңбегімен еселейтін жандар көп. «Нан болса, ән де болады» — өйткені нан барлық астың атасы.
Қонақтар
Біз — еңбек адамымыз. Дала төсінде бидай егіп, маңдай термен еңбек етеміз.
Түйін
Нан дастарқанға оңай келмейді. Ол үшін көп тер төгу керек. Халық сөзі — қашан да шындық.
Көрініс: «Адам мен бидайдың достығы»
Бидай жапан далада жалғыз өсіп, арам шөптен жапа шегеді. Топырағы кеуіп, әлсірей бастайды. Бір күні аңға шыққан адам бидайдың жанайқайын естіп, су құйып, арам шөбін жұлып, күтім жасайды. Бидай күш алып өсіп, мол дән береді. Ризашылықпен адам үшін өседі. Осылайша нан — берекеге, береке — мерекеге айналады.
Орындайтындар: 5–8 сынып оқушылары
Орындау: «Елім аман»
Әлжан мен Саматтың орындауында ән.
Дәстүр жалғасы: беташар
Келесі қонақтар — 9–11 сынып оқушылары. Олар ата дәстүрінің бір тармағы — беташар рәсімінің мәнін таныстырады.
1-жүргізуші
«Аталар мұрасы — ұрпаққа өнеге». Мұны қалай түсінесіздер?
Оқушылар
Ата-бабамыз ұлттық дәстүрге ерекше мән берген. Әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді қастерлеу — ұрпаққа аманат. Бүгін біз беташар рәсімін көрсетеміз.
Түсіндірме
Беташар — келінді екі жаққа таныстыру, туыстықты нықтау, сыйластықты орнықтыруға бағытталған тәрбиелік дәстүр.
Көрініс: «Беташар»
Рәсім қойылым түрінде көрсетіледі.
Қорытынды бөлім: концерт
Оқушылар дайындаған концерттік бағдарлама ұсынылады.
Қорытынды
Құрметті қонақтар, осымен «Аталар мұрасы – халық қазынасы» атты тағылымды ашық тәрбие сағаты аяқталды.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рақмет!