Наурыз тобы Көктем тобы Жұлдыз тобы
Жыл басы – Наурыз
Наурыз — қазақ халқының ұлы мерекесі, жаңару мен бірліктің, татулық пен мейірімнің мызғымас нышаны. Бұл тәрбие сағаты оқушыларға Наурыз мейрамы туралы мағыналы түсінік беріп, халқымыздың салт-дәстүрі мен ырым-тыйымдарын танытуға, шынайылыққа, адамгершілікке және ұлтжандылыққа тәрбиелеуге бағытталған.
Мақсаты
Наурыздың мәнін ұғындыру; салт-дәстүрді бойға сіңіру; адамгершілік пен ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Мазмұны
Табиғаттың түлеп жаңаруы, қасиетті сөздер мен қадірлі дастарқан дәстүрі кеңінен дәріптеледі.
Көрнекілік
Слайдтар, суреттер, мақал-мәтелдер, тыйым сөздер, мультимедиялық таныстырылым.
І бөлім. Тәрбие сағатының бағдарламасы
- Қазақтың салт-дәстүрлері мен ырым-тыйымдары туралы қысқаша түсінік беру.
- Қыдыр атаны қарсы алу, бата сұрау.
Құттықтау сөзі
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Жыл басы – Наурыз!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! Сіздерді 22 наурыз — көктемнің, Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз. Келген қадамдарыңыз құтты болсын! Жүздеріңізге нұр, құшақтарыңызға гүл тілейміз.
«Ата-аналық — үлкен сын, бала өсіру — ұлы өнер» — демекші, тәрбие сағатымызды бастауға рұқсат етіңіздер!
Тәрбие сағаты басталмас бұрын, қатысып отырған қазылар алқасын таныстырамыз.
Наурыз туралы жыр жолдары
Армысыңдар, халайық,
Бармысыңдар, халайық.
Келді Наурыз сағынтып,
Қыздарға алқа тағынтып.
Наурыз келсе — құт келгені, халайық,
Есік ашып, шашу шашып, қол соғып,
Ұлысты қарсы алайық!
Бұл әлемде мереке көп —
Қуанышты, әдемі.
Ал біз үшін ең қымбаты —
Наурыздай киелі!
Жүргізушілер сөзі: мерекенің мәні
2-жүргізуші (рус.)
Сегодня замечательный день — праздник пробуждения новой жизни, праздник мира и весны. Наурыз — праздник весеннего равноденствия.
1-жүргізуші
«Наурыз» — көне парсы сөзі, қазақша мағынасы «жаңа күн». Бұл — жаңа жылдың алғашқы күні, яғни жыл басы. Күн мен түн теңелер шақ наурыз айының 22-сіне сәйкес келеді. Сондықтан халық 22 наурызды «Ұлыстың ұлы күні» деп ұлықтаған. Бұл күн қазақ үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған.
2-жүргізуші (рус.)
Нет на земле такого народа, который не отмечал и не гордился своими праздниками. Сегодня мы будем говорить об одном из самых древних и до сих пор широко отмечаемых праздников. Наурыз — праздник встречи Нового года, который празднуется с 21 на 22 марта, в дни весеннего равноденствия.
Мультимедийная презентация «Наурыз» (приложение).
1-жүргізуші
Ұлыстың ұлы күні даланың да тынысы өзгереді: «көлденең шөпке жан бітіп, қырда саршұнақ інінен қылт етіп көрінеді» деген сөздің өзінде табиғат пен адам өмірінің терең үйлесімі жатыр.
Тазалық, береке және Наурыз көже
Жарқын күнмен, ұзақ күткен жылумен бірге Наурыз мейрамы келеді. Ұлыстың ұлы күні — ойда, істе, ниетте тазарып, жақсылыққа бет бұратын уақыт. Бұл түнде Наурыз көже дайындалып, үй іші реттеліп, тазалық жасалады. Халық Қыдыр атаны күтіп, жаңа жылдың берекесін тілеген.
«Береке басынан басталады» деген ұғымға сай, 21 наурыздың таң алдында бүкіл ыдыс-аяқты дәнге, аққа, таза суға толтырып, бетін ашық қалдырған. Мұның мәні — дала кезген Қыдыр ата келіп, құт-береке дарытады деген сенім.
Қыдыр ата батасы
Бата беруші
Рамазанов Мұхаммед Әли
4 «А» сынып оқушысы
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын,
Қайда барсақ, жол болсын!
Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала жерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын,
Қайғы-уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
ІІ бөлім. Сайыс бағдарламасы
Топтар
- «Наурыз» тобы
- «Көктем» тобы
- «Жұлдыз» тобы
Кезеңдер
- Топ атын қорғау.
- Сұрақтарға жауап беру (дұрыс әрі тез).
- Өлең сайысы.
- Ұлттық ойын сайысы.
- Ребус шешу.
- Сөзжұмбақ шешу.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен басталады.
Сұрақтар (дұрыс және тез)
- Наурыз қандай халықтың мейрамы? Оны кімдер тойлайды?
- Наурыз туралы не білесің? Наурызды қай уақытта тойлайды?
- Наурызға қазақ халқы қалай дайындалады? Сен Наурыз мерекесін қалай қарсы аласың?
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Қазақстанның рәміздеріне нелер жатады?
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының авторы кім?
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасының авторлары кімдер?
- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранының авторлары кімдер?
- Бала тәрбиесіне байланысты қандай салт-дәстүрлер бар? (Шілдехана, бесікке салу, қырқынан шығару, тұсаукесер.)
- Сен қай мектепте оқисың?
- Биыл мектепке неше жыл толады?
- Ұлттық ойындарды ата. (Ақсүйек, алтыбақан, сақина салу, орамал тарту, қыз қуу, бәйге.)
- Қазақстанның әйгілі қандай спортшыларын білесің?
- Қазақстанның бірінші астанасы қай қала?
- Қазақстанның екінші астанасы қай қала?
- Қазақстанның үшінші астанасы қай қала?
- Қазақстанның төртінші астанасы қай қала?
Өлең сайысы
1-оқушы
Ұлыстың ұлы күні оң болсын!
Ақ мол болсын!
Наурыз тойы құтты болсын!
2-оқушы (Қажымұқан Аида)
Наурыз тойы — салтымыз,
Аман болсын халқымыз.
Көңілдері жадырап,
Жүрсін аман қартымыз.
3-оқушы
Наурыз айы тамаша,
Жар салайық жаңаша!
Мереке көп Наурызда,
Қуанайық балаша!
4-оқушы
Көкпар, бәйге, қыз қуу, асық ойын —
Наурызда ойналады ұлттық ойын.
Төлдейді сиыр, түйе, бие, қойың,
Ерітіп қарын даланың,
Жинатып гүлін саланың.
Жетелеп жұмсақ самалын,
Келді Наурыз — жыл басы.
Күлімдеп қарап күміс күн,
Аспаның бүркіп пүліш түн.
Ұлы күні Ұлыстың,
Келді Наурыз — жыл басы!
Автор туралы мәлімет
Теміртау қаласы, №27 ЖББОМКММ қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: К. Ж. Хамзина