ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ зияткерлік сайысы Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар

Қош келдіңіздер!

Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар! Мектепішілік «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысына қош келдіңіздер.

Нұрлы үмітпен арқаланған арқаға,
Жан сәулесін тарататын баршаға.
Шын пейілмен құрметімізді көрсетіп,
Сайыскерлерді шақырайық ортаға.

Ойынның мақсаты

Ойы жүйрік, танымдық деңгейі жоғары, интеллектуалды оқушылардың дарынын ашу, белсенділігін арттыру және білімін тереңдету.

Сайыс бөлімдері

  1. 1Бәйге
  2. 2Тапқырлық
  3. 3Көкпар
  4. 4Жорға

Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз,
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз.

Бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысының әділқазылар алқасы таныстырылып, әр кезең өз тәртібімен өтеді.

1-бөлім: Бәйге

  • Ереже: 10 сұрақ қойылады.
  • Бағалау: әр сұраққа 10 балл беріледі.
  • Нәтиже: бөлім соңында ең аз балл жинаған 1 оқушы сайыстан шығарылады.

Сұрақтар

  1. 1. Аспанда неше шоқжұлдыз бар? 88
  2. 2. Ақпараттық процестерді зерттейтін ғылым? Информатика
  3. 3. Әлемге әйгілі компьютер бағдарламаларын жасаушы, Microsoft компаниясының негізін қалаушы? Билл Гейтс
  4. 4. 30°-қа қарсы жатқан катет неге тең? Гипотенузаның жартысына тең
  5. 5. Дискриминанттың формуласы қандай? D = b² − 4ac
  6. 6. Екі қатынастың теңдігі қалай аталады? Пропорция
  7. 7. Ең кіші ғаламшар? Меркурий
  8. 8. Париж сахнасында ән салған тұңғыш қазақ әншісі? Әміре Қашаубаев
  9. 9. Ноғай Ордасының астанасы? Сарайшық
  10. 10. Жарық жылдамдығы неге тең? 300 000 км/с

2-бөлім: Тапқырлық

Бұл бөлім салт-дәстүр, өнер, ғылым, спорт бағыттарынан тұрады. Бөлім соңында ең аз балл жинаған 1 оқушы сайыстан шығарылады.

І. Салт-дәстүр

Айтыстың ең көне түрі?
Бәдік
Сәукелені желегімен кім, қай уақытта киген?
Жаңа түскен келін

ІІ. Өнер

«Қыз Жібек» фильмінің қоюшы режиссері?
С. Қожықов
Қазақстанның атын әлемге паш еткен музыкалық топ?
Ұлытау

ІІІ. Ғылым

Иіріле оралып, тостағанға үңіле қарап тұрған жылан бейнесі қай ғылым саласының таңбасы?
Медицина
Оптика, статика, акустика, динамика, механика, кинематика, магнетизм, гидравлика, космология, энергетика — бұлар мектепте қай пәнге қатысты?
Физика

IV. Спорт

2008 жылы Австрия мен Швейцарияда өткен футболдан Еуропа чемпионатының алтын жүлдегері қай елдің құрамасы?
Испания
ХІХ жазғы Олимпиада ойындары қай жылы, қай елде өткізілді?
Бейжің, 2008 жыл

3-бөлім: Көкпар

Бұл бөлім физика, математика, информатика және әртүрлі тақырыптардан тұрады. Ұяшықтарда сұрақтар жасырылған, ал әр ұяшықта ұпай саны көрсетіледі.

Физика

  • 10 ұпай: Қандай процесс адиабаталық процесс деп аталады?

    Жауабы

    Жылу алмасусыз өтетін процесс.

  • 20 ұпай: Тербеліс амплитудасы дегеніміз не?

    Жауабы

    Ең үлкен ауытқу.

  • 30 ұпай: Деформация дегеніміз не?

    Жауабы

    Дененің пішінінің өзгеруі.

Математика

  • 10 ұпай: Шеңбердің екі нүктесін қосатын кесінді қалай аталады?

    Жауабы

    Хорда.

  • 20 ұпай: Сағат 23:58-ді көрсетіп тұр, бірақ ол 7 минутқа қалып қойған. Қазіргі дәл уақытты тап.

    Жауабы

    23:51.

  • 30 ұпай: Диагональдары тік бұрыш жасап қиылысатын төртбұрыш?

    Жауабы

    Ромб.

Информатика

  • 10 ұпай: Адам мен компьютер арасындағы байланыс қалай аталады?

    Жауабы

    Интерфейс.

  • 20 ұпай: 1 килобайтта неше байт бар?

    Жауабы

    1024 байт.

  • 30 ұпай: Компьютерге ақпарат енгізуге арналған құрылғы?

    Жауабы

    Пернетақта.

Әртүрлі

  • 10 ұпай: Абылай ханның өмірі мен ерлігін жырлаған жырау?

    Жауабы

    Бұқар жырау.

  • 20 ұпай: Моңғол мемлекетінің негізін қалаушы?

    Жауабы

    Шыңғыс хан.

  • 30 ұпай: Дүние жүзіндегі ең терең көл?

    Жауабы

    Байкал көлі.

4-бөлім: Жорға

Қорытынды кезеңде қалған 2 оқушыға екі нұсқа бойынша 10 сұрақтан беріледі.

A нұсқасы

  1. 1. Бүкіләлемдік тартылыс заңын ашқан ағылшын физигі әрі математигі?

    И. Ньютон

  2. 2. «Жеті жарғы» заңдар жинағы қай ханның тұсында жазылған?

    Тәуке хан

  3. 3. Нөлдік вектордың ұзындығы неге тең?

    0

  4. 4. 7-ші Қысқы Азиада ойындары қай мемлекетте өткізілді?

    Қазақстан

  5. 5. Ауа ылғалдылығын анықтауға арналған құрал?

    Психрометр

  6. 6. Белгілі бір атпен сақталған ақпараттар жиыны?

    Файл

  7. 7. Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы қалай аталады?

    Ақорда

  8. 8. Қосындысы нөлге тең болатын сандар?

    Қарама-қарсы сандар

  9. 9. Компакт-дискілерді оқуға арналған құрылғы?

    CD-ROM

  10. 10. Ұлттық валюта — теңгенің ең кіші номиналы?

    1 тг

B нұсқасы

  1. 1. Қазақ спортшылары арасынан шыққан тұңғыш Олимпиада чемпионы?

    Ж. Үшкемпіров

  2. 2. Вольтметр нені өлшейді?

    Кернеуді

  3. 3. 2-нің 10 дәрежесі неше?

    1024

  4. 4. Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат?

    Бәйтерек

  5. 5. Ақпараттың ең кіші бірлігі?

    Бит

  6. 6. Санның жүзден бір бөлігі?

    Пайыз

  7. 7. Ұлттық валюта — теңгенің ең үлкен номиналы?

    10 000 тг

  8. 8. Біз таксиге не үшін ақша төлейміз: жол үшін бе, әлде орын ауыстыру үшін бе?

    Жол үшін

  9. 9. Алматы қаласының оңтүстік-шығысындағы тау жүйесі?

    Іле Алатауы

  10. 10. Байланыс арналары арқылы алыстағы компьютерлер арасында ақпарат алмасуға арналған құрылғы қалай аталады?

    Модем

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығатын бұл сайыста білім, тапқырлық және жылдам ойлау қабілеті сыналады.