Әңгіме - оқиғаны баяндауға негізделген қара сөзбен жазылған көркем шығарма
Сабақ тақырыбы
Ыбырай Алтынсарин — шағын әңгіме жанрының шебері (10-сынып).
Мақсаты
- Ыбырай Алтынсариннің шағын әңгіме шебері екенін шығармалары арқылы дәлелдетіп, оқушылардың жаңа білімді өздігінен игеруіне жағдай жасау.
- Оқушылардың тақырып бойынша ой тұжырымын қалыптастыру, өздігінен ізденуін, шығармашылық қабілетін және ой-өрісін дамыту.
Оқыту нәтижесі
Оқушылар Ыбырайдың әңгімелерінің мазмұнымен танысып, шығармашылық тапсырмалар орындайды.
Әдіс-тәсілдер
- Жедел тест
- «Әдебиет лотосы»
- Салыстыру
- Проблемалық сұрақ
Мұғалімнің іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
- Топқа бөлу.
Топтарға бөлу
- 1-топ: Ыбырай әңгімелері
- 2-топ: Ыбырай өлеңдері
Үй тапсырмасын тексеру
Жедел тест арқылы тексеру.
Мағынаны тану
Проблемалық сұрақ: «Әңгіме дегеніміз не?»
Әңгіме — оқиғаны баяндауға негізделген, қара сөзбен жазылған көркем шығарма. Әңгімеде басталуы мен аяқталуы жинақы, тиянақты бір оқиға айтылады.
Оқылатын шығармалар
-
«Мейірімді бала»
-
«Бақша ағаштары»
-
«Әке мен бала»
-
«Таза бұлақ»
Материалды үнтаспадан тыңдату арқылы толықтыру.