Балаларды сабаққа әзірлеу

Тақырыбы

Сандар қатары

Мақсаты

  • 10 санына дейін ретті және кері санау дағдыларын дамыту.
  • Ойын барысында тез ойлап, дұрыс шешім табуға үйрету.
  • Зейінділікті арттыру.

Көрнекілігі

  • Үлкен ойыншық қоян
  • Әдемі қорапша, қалташалар
  • Жайлау суреті
  • Төрт түлік төлдерінің атрибуттары
  • Кеспе сандар

Сабақ форматы

Сабақ ойын түрінде ұйымдастырылады: балалар қоянның қорабындағы тапсырмаларды орындап, сандар әлеміне саяхат жасайды.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру

Балаларды сабаққа әзірлеу.

Математика сабағында өткен тақырыпты қайталау, айту, еске түсіру.

2) Негізгі бөлім

Кіріспе

Тәрбиеші:

Арайланып таң атты,

Алтын шапақ таратты.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, апайлар!

Балалар, бүгін сабағымызға қоян қонаққа келді. Оның қолында қорапша бар екен. Қоян не үшін келді деп ойлайсыңдар? Ол келесі жылы мектепке дайындалып, орман мектебіне барғысы келеді. Сондықтан қораптағы тапсырмаларды орындауға көмектесулеріңді сұрайды.

Сұрақ-жауап

  • Қоянға көмектесеміз бе? Иә.
  • Қорапта не бар? Сандар қатары, “Сандар әлеміне саяхат” тапсырмалары.

1-тапсырма

Тақырыпты белсендіру

Сұрақтар: Жылдың 4 мезгілін ата. Қазір жылдың қай мезгілі?

Сергіту сәті

Ал санайық, санамақ,

Саусақтарға қарап ал.

Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу —

Қолымдағы саусағым нешеу?

2-тапсырма

Санау

Тапсырма: Жайлауға малдарды төлдерімен бірге шығар. Өрісте неше мал жайылып жүргенін санату (барлығы 10 жануар).

Сергіту сәті

Оң қолымда бес саусақ,

Сол қолымда бес саусақ.

Бесті беске қосқанда,

Болып шықты он саусақ.

3-тапсырма

Көршісін тап

“Көршісін тап” ойыны: сандарды қатар бойынша толықтыру және реттеу.

Тақ сандар

1 3 5 7 9

Жұп сандар

2 4 6 8 10

Сергіту сәті

Кәне, қанат қағайық,

Қарлығаш болып ұшайық.

Ұшып, ұшып алайық,

Орнымызға қонайық.

Санамақтар

Балалар, сандарды санадық, сандарға байланысты ойындар ойнадық. Енді осы сандар туралы санамақтарды айтайық.

1 — санамақ

Мені келсең білгің,

Мен таяқша бірмін.

Барлық санға жол бастап,

Ең басында тұрмын.

2 — санамақ

Бірден кейін тұрамын,

Сандар іші — тұрағым.

Бірді бірге қосқанда,

Мен иіліп шығамын.

3 — санамақ

Екіден соң әрқашан

Үш санымен шығамын.

Қос мүйізі майысқан

Ұлттық ою саламын.

4 — санамақ

Үш сызықтан таяғым,

Оқушылар қояды.

Төрт дегенің баяғы —

Төрт түліктің аяғы.

5 — санамақ

Төрттен кейін бесті

Білу оңай десеңші.

Санасаң қолдың саусағын,

Оңай табасың бесті.

6 — санамақ

Мен өзімді қатарға

Бестен кейін қоямын.

Басым бір боп басталып,

Нөлмен бітер аяғым.

7 — санамақ

Қара, мына қызықты,

Кесуді кім ұмытты?

Жеті болам бір тартсаң,

Бел ортамнан сызықты.

8 — санамақ

Менің атым — сегіз,

Жетіден соң деңіз.

Жазылғанда қос дөңгелек,

Мен шығамын сегіз.

4-тапсырма

Ойлан, тап!

Енді қоян әкелген математикалық жұмбақ есептерді шешіп көрейік.

Есеп 1

Бестен төртті алайық, қанша қалды қарайық? Қарайық та санайық, санайық та табайық.

Жауабы: 1 (сурет арқылы түсіндіру).

Есеп 2

Бақшаға жақсы аға көп ойыншық әкелді: 1 балық, 2 машина. Барлығы қанша ойыншық болды?

Жауабы: 3 (ойыншықтармен көрсету).

Есеп 3

Қонжық екеу. Табаны нешеу?

Жауабы: 8 (ойыншық аюмен көрсету).

Сергіту сәті

Топ-топ, топ-топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса жарқын күн,

Жаса, жаса жарқын күн.

5-тапсырма

Жұмыс дәптері

Математика дәптерімен жұмыс: суреттерді бояу.

6-тапсырма

Дидактикалық ойын

“Адасқан сандарға көмектес”: сандарды реті бойынша “үйлеріне” орналастыру.

Адасқан қатар

1 5 7 10 8 2 4 9 3 6

Қорытынды әрекет

Тура және кері санау (1-ден 10-ға дейін және 10-нан 1-ге дейін).

Сабақты қорытындылау

Міне, балалар, бүгін өте тамаша сабақ өтті. Сендер қоянға үлкен көмек көрсеттіңдер: білетіндеріңді айтып, ойлы да тапқыр екендеріңді, тіпті қиын тапсырмаларды да қорықпай орындай алатындарыңды дәлелдедіңдер.

Рахмет!