Сүт тағамдарына байланысты ырымдар мен тыйымдар
Сабақ тақырыбы
Сүт және сүт өнімдерінен дайындалатын тағамдар.
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Төрт түлік малдан өндірілетін сүттің өзіндік қасиеттерін таныстыру. Әсіресе сиыр сүтінен жасалатын тағам түрлері мен оларды дайындау жолдары туралы мәлімет беру.
Дамытушылық
Сүт тағамдарының адам ағзасына қажетті қоректік заттарды қамтамасыз ететінін түсіндіру.
Тәрбиелік
Сиыр сүтінен дайындалатын тағамдарды ұлттық негізде жасап үйренуге баулу. Сиыр малының «дастарқан құты» екендігін түсіндіре отырып, ата кәсіпті жалғастыруға тәрбиелеу.
Сабақ форматы
Әдістері
- Баяндау
- Сарамандық жұмыс
Түрі және байланыстар
- Сабақ түрі: аралас
- Пәнаралық байланыс: тарих, биология, химия
Көрнекіліктер
Төрт түлік мал туралы буклет
Сүттен дайындалған тағам түрлерінің көрмесі
Плакаттар мен суреттер
Сурет-жұмбақ тапсырмалар
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылар түстер арқылы екі топқа бөлінеді:
1-топ: Балқаймақ
Сүт тағамдарының жұмсақтығы мен дәмдік үйлесімін танытуға бағытталады.
2-топ: Кілегей
Технологиялық дәлдік пен әзірлеу мәдениетіне назар аударады.
II. Өткен сабаққа шолу және үй тапсырмасын тексеру
«Менің сүйікті тағамым» ойыны арқылы сұрақтарға жауап беріледі: оқушы тақтадан өзіне ұнаған тағамды таңдап, артындағы сұраққа жауап береді.
Сұрақтар
- Тағамдық құндылығына қарай жармаларды ата.
- Дәнді дақылдарды ата.
- Дәнді астықтарды ата.
- Бұршақ дақылдарды неге «өсімдік еті» деп атайды?
- Макарон пісірудің қандай тәсілдері бар?
- Бұршақ тұқымдастарды ата.
Дәнді дақылдар
Жармалар дәнді дақылдардан өндіріледі: бидай, күріш, сұлы, жүгері, тары, арпа, қара бидай.
Бұршақ тұқымдастар
Үрме бұршақ, бұршақ, ірі бұршақ, соя, жасымық.
Жармадан дайындалатын тағамдар
Басытқылар
Салаттар, пасталар
Бірінші тағамдар
Сорпалар
Екінші тағамдар
Ботқалар, гарнирлер, толтырмалар
Пеште пісірілетіндер
Запеканкалар
Тәтті тағамдар
Пудинг, мусс
Ұн тағамдары
Печенье
III. Жаңа сабақ
1) Қызығушылықты ояту
Оқушылар қазақтың ұлттық тағамдары туралы не білсе, соны топтастыру әдісімен қағаз бетіне түсіреді. Уақыт ішінде ойды тоқтаусыз, шектемей жазып, кейін жазғандарын оқып, жинақтап, тірек сызба жасайды.
Жұмбақ:
Сырлы сұйық, су емес,
Ішсең сусын қанады.
Ақ болса да қар емес —
Шешуін кім табады?
Жауабы: Сүт
«Ақ — дертке дауа, жанға шипа» дегендей, бүгін біз сүт және одан жасалатын тағамдар туралы сөз қозғаймыз. Сүт — адам денсаулығына пайдалы, қасиетті сусын. Қазақ халқы сүтті төрт түлік малдан өндіріп, тұрмыс-тіршілігіне кеңінен пайдаланған.
Сүттің тағамдық құндылығы
Сүт — тіршілік көзі. Оның құрамында ағзаға қажет негізгі қоректік заттар бар:
Су
87–89%
Белок
2,8–3,5%
Май
3,2–4%
Көмірсу (сүт қанты)
3,8–5,5% (лактоза)
Минералды тұздар
шамамен 1%
Дәрумендер
A, B тобы, C, D, E
Ең бағалысы — жаңа сауылған сүт. Сүт пен сүт тағамдары арқылы адам организмін A дәруменімен, B тобы дәрумендерімен, сондай-ақ C және D дәрумендерімен толықтыруға болады.
Сүт өнімдерінің түрлері
Қазақтың ас мәзірінде сүт тағамдары ерекше орын алады. Төрт түліктің сүтінен және одан жасалған өнімдер «ағарған», «ақ» деп аталады.
Бір ғана сүттен сұйық, қою, қоймалжың, ащы, тұщы, жұмсақ, қатты және ұнтақ түріндегі тағамдар әзірлеуге болады. Сүт тағамдарының қоректік құндылығы жоғары.
Академик И. Павлов сүтті «табиғаттың өзі дайындаған тамаша тағам» деп бағалаған.
2) Ой қозғау: сөздік жұмыс
Сүт
Малдан алынатын өнім.
Уыз
Жаңа төлдеген малдың алғашқы қою сүті.
Ашқылтым
Сүт тағамдарына тән дәм.
Малта
Езілген құрттың жұғанасы, ұсағы.
Меңіреу
Қой сүтінен ұйытылған қатық түрі.
Ұйытқы
Сүтті ұйытуға арналған мәйек (ашытқы).
Торта
Май қайнатқанда шығатын тұнба.
Қату
Тағамға май немесе қаймақ қосу.
Айну
Тамақ дәмінің бұзылуы.
Адал
Таза, жеуге жарамды тағам.
3) Тапсырмалар
1. Баяндаңыз
Сүт туралы қысқаша мәлімет.
2. Салыстырыңыз
Айран мен қатықты салыстыру.
3. Тест
Негізгі ұғымдарды бекіту сұрақтары.
Тест сұрақтары
1) Уыз неден болады?
- a) ашыған сүттен
- ә) сүттен
- б) төлдеген малдың алғашқы күнгі сүтінен
2) Лактоза деген не?
- а) сүттің қанты
- ә) сүттің майы
- б) сүттің минералды тұздары
3) Шұбат қай түліктің сүтінен әзірленеді?
- a) сиыр сүтінен
- ә) түйе сүтінен
- б) бие сүтінен
4) Стафиллококктар тіршілік ететін орындар
- a) ет өнімдерінде
- ә) жабайы өсімдіктерде
5) Тағамды дайындамас бұрын ең алдымен нені сақтау керек?
- a) техника қауіпсіздігін
- ә) тамақтану мәдениетін
- б) тазалық-гигиеналық талапты
6) Май түсіруге арналған піспегі бар ыдыс
- a) күбі
- ә) мес
- б) саба
4) Сүт тағамдарына байланысты ырымдар мен тыйымдар
Тақырып бойынша ұлттық ұғымдар мен тәрбиелік мәні бар тыйым сөздер талқыланады.
5) Кестемен жұмыс
Әр топқа кесте беріледі: бағананың оң жағына тапсырма, сол жағына топ болып ақылдасып жинақталған пікір жазылады.
1-кесте: «Ақ алып шығу» салты
Оқушының пікірі: ____________________
2-кесте: «Ақ құйып шығару» салты
Оқушының пікірі: ____________________
IV. Сарамандық жұмыс
Жұмысты бастамас бұрын техника қауіпсіздігі ережелері еске түсіріледі. Сүзбе екіге бөлінеді: тұзсыз және тұзды.
Балқаймақ тобы
Тұзсыз сүзбе дайындау және дайындау технологиясын түсіндіру.
Кілегей тобы
Тұзды сүзбе дайындау және дайындау технологиясын түсіндіру.
V. Жаңа сабақты пысықтау
Екі топтың топ басшылары оқушылардың үйден дайындап әкелген сүт тағамдарын «сатушы» рөлінде таныстырып, өнімдерін жоғары деңгейде жарнамалайды.
VI. Қорытынды
Қазақтың ұлттық сүт тағамдарының маңызы зор: олар пайдалы, нәрлі және түрі өте көп. Бүгін бірнеше түрімен таныстық. Үйренгенімізді күнделікті тұрмыста қолданайық.
VII. Бағалау
Сабақтың әр кезеңінде белсенділік танытып, білімін толық көрсеткен оқушылар бағаланады.
VIII. Үй тапсырмасы
- Сүт және сүт тағамдары туралы мәтінді оқып келу.
- Реферат жазу.