Арайлы Алтын күз
Мақсаты
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін және қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктерін дамыту, ұйымшылдыққа, достыққа және жауапкершілікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
- Слайд
- Күз суреттері
- Шар
- Лента
- Жапырақтар
Сабақтың барысы
1-жүргізуші
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Көптен күткен «Арайлы Алтын күз!» атты кешімізге қош келдіңіздер!
2-жүргізуші
Күз — жыл мезгілдерінің бірі. Бұл уақытта күн салқындап, құстар жылы жаққа ұшады. Егін жиналып, жапырақтар сарғайып, жерге түседі.
1-жүргізуші
Иә, мен бұл мезгілді «Алтын күз» дер едім. Өйткені жер беті сарғайған жапырақтарды жамылып, алтын түске боялады.
2-жүргізуші
Жиналған қауым, армысыздар, бәріңіз! Келіп жетті алтын дәнді сары күз. Бірге болып қуанышта бәріңіз, бізбен бірге шаттық әнін салыңыз!
1-жүргізуші
Күз — мереке, күз — ырыстың белгісі. Қайтып барады мекеніне жыл құсы. Әнге ұласып, жырға ұласып даламыз. Алтын күздің той-думаны басталды!
Байқаудың мақсаты
Бүгінгі «Арайлы Алтын күз!» байқауында Күз Ханзадасы мен Күз Ханшайымын анықтау.
Әділқазылар алқасы
Сайыс қорытындысы әділ бағалануы үшін әділқазылар құрамы таныстырылады:
- 1 ________________
- 2 ________________
- 3 ________________
Сайыс құрылымы
- 1. «Кел, танысайық»
- 2. «Ақылы көркіне сай»
- 3. «Көңілді аспазшы»
- 4. «Сән үлгісі»
Әр конкурс соңында ұпай беріліп отырады. Бағалау — 5 балдық жүйе бойынша.
Қатысушылар
«Аққудай әдеміміз, сұлу жанбыз…» — деп, ортаға қатысушы жұптарды шақырамыз:
1-жұп
Әли мен Аяулым
2-жұп
Темірлан мен Хадиша
3-жұп
Мирас пен Аяжан
4-жұп
Рахим мен Диана
5-жұп
Әлішер мен Дана
6-жұп
Санжар мен Айжан
Көп сөйлеп жөн-жобадан аспайық. Қандай сайыс болса да қашпайық. Рұқсат етсеңіздер, қанеки, жұптар сайысын бастайық!
1-конкурс: «Кел, танысайық»
Әр қатысушы өздерін таныстырады. Төменде ұсынылатын өлең жолдары — таныстырудың үлгісі.
Бидай — Иманғали
Нан анасы — бидаймын, Елге астық сыйлаймын. Дәнім толып піскенде, Қауызыма сыймаймын.
Қызанақ — Нұраңсар
Топырақта шұрайлы, Өскен қызыл шырайлы. Қызанақты бала да, Қария да сұрайды.
Қияр — Ерқанат
Бекер емес онысы, Дымқылға бай қонысы. Қияр деген, бауырым, Витаминдер: А, В, С.
Қарбыз — Рахат
Күннің нұрлы шуағы Шұғыла боп шылады. Қызыл қырау ерісін, Қарбыз болып ауызда.
Қауын — Дамир
Істен қашып, бұқпағын, Дұрыс мұны ұққаның: Тәтті, дәмді қауынның Ащы терден шыққанын.
Пияз — Ануар
Пияз мына асылы, Жүр қулығын асырып: Көрсетпейді сақалын, Топыраққа жасырып.
Жапырақ — Абай
Алтын, сары, қызыл, көк — Алуан-алуан жапырақ. Күзгі бақта күлімдеп, Көз тартады жалбырап. Таудан салқын жел соқса, Сыбдырлайды қалтырап. Жақын қалды желтоқсан, Жабырқайды жапырақ.
2-конкурс: «Ақылы көркіне сай»
Жұптар тақтадағы жапырақтарды таңдап, сұрақ нөмірін анықтайды. Қойылған сұрақтарға жауап береді.
- 1 Қазақстан Республикасында неше облыс бар?
- 2 Төрт түліктің төлдерін ата.
- 3 Қазақтың қандай салт-дәстүрлерін білесіңдер?
- 4 Қазақтың қандай батырларын білесіңдер?
- 5 Қазақтың ұлттық тағамдарын ата.
- 6 Қазақтың үш биін ата.
- 7 Апорт алмасының отаны.
- 8 «Бейбітшілік құсы» деп қай құсты атайды?
Музыкалық үзіліс
Әлибек пен Сымбаттың орындауында вальс.
3-конкурс: «Көңілді аспазшы»
Әр жұп үстел үстіндегі алжапқышты тағып, орамалды басына тартады. Пышақпен екі картопты қабығын үзбей аршып, қызанақ пен қиярды әдемілеп турауы керек.
Бағалау критерийлері
- Картоптың тазалығы
- Қабығының үзілмеуі
- Қияр мен қызанақтың ұқыпты әрі әсем туралуы
Музыкалық сүйемелдеу
Орыс биі.
4-конкурс: «Сән үлгісі»
Соңғы кезең — қатысушылардың сән үлгісін таныстыруы.
Қорытынды бөлім
«Арайлы Алтын күз!» байқауының барлық сындары аяқталды. Қазылар алқасы ұпайларды есептегенше, кезекті музыкалық үзіліске кезек береміз.
Музыкалық үзіліс
«Жан гүлім» әні.
Марапаттау
1-жүргізуші
Біз бұл жерде Күз Ханзадасы мен Күз Ханшайымын анықтаймыз. Жеңіс пен жеңілістен тұратын — өмір күрес. «Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжімеңдер: Қатысудың өзі де — бір жеңіс, ұға білсең!
Әділқазылар сөзі
Күз Ханзадасы мен Күз Ханшайымы анықталып, оқушылар номинациялар бойынша марапатталады.
2-жүргізуші
Осымен бүгінгі ертеңгілігіміз өз мәресіне жетті. Қатысқандарыңызға рақмет!