Көрнекілігі: интерактивті тақта, дербес компьютерлер, электронды оқулық, слайдтар, арнайы тапсырмалар, кестелер

Сыныбы

8-сынып

Сабақтың тақырыбы

Диаграммаларды құру, редакциялау және форматтау

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға MS Excel бағдарламасының графикалық мүмкіндіктері (диаграммалар) туралы түсінік беру. Диаграмма шеберінің көмегімен диаграмма тұрғызуды үйрету және әртүрлі типтегі диаграммаларды құру жолдарымен таныстыру.

Тәрбиелік

Оқушылардың бойына өзін-өзі тану элементтерін енгізу, азаматтық пен жауапкершілікке тәрбиелеу. Ұқыптылық пен тиянақтылыққа баулу.

Дамытушылық

Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілеттерін жан-жақты дамыту. Бірізділікке, жүйелілікке, ұқыптылыққа және уақытты тиімді пайдалануға дағдыландыру.

Көрнекілігі

  • Интерактивті тақта
  • Дербес компьютерлер
  • Электронды оқулық
  • Слайдтар
  • Арнайы тапсырмалар
  • Кестелер

Сабақтың ұйымдастырылуы

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі

  • Электронды оқулықпен жұмыс
  • БҮҮ стратегиясы
  • Топтастыру стратегиясы
  • Сұрақ-жауап

Автор туралы

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосы, № 9 орта мектебінің ІІ санатты информатика пәні мұғалімі.

Сұлтанова Раушан Кәдірбекқызы