Дамытушылық - ерліктеріне еліктей білуге, олардан үлгі алуға баулу, Тәрбиелік - оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Естен кетпес отты жылдар
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Шежін орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының мұғалімі Абдықалықова Толқынхан Даулеткелдіқызы ұйымдастырған «Естен кетпес отты жылдар» атты кездесу кеші Ұлы Отан соғысы және тыл ардагерлеріне арналды.
Кештің мақсаты
Білімділік
Оқушыларға аға-апаларымыздың елін, жерін ерлікпен әрі жаужүрек батырлықпен қорғай білгенін таныту, сол рухты бойларына сіңіру.
Дамытушылық
Ерлікке еліктей білуге, батырлықтан үлгі алуға баулу; тарихи деректерді түсініп, ой қорытуға дағдыландыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды отансүйгіштікке, патриоттыққа, адамгершілікке тәрбиелеу, үлкенге құрмет пен алғыс сезімін нығайту.
Кештің мазмұны
Құрметті ұстаздар, ата-аналар, қонақтар және оқушылар! Бүгін біз Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Естен кетпес отты жылдар» атты мектеп оқушылары мен еңбек, тыл ардагерлерімен кездесуді бастауға жиналдық.
1) Ашылу
Кештің ашылуы және құттықтау сөз.
2) Мемлекеттік Әнұран
Әнұран орындалады.
3) Баяндама
«Ұрпақтар ұмытпайтын жеңіс» тақырыбы.
Ұрпақтар ұмытпайтын жеңіс
Осыдан 70 жыл бұрын бүкіл әлемді дүр сілкіндірген сұрапыл соғыс басталды. Ер азаматтар қолына қару алып майданға аттанса, қарттар, әйелдер және балалар күн-түн демей еңбек етті. Бұл ақиқатты достарымыз да, дұшпандарымыз да мойындады.
Тарихи мәліметтер
Қазақстан халқы және мобилизация
- Соғысқа дейін Қазақстанда 6,2 млн халық тұрды.
- Соғыс жылдары республикадан 1 996 164 адам майданға аттанды.
- Еңбек армиясына 700 мың адам жіберілді.
- Әскери комиссариаттар арқылы шамамен 1,9 млн адам сапқа тұрған.
Әскери құрамалар және майдан жолы
- Қазақстан аумағында 12 атқыштар дивизиясы құрылды.
- 4 ұлттық атты әскери дивизия және 7 атқыштар дивизиясы жасақталды.
- Қазақтың екі ұлттық атқыштар бригадасы және әртүрлі әскер түрлерінің 50-ге жуық полкі мен батальоны майданға жөнелтілді.
- Соғыстың алғашқы жарты жылында Қазақстаннан 632 134 адам майданға аттанды.
Ерлік, шығын және елдің қолдауы
Анықталған деректер бойынша соғыстан 410 мың қазақстандық жауынгер оралмаған. Бұл санға республикадан тыс жерлерден аттанғандар, еңбек армиясынан оралмағандар және соғыс жарақатынан кейін қайтыс болғандар толық кірмеуі мүмкін.
Қазақстан еңбекшілері майданға 2,5 млн дана жылы киім жіберіп, Отан қорғау қорына 4 млрд сомнан астам қаражат аударды.
Ерлігі үшін орден-медальмен марапатталғандардың ішінде 26 638 қазақ жауынгері бар. 497 жерлесіміз Кеңес Одағының Батыры атанды; олардың 97-сі қазақ. 142 жауынгер Даңқ орденінің толық иегері болды.
Соғыс жылдары қазақстандық 5 әскери құрамаға «гвардиялық» деген құрметті атақ беріліп, көптеген жауынгерлер ордендермен марапатталды. Ерлігі аңызға айналған құрамалардың бірі — 8-гвардиялық Панфилов дивизиясы. Оның құрамынан шыққан батырлардың қатарында Бауыржан Момышұлы мен Мәлік Ғабдуллин сынды тұлғалар бар.