Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын, бастауышта алған білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу. Қанатты сөздер мен тақырып
Мақсаты
- Білімнің сара жолы бастауыштан басталатынын және бастауышта алған білімнің берік негіз болып қаланатынын дәлелдеу.
- Бастауыш сыныппен және алғаш қолына қалам ұстатқан алғашқы ұстазымен қоштаса отырып, әр баланың ерекшелігін танытып, сәт сапар тілеу.
- Мектепті — білім ордасын — және ұстаздарды құрметтеуге, білімге құштарлықты арттыруға, өз Отанының адал ұлы мен қызы болып өсуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі
Фотомонтаж
«Шуағын төккен 4 жыл» фотомонтажы.
Слайдтар
Іс-шаралардан үзінділер және балалық шақ сәттері.
Қанатты сөздер
Тақырып пен шабыт беретін нақыл сөздер.
Кіріспе сөз (мұғалім)
Қайырлы күн, құрметті ата-аналар мен ұстаздар! Бастауыш әлеміндегі дәстүрлі мерекенің бірі — бастауышпен қоштасу салтанатына қош келдіңіздер!
Қанатты сөз
«Бұл оқу тамақ болар қарның ашқанда,
Жол табар қараңғыда адасқанда.
Мал озбас, біле білсең, білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда.»
— Міржақып
Тарыдай болып кіріп, ақыл-ойы толысып, оң мен солын танып, жақсы мен жаманды ажырата білуді үйренген шәкірттеріміздің ұйымдастыруымен «Бастауышым — балбұлағым!» атты мерекелік шараны бастауға рұқсат етіңіздер.
«Бесіктегі баланың күлгенін көрген — бір мұрат,
Алдына түсіп ананың жүргенін көрген — бір мұрат» — дегендей,
бастауыш сыныпты бітіруші түлектерімізді ортаға шақырайық!
Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңыз да,
Мұндай күй болған сірә қаншаңызда.
Қол соғып, қошеметтеп шақырайық,
4-сыныптарды ортамызға!
Музыка әуенімен бастауыш сынып түлектері ортаға келеді.
Төрт жылдың ізі
Сіздердің алдарыңызда тұрған 4-сынып оқушылары осыдан төрт жыл бұрын алты жасар бала еді. Бүгін, міне, ес жиып, етек жапқан шәкіртке айналды. Мектеп табалдырығын аттаған күннен бастап олардың жадында көптеген жарқын сәттер қалды.
Есте қалған мерекелер
- Әліппемен қоштасу
- Дәстүрлі Наурыз тойы
- «Әдепті бала» сайысы
- «Әнші, биші балапан» өнер кеші
Жетістік пен талпыныс
- «Кішкентай күз аруы», «Қыз сыны»
- «Кішкентай жігіт сұлтаны»
- Мәнерлеп оқу сайыстары, көрмелер
- Спорттық жарыстар, ашық сабақтар, тәрбие сағаттары
Слайд: Белсенді оқушылардың іс-шараларға қатысуы
Оқушылардың мектеп өміріне араласуы, сахнадағы алғашқы қадамдары, бірлік пен жауапкершілікті үйренген сәттері.
Слайд: Балалық шақ
Армандасаң да, қиялдасаң да — көз алдыңа алдымен балалық шағың келеді. Өйткені биік асуға беттеген ғажайып өмір бал күлкіге толы балалық шақтан басталады.
Жүргізушілер сөзі
1-жүргізуші
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты.
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар, ұстаздарым қымбатты!
2-жүргізуші
Армысыздар, әжелер мен аналар,
Ұрпағыңыз күнде өзіңізден бата алар.
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар.
1-жүргізуші
Армысыздар, өр тұлғалы әкелер!
Қыран құстай балапанын мәпелер.
Бүгін, міне, бастауышпен қоштасады,
Азамат боп, кешегі сәби еркелер!
2-жүргізуші
Армысың сен, алтын ұя мектебім,
Саған айтар жыр-алғысым көп менің.
Жүректерге жаққан білім шырағын,
Мектебіме арналады бұл әнім!
Ортақ үндеу
Дұрыс айтасың, ________! Бұл мектептен қаншама адам тәлім алған десеңші. Менің атам да, әжем де, әкем де, анам да, енді мен де осы мектептен тәлім алудамын.
Олай болса, ________, алтын ұя мектебімізге арнап «Мектебім» әнін шырқайық!
Ән
«Мектебім» — А. Томирис
Құттықтау сөзі
Жүргізуші мәтіні
Мектеп — білім кемесін
Басқарып бүгін келесіз.
Ата-ана, ұстаз, балаға
Ақжарқын сәлем етесіз.
Шақырып едік, келдіңіз,
_____________________
Сөз кезегін береміз.
Сахналық бөлім
Мектеп директорының құттықтау сөзі.
Өнер бағдарламасы
Қазақ биі
Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.
Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп.
Иықтан шашып, төгіліп жерге,
Күмісті шашбау — жарасып белге.
Орындаушылар
Аружан, Ләззат, Камила, Жансая
Оқушылардың қоштасу жырлары
1-оқушы: Нурислам
Бастауышым — бал бұлағым,
Алдым сеннен балдың дәмін.
Әріп танып, білім алып,
Рақметімді жаудырамын.
2-оқушы: Аружан
Бастауышта шырқалмаған жыр бар ма?
Бастауышта айтылмаған сыр бар ма?
Бастауышта алған білім, жырларым —
Азық болар мәңгі талай жылдарға.
3-оқушы: Әлішер
Өтті сенде қызық шағым,
Бастауышым — бал бұлағым.
Қоштасар күн жетті міне,
Қимастықпен қол бұлғаймын.
Автор туралы
Мәлімет
Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы, Шоқан Уәлиханов атындағы Әулиекөл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі — Кашиева Мадина Совхозбайқызы.
Нақтылау
Мәтіндегі бос орындар (________) жүргізушілердің аты-жөні мен нақты деректерге қарай толтырылады.