Қайталама сөздер Қосарлама сөздер

Сабақ туралы қысқаша ақпарат

Тақырып

Судың маңызы (тіл дамыту сабағы)

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Әдіс-тәсілдер

  • Әңгімелеу
  • Сұрақ-жауап
  • Пікірталас
  • Ізденіс жұмысы

Көрнекіліктер

  • Суреттер
  • Интерактивті тақта
  • Үлестірме қағаздар

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін дамыту, тақырып бойынша өзара сөйлесуге дағдыландыру және тілдік нормаларды сауатты қолдануға үйрету.

Білімділік

Қос сөздердің түрлерін ажырату, демеулік шылаулардың жазылуы мен қолданылуын меңгерту.

Дамытушылық

Сауатты жазу мен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, өз ойы мен пікірін жүйелі жеткізе алатын деңгейге жетелеу.

Тәрбиелік

Табиғатты және қоршаған ортаны қорғауға, суды үнемдеуге және ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмысқа бейімдеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

1) «Тісті күту» тақырыбы бойынша әңгімелеу.

2) Қос сөздерді екі бағанға бөліп жазыңдар.

Айта-айта, киім-кешек, ата-ана, бала-шаға, бетпе-бет, үйден-үйге, әзіл-сықақ, ыдыс-аяқ, қора-қора, қысы-жазы.

Қайталама сөздер

Оқушылар мысалдарды осы бағанға орналастырады.

Қосарлама сөздер

Оқушылар мысалдарды осы бағанға орналастырады.

III. Жаңа сабақ

1) Сөздік жұмысы

Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру, мағыналарын түсіндіру.

2) Мәтінмен жұмыс

«Су — тіршілік көзі»

  • а) Мәтінді түсініп оқу және аудару.
  • ә) «Мәтін бөліктері» ойыны.

    Ойын шарты: сынып 4 топқа бөлінеді: 1 — кіріспе, 2 — негізгі бөлім, 3 — қорытынды, 4 — толықтыру. Әр топ мәтін бөлігін ретімен әңгімелейді. Толықтыру тобы әр топтан кейін сөз алып, қажет мәліметті толықтырады. Ойыннан соң мәтін қайта қаралып, берілген ақпаратпен салыстырылады. Қай топтың мазмұнды әрі нақты жеткізгені анықталады.

  • б) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар

  1. Сусыз тіршілік бар ма?
  2. Жер бетіндегі тұщы судың көлемі қанша?
  3. Қай елдер ауыз суды сатып алады?
  4. Біріккен Ұлттар Ұйымының келешекке жасаған болжамы қандай?
  5. Қазақстандағы су қоры қандай?
  6. Балқаш көлі туралы не айтылған?
  7. Арал теңізі мәселесі туралы не білесіңдер?

3) Географиялық білімді бекіту

Қазақстан бойынша өздерің білетін өзен, көл, теңіз атауларын жазып, кестені толтырыңдар. Сондай-ақ ШҚО аумағындағы көлдер, өзендер, бұлақтар туралы мысал келтіріңдер.

Теңіздер Көлдер Өзендер Бұлақтар Сарқырамалар Су қоймалары

4) Рөлге бөліп оқу

Мысалды рөлге бөліп оқыңдар (187-бет, 1-тапсырма).

Талқылау сұрағы

Сонымен, балалар, адам өміріндегі судың маңызы қандай? Өз пікірлеріңді білдіріңдер.

Формат: пікірталас.

5) Диалогті толықтыру

Тақырып бойынша диалогті толықтырып, жұппен өзара сөйлесіңдер (187-бет, 3-тапсырма).

IV. Қорытындылау

Берілген тірек сөздер бойынша судың адам денсаулығына маңызы туралы қысқаша әңгіме құраңдар. Жауапта қос сөздерді қолданыңдар: киім-кешек, ыдыс-аяқ, аяқ-қол, беті-қолын және т.б. (188-бет, 4-тапсырма).

V. Үй тапсырмасы

  • 187-бет: 2 және 3-тапсырмалар.

VI. Бағалау

Оқушылардың мәтінмен жұмысқа қатысуы, сұрақтарға жауап беруі, диалог құрастыруы және сауатты сөйлеуі бойынша бағаланады.