Құрметті жарысқа қатысушы командалар

Ашылу салтанатының сценарийі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған білім қызметкерлері арасындағы «Сергектік» эстафеталық жарысы.

Жүргізушінің құттықтауы

Армысыздар, аса құрметті спортсүйер қауым!

Мерекелік мәні

Биыл еліміз үшін айрықша мереке: Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Тәуелсіздік — ең басты құндылығымыз.

Қош келдіңіздер

Осы мерекеге орай өтетін білім қызметкерлері арасындағы «Сергектік» эстафеталық жарысына қош келдіңіздер!

Тәуелсіздіктің тағылымы

Бұл күнде еліміз әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қосылды. 25 жыл ішінде тәуелсіз қазақ елін қалыптастырып, нарықтық кезеңнің қиын өткелдерінен сүрінбей өтіп келеміз.

Барша қазақстандықтар үшін тәуелсіздіктің мәні мен маңызы ерекше. Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тіліміз бен дінімізді қайта жаңғырттық. Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт-дәстүріміз қайта жанданды.

Баршаңызды Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығымен және Мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Қатысушылар мен командалар

«Сергектік» эстафеталық жарысы білім қызметкерлері арасында 6 аймақта өткізіліп, жеңімпаз мектеп командалары ақтық кезеңге жолдама алған болатын.

Аймақтық кезең жеңімпаздары

  1. I аймақ: №25 мектеп командасы
  2. II аймақ: №94 мектеп командасы
  3. III аймақ: №104 мектеп командасы
  4. IV аймақ: Қ. Қүлетов атындағы №92 мектеп командасы
  5. V аймақ: С. Сейфуллин атындағы №165 мектеп командасы
  6. VI аймақ: №249 мектеп-лицей командасы

Көңілді әуен ойналады. Командалар ортаға жүгіріп келіп, сапқа тұрады.

Салтанатты бөлім

Құттықтау сөз

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған білім қызметкерлері арасындағы «Сергектік» эстафеталық жарысының салтанатты ашылуына орай құттықтау сөз Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы аудандық комитетінің төрағасы Раман Әбілқасым Қуантқанұлына беріледі.

Әнұран

Қазақтың күн бейнелі шаңырағы, әлемге қыран болып танылады. Түзелейік байрағын халқымның, шырқалсын еліміздің Әнұраны.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады.

Қатысушыларды құттықтау

Жарысқа қатысушыларды құттықтау үшін сөз аудандық білім бөлімінің әдіскері Жанарыстан Нұрлан Жанарыстанұлына беріледі.

Музыкалық тарту

Сіздердің құрметтеріңізге «Жаса, Қазақстан» әні.

Орындайтын: №249 мектеп-лицейдің оқушысы Төрехан Дәулет.

Жарыс тәртібі

Шығу реттілігі

Құрметті жарысқа қатысушы командалар! Жарыс алаңына шығу реттілігі команда жетекшілерінің қатысуымен алдын ала жеребе тарту арқылы анықталды.

1-кезең

  1. 1)№25
  2. 2)№92
  3. 3)№249

2-кезең

  1. 1)№94
  2. 2)№165
  3. 3)№104

Турлар саны

Білім қызметкерлері арасындағы «Сергектік» эстафеталық жарысы 5 турдан тұрады. Эстафеталық жарыстың турлары жарыс барысында хабарланып отырады.

(Жүргізуші әр турды жеке хабарлайды.)

Төрешілер алқасы

Бүгінгі жарыстың 7-командасы — төрешілер алқасы. Танысып алыңыздар.

Бас төреші

Жанарыстан Нұрлан — аудандық білім бөлімінің әдіскері.

Төрешілер

  • Әбіл Әмірхан №204 мектеп, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
  • Байдомақов Алтынбек №249 мектеп-лицей, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
  • Құлназаров Жамбыл №216 мектеп, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
  • Ермаханов Сатбай №216 мектеп, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
  • Романов Алмат №16 мектеп, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі
  • Ахметов Айдын №249 мектеп-лицей, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі

Қорытынды үндеу

Жарысқа қатысушы командаларға сәттілік тілей отырып, жарысымызды бастаймыз!

«Байтақ елім» әні орындалады (Мұрагер тобы).