Тісімізді тазалайық жаттығуы
Сабақ барысы
Сабақ құрылымы үш кезеңнен тұрады: ұйымдастыру-дайындық, негізгі және қорытынды бөлім.
I. Ұйымдастыру-дайындық кезеңі
1) Ұйымдастыру
— Бүгін қандай тамаша күн!
— Қонақтармен сәлемдесейік.
— Сәлеметсіздер ме!
2) Мимикалық жаттығулар
Төмендегі тағамдарды жеп отырғанымызды елестетеміз және әрқайсысына сәйкес бет-әлпетіміздің қалай өзгеретінін көрсетеміз:
- Қышқыл: лимон
- Тәтті: кәмпит
- Ащы: бұрыш
- Тәтті, шырынды: алма
Сұрақ: Біз қай дыбысты дұрыс әрі әдемі айтып үйреніп жүрміз?
Жауап: «З» дыбысы.
II. Негізгі кезең
1) Артикуляциялық жаттығулар
Айнамен орындау ұсынылады«Дуал»
Жоғарғы және астыңғы тістерді көрсетіп, қиналмай жымию.
«Жалпақ тіл»
Ауызды сәл ашып, жымиып, жалпақ тілді астыңғы ерінге қоямыз. Осы қалыпта 1-ден 5-ке дейін санап ұстаймыз.
«Сағат»
Тілді ауыз қуысынан шығарып, оңға және солға қимылдату.
«Жоғары-төмен»
Тілді жоғары және төмен бағытта қозғалту.
«Пя-пя-пя»
Ауызды ашып, тілді төменгі ерінге қойып: «пя–пя–пя…» деп айтқызу.
Содан соң ауыз ашық күйде, тіл жалпақ қалпында 1-ден 5-ке дейін санап ұстап тұру.
«Тісімізді тазалайық»
Ауызды сәл ашып, жымиып тістерді көрсетеміз. Тіл ұшын оңға-солға, жоғары-төмен жылжытып, астыңғы тістерді «тазалаймыз».
Оқушы артикуляциялық жаттығуларды мұғалімнің көрсетуімен орындайды.
2) Тыныс алу жаттығулары
Барлық әрекеттер компьютер арқылы көрсетіледі.
Сұхбаттық кіріспе
— Орман қандай әдемі!
— Мыналар нелер?
— Гүлдер.
— Оған не қонып тұр?
— Көбелектер.
Жаттығулар
- «Көбелекті ұшыр»
- «Гүл»
Оқушы тыныс алу жаттығуларын орындайды.
3) «З» дыбысына артикуляциялық сипаттама
Осы сәтте Диего тембіршегін жоғалтып алады. Оған тембіршекті табуға көмектесеміз. Орманда келе жатып, Диегоның алдынан сынып қалған бұтақ кездеседі — оны орнына қоюға көмектесейік.
Сұрақ-жауап
— Маса қалай дыбыс шығарады?
— З-з-з-з-з.
— «З» дыбысын айтқанда ерін, тіс, тіл қалай орналасады?
Айнаға қарап айтып көреміз.
Артикуляция ерекшеліктері
- Ерін: күлкіге тән, сәл керіледі.
- Тіс: жақындасқан қалыпта болады.
- Тіл: ұшы төменгі тістердің артында тұрады.
- Дауыс перделері: бірігіп, тербеліске түседі.
- Ауа ағыны: жылы.
Дыбыс түрі
Дауыссыз
Айтылуы
Созылмайды, кедергіге ұшырайды
Белгіленуі
Көк текше
4) Дыбысты жеке айтуға машықтандыру
«Мен бастаймын, сен аяқтайсың» ойыны: оқушы «З» дыбысын қосып, сөзді аяқтайды.
5) Дыбысты буындарда айтуға машықтандыру
«Көлшіктен өту» үшін төмендегі буындарды оқып, қайталаймыз:
Қайталау
за-за-за · зо-зо-зо · зу-зу-зу
Қайталау
аз-аз-аз · уз-уз-уз · із-із-із
Буын тізбектері
аза · озо · узу · ыза
6) Сергіту сәті
«Орманда жел тұрды» — мұғаліммен бірге қимыл-қозғалыспен орындаймыз:
Жел уледі — у-у-у
Құйын келіп биледі — зу-зу-зу
Қатты-қатты жел соқты — гу-гу
Жапырақтар қол соқты — ду-ду
Билеп кетті қалтырап — пах-пах
7) Дыбысты сөздерде айтуға машықтандыру
«Көпірден өту» үшін суреттерді атап, «з» дыбысының бар-жоғын анықтаймыз.
Оқушы суреттерді дұрыс атап, дыбыс бар болса оны айқын айтып көрсетеді.
8) Дыбысты сөз тіркесінде айтуға машықтандыру
Берілген сөздерге сипаттама беріп, сөз тіркесін құрастырамыз.
Үлгі: «Терезе қандай?» — таза терезе.
Оқушы әр сөзге лайық сын есім таңдап, «з» дыбысының анық айтылуына назар аударады.
9) Дыбыстық талдау
«Орманнан қайту» үшін поездға мінеміз: суреттерді атап, дыбыстық талдау жасаймыз және сәйкес вагондарға орналастырамыз.
Қарбыз
Дыбыстық талдау
Зымыран
Дыбыстық талдау
Қазан
Дыбыстық талдау
III. Қорытынды кезең
1) Қорытынды сұрақтар
- Бүгінгі сабақта қай дыбысты дұрыс айтып үйрендік?
- «З» дыбысын айтқанда ерін, тіс, тіл қандай қалыпта болады?
- «З» дыбысы қандай дыбыс?
Оқушы сұрақтарға өздігінен жауап береді.
Кері байланыс
— Жарайсың! Сен бүгінгі сабаққа өте жақсы қатыстың.
2) Бағалау және қоштасу
— Диего тембіршекті табуға көмектескенің үшін саған сыйлық қалдырды.
— Сау бол!
— Сау болыңыз!