Біреу озып келеді қатарынан, Біреу мініп жатқанда аптығыста

«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» зияткерлік ойыны (6–8 сынып)

Жалпы білім беретін Оян орта мектебі • Ұйымдастырушы: Н. О. Муханбетжанова

Мақсаты (білімділік)

Оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыру.

Мақсаты (тәрбиелік)

Өзара жолдастық көмекке, ойын нақты әрі тиянақты жеткізуге үйрету; шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа баулу.

Мақсаты (дамытушылық)

Зеректік, тапқырлық және логикалық ойлау қабілетін дамыту.

Түрі

Сайыс

Көрнекілігі

PowerPoint презентациясы, математика туралы ақын-жазушылардың қанатты сөздері.

Кіріспе (мұғалім сөзі)

Ойын — толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста.

Ойын — толқын, жатқандай асып-тасып,
Біреу мығым, біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсең де, жеңілсең де қалма жасып.

1) Танысу сәті

Қатысушылар команда атауын, ұранын және мүшелерін таныстырады. Мақсат — ұйымшылдық пен сахналық мәдениетті көрсету.

2) Қас-қағым сәт

Жедел сұрақтар (20 тапсырма)

  1. 1. Қосылғыштардың орнын ауыстырғанмен не өзгермейді?
  2. 2. Жай бөлшекті қалай көбейтеміз?
  3. 3. Пропорция дегеніміз не?
  4. 4. Оң санға да, теріс санға да жатпайтын сан қайсы?
  5. 5. Кез келген санның нөлмен қосындысы неге тең?
  6. 6. Бүтін сандар жиынына қандай сандар жиыны кіреді?
  7. 7. Жай бөлшектерді қалай бөлеміз?
  8. 8. Оң санның модулі неге тең?
  9. 9. Бұрыш дегеніміз не?
  10. 10. Қарама-қарсы сандардың қосындысы неге тең?
  11. 11. Оң сан мен теріс санның қайсысы үлкен?
  12. 12. Аралас сан дегеніміз не?
  13. 13. Доғал бұрыш дегеніміз не?
  14. 14. Рационал сандар жиынына қандай сандар жиыны жатады?
  15. 15. Сүйір бұрыш дегеніміз не?
  16. 16. Рационал сандарды қосу дегеніміз не?
  17. 17. Рационал сандарды көбейту дегеніміз не?
  18. 18. Рационал сандарды бөлу дегеніміз не?
  19. 19. Рационал сандарды азайту дегеніміз не?
  20. 20. Санның модулі дегеніміз не?

3) Ойлан, тап

1. Логикалық тапсырма (фигуралар мен түстер)

Үстелде үшбұрыш, ромб, дөңгелек және квадрат қатар жатыр. Түстері: жасыл, сары, көк, қызыл. Егер қызыл түсті фигура жасыл және көк түстің арасында жатса; сары фигураның оң жағында ромб жатса; дөңгелек үшбұрыш пен ромбтың оң жағында орналасса; үшбұрыш шетте жатпаса және көк түсті фигура сары түсті фигураның қасында жатпаса — фигуралардың орналасу ретін және әрқайсысының түсін анықта.

Жауабы: сары квадрат, жасыл ромб, қызыл үшбұрыш, көк дөңгелек.

2. Кезек тәртібі (кино билеті)

Киноға билет алу үшін Нұрлан, Мақсат, Қанат, Омар және Асан кезекте тұр. Нұрлан билетті Мақсаттан бұрын, бірақ Асаннан кейін алады. Қанат пен Асан қатар тұрмайды, ал Омар Асанмен де, Нұрланмен де, Қанатпен де қатар тұрмайды. Кезектегі орналасу ретін анықта.

Жауабы: Асан, Нұрлан, Қанат, Мақсат, Омар.

3. Сан құрастыр

15 санының оң және сол жағына бір-бір цифрдан тіркеп жаз. Сонда шыққан сан 15-ке бөлінетін болсын.

4. «Бұл қай ғалым?»

  1. 1) Француз оқымыстысы, философ әрі математик. Оң және теріс сандар туралы түсінік енгізіп, тікбұрышты координаталар жүйесін сипаттаған ғалым.
  2. 2) Германияда туған. Мұғалім 1-ден 100-ге дейінгі натурал сандардың қосындысын табуды тапсырғанда, бір оқушы 5050 деп жауап берген. Кейін ол әлемге әйгілі математикке айналған.
  3. 3) Бөлу амалының (:) таңбасын енгізіп, пропорцияны қазіргіше жазуды ұсынған неміс физигі, өнертапқыш әрі математик.

5) Кім жылдам?

1. Пойыздағы бос орын

Пойыз құрамында 10 вагон, әр вагонда 50 орын бар. Егер пойызда 300 жолаушы болса, қанша бос орын қалады?

2. Ұлудың қозғалысы

Ұлу күн сайын қабырғамен 7 м жоғары өрмелейді, ал түнде 4 м төмен түседі. Биіктігі 19 м үйдің төбесіне (жерден бастап) неше күнде жетеді?

3. 1-ден 99-ға дейінгі жазбадағы «5» саны

1-ден 99-ға дейінгі барлық сандар қатарынан жазылған. 5 цифры неше рет кездеседі?

4. Қабатқа көтерілу

5-қабатқа шығу үшін 80 басқыш көтерілу керек. 3-қабатқа көтерілу үшін неше басқыш көтересіз?

5. «Ғажайып алаң» (мақал-мәтелді толықтыр)

....... жақсы қас болмас, ....... жаман дос болмас.
Досыңды ....... күн сынама, ....... жыл сына.
Білгенің бір ......., білмегенің .............
....... рет айтқанмен, ....... рет көрсеткен артық.
........ ала болса ауыздағы кетеді, ...... түгел болса төбедегіге жетеді.

6) Полиглот

1. Уақыт үлестері

а) Бір тәулік аптаның қандай бөлігін құрайды?
ә) Бір ай жылдың қандай бөлігін құрайды?
б) Бір жыл ғасырдың қандай бөлігін құрайды?

2. Сабақ уақыты

Бір сабақтың ұзақтығы 45 минут. Бір сабақ 1 сағаттың қандай бөлігін құрайды?

7) Кім алда?

Қорытынды кезең: ұпайларды есептеу, шешуші сұрақтар арқылы жеңімпазды анықтау.

Әділқазылар алқасы

Әр кезең бойынша бағалау жүргізіп, нәтижені жариялайды.

Бағалау

Ұпай саны, жауаптың дәлдігі, уақытты тиімді қолдану және командалық жұмыс ескеріледі.

Педагогикалық ұстаным

Ағылшын ағартушысы Уильям Уорд:
«Жай мұғалім хабарлайды; жақсы мұғалім түсіндіреді; керемет мұғалім көрсетеді; ұлы мұғалім шабыттандырады».