Компьютердің еске сақтау құрылғысы

Пән

Микропроцессорлық техника негіздері

Сабақтың тақырыбы

ЭЕМ архитектурасы мен функционалды принциптері. ДК техникалық сипаттамалары

Сабақтың типі

Аралас сабақ

Сабақтың түрі

Теориялық сабақ

Пәнаралық байланыс

Информатика

Оқыту әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ-жауап

Оқыту құралдары

  • Интерактивті тақта
  • Дербес компьютер және оның құрылғылары
  • Карточкалар

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

Білім алушыларды дербес компьютермен, оның негізгі блоктарымен және олардың міндеттерімен таныстыру. ЭЕМ мүмкіндіктерін көрсету.

Дамытушылық

Компьютерді тереңірек меңгеруге ынталандыру, оған қызығушылықты арттыру және жалпы ойлау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Адамгершілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге, тазалыққа, жауапкершілікке және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Дәрісхана тазалығын тексеру
  • Білім алушыларды түгендеу
  • Сабақты ұйымдастыру

2) Үй тапсырмасын сұрау

Тапсырма: Процессор туралы дұрыс тұжырымдарды белгіле

Бұл — компьютердің ең басты бөлігі.

Бұл — компьютердің қосымша құрылғыларының бірі.

Бұл — компьютердің «миы».

Компьютердің барлық жұмысын басқарады.

Деректер мен бағдарламаларды ұзақ уақыт сақтайды.

Бағдарлама командаларын орындайды және таниды.

Бір құрылғыдан басқа құрылғыға деректер беруді қамтамасыз етеді.

Жадпен бірге жұмыс істейді.

Компьютердің кез келген әрекетіне қатысады.

Аналық тақшада орналасады.

Компьютерге контроллер арқылы қосылады.

Көптеген сымдардан тұрады.

Ол — басты микросхема.

Шапшаң әрекеттілігімен сипатталады.

Ескерту: Бұл бөлім оқушының білімін тексеруге арналған.

3) Жаңа тақырыпты меңгерту

Конспект №3 бойынша: ЭЕМ архитектурасы мен функционалды принциптері, ДК техникалық сипаттамалары.

4) Бекіту

1-тапсырма: Техникалық диктант

  1. Процессор — компьютердің негізгі ..................................
  2. .................................. (ОЗУ) немесе Random Access Memory мәліметтерді қысқа мерзімге сақтау үшін қызмет етеді.
  3. .................................. — мәліметтерді ықшам дискілерге жазуға және оқуға мүмкіндік береді.
  4. Процессордың ішкі ұяшықтары .................................. деп аталады.
  5. .................................. — мәтіндерді енгізу, сақтау, қарап шығу, түзету, пішімдеу және қағазға басып шығаруды қамтамасыз ететін программалық құралдар.

2-тапсырма: Жедел жадтайтын құрылғы (ЖЖҚ) туралы

ЖЖҚ үшін дұрыс бес пайымдау жазыңыз:

  1. Бұл — компьютердің ішкі жады.
  2. ..................................................................
  3. ..................................................................
  4. ..................................................................
  5. ..................................................................

5) Сабақты қорытындылау

Білім алушылардың жұмысы талданып, бағаланады.

6) Үй тапсырмасы

Тақырыпты оқу: 5-бет.

Пән: «Микропроцессорлық техника негіздері», М. Айтбаева.

Конспект: №3.

Конспект №3: ЭЕМ архитектурасы мен функционалды принциптері

ЭЕМ құрылымы

Компьютер құрылымы — оның функционалдық элементтері мен олардың арасындағы байланыстардың жиынтығы. Кез келген компьютердің құрылымы ортақ логикалық принциптерге негізделеді және негізгі құрылғылардан тұрады.

Негізгі құрылғылар

  • Орталық процессор — басқару құрылғысы мен арифметика-логикалық құрылғыдан тұрады; барлық есептеу және ақпарат өңдеу жұмыстарын орындайды. Негізгі сипаттамалары: әрекет тездігі (1 секундта орындалатын амалдар саны) және разрядтылығы.
  • Жад (есте сақтау құрылғысы) — бағдарламаларды, мәліметтерді және жұмыс нәтижелерін сақтау үшін арналған.
  • Енгізу/шығару құрылғылары — ЭЕМ жадысына ақпарат енгізуді және оны сыртқа шығаруды, яғни сыртқы ортамен ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
  • Қосымша құрылғылар — компьютердің мүмкіндіктерін кеңейтетін перифериялық компоненттер.

Ерекше назар: «Процессор не істейді?»

  • Берілген бағдарлама бойынша мәліметтерді өңдейді (арифметикалық және логикалық операциялар).
  • Компьютер құрылғыларының жұмысын бағдарламалық түрде басқарады.

Микропроцессор (МП) және оның құрамы

Микропроцессор — компьютер бөліктерінің жұмысын басқаруға, сондай-ақ ақпаратқа логикалық және арифметикалық операциялар орындауға арналған орталық бөлік.

Микропроцессор құрамы

  • Басқару құрылғысы (БҚ)
  • Арифметика-логикалық құрылғы (АЛҚ)
  • Микропроцессорлық жад (МПЖ)
  • Микропроцессордың интерфейстік жүйесі

Микропроцессорлық жад (МПЖ)

Көлемі үлкен емес, бірақ өте жылдам жады. Ақпаратты іздеу, жазу және оқу уақыты наносекундпен өлшенеді. Негізгі қызметі — ақпаратты уақытша сақтау.

Басқару құрылғысы (БҚ): негізгі ұғымдар

Басқару құрылғысы — компьютердің ең күрделі құрылғыларының бірі. Ол кодтық шиналар арқылы машинаның барлық блоктарына берілетін басқару сигналдарын қалыптастырып, өңдейді.

Бұйрық регистрлері

Операцияға қатысатын бұйрықтардың кодтары, орындалатын операция коды және операндтардың адрестері сақталатын еске сақтаушы регистрлер.

Операция дешифраторы

Регистрден келіп түскен операция коды бар бұйрыққа сәйкес көптеген шығу ұяларының бірін таңдайтын логикалық блок.

Арифметика-логикалық құрылғы (АЛҚ)

АЛҚ ақпаратты түрлендірудің логикалық және арифметикалық операцияларын орындауға арналған.

Қосқыш

Екілік кодтарды қосатын есептеуіш схема.

Регистрлер

Әртүрлі ұзындықтағы жылдам орындалатын жад ұяшықтары.

Жадтың функциялары

Қабылдау

Басқа құрылғылардан ақпаратты қабылдайды.

Сақтау

Ақпаратты есте сақтайды.

Беріп жіберу

Құрылғылардың сұранысы бойынша ақпаратты береді.

Жүйелік шина

Жүйелік шина — компьютердің барлық құрылғыларының өзара байланысын қамтамасыз ететін негізгі интерфейстік жүйе.

Мәліметтер шинасы

Деректерді тасымалдайды.

Адрес шинасы

Қай ұяшыққа/құрылғыға қатысатынын көрсетеді.

Басқару шинасы

Командалар мен басқару сигналдарын жеткізеді.

Қоректену шиналары

Қуат беруді қамтамасыз етеді.

Есте сақтау құрылғылары: ішкі және сыртқы жад

Ішкі жад

  • Жедел жад
  • Кэш жад
  • Арнайы жад

Сыртқы жад

  • Қатты магниттік дискілер
  • Иілгіш магниттік дискілер
  • Компакт-дискілер
  • Магниттік-оптикалық компакт-дискілер
  • Магниттік ленталар